Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен
Қазақстан. 18 қаңтар 2014.
2. Государственная программа развития здравоохранения Республики
Казахстан «Денсаулық» на 2016-2019 годы. // Казахстанская правда.
25 октября 2018.
3. Қожахметова К.Ж. Қазақ этнопедагогикасы: методологиясы,
теориясы, практикасы. – Алматы, 1998. – 380 б.
ӘОЖ 37.035.6:378.14
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨПТІЛДІ ТОБЫНДА ҰЛТТЫҚ
САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Төлегенова Б.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті, 2 курс магистранты
Полиэтникалық Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігінің
негізінде этностардың ұлттық сана-сезімі арта түсті, мұның өзі
этностық қоғамның осы ажырамас бөлігін зерттеу қажеттілігін
көрсетеді. Ізгілікті демократиялық қоғам моделіне сәйкес келетін
ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда білім беру жүйесі жетекші рөл
136
атқарады. Зерттеліп отырған проблеманың көкейкестілігі қоғам
дамуының қазіргі кезеңінде мынадай бірқатар себептерге байланысты
екенін айту қажет: болашақ зиялылардың ынталы бөлігі ретінде
студенттердің ауыспалылығы; олардың бұқаралық мәдениет әсеріне
бой ұруы; тұтас алғанда қоғамда рухани мәдениет деңгейінің
төмендеуі; жас ұрпақтың құндылық бағдарының ауысуы; студентті
тұлға әрі маман ретінде тәрбиелеу процесінде ұлттық рухани
құндылықтарға бет бұрудың маңыздылығы.
«Ұлттық сана-сезім» феноменін ғылыми зерттеулер, оның қоғам
дамуындағы рөлі және мәні ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық өзгерістерінен және адамдардың санасындағы сапалы
өзгерістермен,
ойлаудың
жаңа
типін
қалыптастыруымен
анықталатынын көрсетіп отыр.
Ұлттық сана-сезімді түсіну үшін сана-сезімнің табиғатын, оның
мәнін қарастыру қажет. «Философиялық сөздікте» сана-сезім
ұғымына мынадай анықтама берілген: объективті дүниеден өзін
бөлуі, өзінің дүниеге деген, өзін тұлға ретінде, өзінің қылықтарын,
әрекетін, ойларын, сезімдерін, мүдделерін және қызығушылықтарына
деген қатынасын ұғыну және бағалау [1,213 б.]. Осыған орай, егерде
сананы адамның ойлау, ой жүгірту және шындыққа өзінің қатынасын
анықтай алады деп дәстүрлі түрде түсінілсе, ал сана-сезім өзін тануға
бағытталған.
Ғылыми еңбектерді талдау көптеген ғалымдардың ұлттық сана-
сезімінің негізгі құрылымдық компоненттеріне ұлттық сәйкестікті,
тұлғаның өзі және өзінің қауымдастығы, тарихы, тілі, мәдениеті және
басқа да ұлттық құндылықтар туралы түсініктері (танымдық
компонент);
тұлғаның
эмоционалдық-психологиялық
бағыт-
талғандығы: ұлттық сезімдері, сенімдері, көзқарастары, эмоциялары
және
т.б.
(адамгершілік-эмоционалдық
компонент);
ұлттық
құндылықтарды қабылдау, оларға ұғынушылық қатынас, тұлғаның
этноспен этностық ішкілік байланыстарының әрекеті (мінез-құлықтық
компонент).
Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие жұмысының қазіргі күйінің
нәтижелері
және
талдауы
студенттердің
сана-сезімін
қалыптастырудың ұстанымдар жүйесін, педагогикалық шарттарын
анықтаудың
қажеттілігін
көрсетеді.
Біз
Л.А.Альшевская,
Ф.Ф.Харисов, З.Ф.Мүбиновтың еңбектерін басшылыққа ала отырып,
студенттерде сана-сезімді қалыптастырудың мынадай ұстанымдарын
ұсынамыз: студенттердің ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың
процесіне жүйелілік, кешенді, тұлғалық-әрекет ұстанымы; студенттік
контингенттің ұлттық-өңірлік ерекшеліктерін есепке алу ұстанымы;
тәрбиелеу және оқытуда ұлттық-мәдени элементтеріне сүйене отырып
137
«оқытушы-студент» жүйесіндегі өзара әрекетті белсендету ұстанымы;
оқу пәндерінің ақпараттық аясында ұлттық және өзге ұлттарды тең
дәрежеде ұштастыру ұстанымы; студенттердің жеке ерекшеліктерін,
жастық, ұлттық және кәсіби ерекшеліктерін есепке алу ұстанымы;
әртүрлі ұлттардың және конфессиялардың өкілдерінің өзара
қатынасындағы жағымдыға сүйену ұстанымы.
Студенттерде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда мынадай
педагогикалық шарттарды орындаған абзал: оқыту-тәрбиелеу
процесін студенттердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда, оның
үш компонентінің негізінде педагогикалық әсер етуге бағыттау:
танымдық, адамгершілік-эмоционалдық және
мінез-құлықтық;
студенттердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда жоғары оқу
орнының оқу-тәрбиелеу процесіне жүйелі, кешенді, тұлғалық-
әрекеттік, мәдениеттану және этнопедагогикалық тұрғының жүзеге
асырылуы; студенттердің тұлғасында ұлттық сана-сезімді қалып-
тастыруға қажетті ұлттық-мәдени элементтермен педагогикалық
пәндердің мазмұнын толықтыру; студенттерді педагогикалық әсердің
объектісінен белсенді субъектісіне ауыстыру [2].
Жаһандық экономиканың және әлемдік саясаттың қазіргі заманғы
даму үрдісі жаңа қауіп қатерлер туғызып отыр. Осыған орай, оларға
төтеп беру үшін Қазақстан халқының бірлігін, ұйымшылдығын және
отансүйгіштігін одан әрі нығайтуды талап етеді.
Соңғы жылдардағы ұлттық сана сезімге байланысты
қабылданған құжат Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту
және дамыту тұжырамдамасы [3]. Ол 2015-2025 жылдар аралығында
жүзеге асрылуға бағытталған. Осы тұжырымдаманың қабылдау
қажеттілігі «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған
қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты
қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші
бағытының міндеттерімен негізделген.
Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасында мынадай жолдар бар:
«Қазақстандық бірегейлік» элективті курсы әзірленеді және жалпы
білім беретін мектептер мен ЖОО-ның оқу процесіне енгізіледі» [4].
Осыған орай, жоғары оқу орнында «Қазақстандық бірегейлік»
элективті курсының силлабусын даярлап отырмыз.
Қазіргі таңдағы тәуелсіз Қазақстанның болашағы дарынды,
білімді, іденімпаз жас ұрпаққа байланысты. Осыған орай, еліміздің
жоғары білім беру жүйесі барлық қоғамның дамуын қамтамасыз етуге
қабілетті, білімді қалыптастырушы әлеуметтік институт болып
138
табылады. Демек, жоғары оқу орнының алдында Қазақстан
Республикасының
қазіргі
әлеуметтік-мәдени
жағдайының
сұранысына сай жаңа типті азамат және өз ұлтының патриотын кәсіби
ғана емесзгермелі қоғам жағдайында шығармашылықпен өзін-өзі
анықтауға бейім, жаңашылдыққа талпынатын және жауапкершілік
сезімі дамыған, әлеуметтік құзыретті тұлғаны қалыптастыру міндеті
тұр.
Жастарда ұлттық сана – сезімді қалыптастыру әр болашақ
маманның өз Отанына – Қазақстан Республикасына деген саналы
қатынасын, мемлекеттік тілді, мемлекет құраушы ұлттың ұлттық
мәдениетін меңгеруді, мемлекеттік ұлттың бірлігін нығайту
қажеттілігін түсінуді қалыптастыру қажет.
Элективті
курс
алдына
мынадай
міндеттер
қойылды:
студенттерді қазақстандық бірегейлік пен бірлік туралы теориялық
білімдермен қаруландыру, байыту, әртұрлі этностардың өкілдерінде
ұлттық сана-сезімдерінің мәні туралы түсінік қалыптастыру,
қазақстандық бірегейлік пен бірлік аясында студенттердің
практикалық әрекет тәжірибесін кеңейту. Кәсіптік білім беру
жүйесінде бұл элективті курстың алатын орны, оның міндеттері
анықталды, яғни болашақ мамандарда қазақстандық бірегейлік пен
бірлікке сәйкесті білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды
интеграциялау.
Арнаулы курс 30 сағат бойы дәрістер мен семинарларды, өздік
жұмыс жүргізуге есептелген. Мұнда студенттер қазақстандық
бірегейлік пен бірлік бойынша өздерінің теориялық білімдерін
тереңдетіп қоймай, сонымен бірге практикалық сабақ процесінде,
зерттеушілік астарда алған білімдерді практикада бекітуге жағдай
туғызылады. Барлық элективті курстың 2/3 уақытын оқушылардың
практикалық жұмысына бөлінуі қажет, яғни мәселелік әңгімелер,
семинарлар, жағдайлық және рөлдік ойында, практикумдар,
конференциялар және т.б.
«Қазақстандық бірегейлік» элективті курсының тақырыптық жоспары
№
Тақырып аттары
Сағат сандары
Лекция
Ожсөж
1.
Кіріспе
1
1
2.
Қазақстан
қоғамындағы
көпэтносты
және
көпконфессиялы ахуалды талдау
2
2
3.
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы
әлемдік тәжірибе
2
2
139
4.
Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және
дамыту тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері
3
3
5.
Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері
3
3
6.
Қазақстан халқы Ассамблеясының көпэтносты қоғамды
қалыптастырудағы жұмысы
2
2
7.
Күтілетін нәтижелер
2
2
Сабақтарды тек қана жоғары оқу орнының оқытушылары
жүргізіп қоймай, сонымен бірге қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан
халқы Ассамблеясының өкілдері де практикалық сабақтарды
жүргізуге тартылды.
Студенттердің элективті курс бойынша білімдерді, іскерліктерді
және дағдыларды сапалы меңгеру процесін ұйымдастыру үшін, оның
әдістемесін жасадық, оған дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту
әдістерін, басқа этностың өкілдерімен өзіндік қарым-қатынасына,
бақылаудың
нәтижесіне,
зерттеушілік
жұмыстан
алынған
жадығаттарға негізделген бірқатар оқу міндеттерңн енгіздік.
Студенттерге дәрістің материалдары жалаң түрде баяндалып
қоймай, мәселелік дәріс түрінде де берілді. Элективті қурстың
дәрістік бөлімі қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, қазақстандық
бірегейлік пен бірліктің барлық қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық, мәдени-рухани негіздері, этносаралық қарым-қатынас
мәдениеті аясындағы теориялық білімдермен қаруландырды.
«Қазақстан қоғамындағы көпэтносты және көпконфессиялы
ахуалды талдау» атты бірінші тақырыптың мазмұны студенттерге
белгілі бір дәрежеде белгілі болғандықтан біз оны мәселелік дәріс
түрінде өткіздік. Дәрісті бастамас бұрын студенттерге бірқатар
сұрақтарға жауап беруді өтіндік. Атап айтқанда, «еліміздің
көпэтносты және көпконфессиялы болу себептері», «Қазақстанда
қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалай
жасалуда?», «Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық
қатынастардың
ерекшелігі
неде?»,
«Қазақстан
халқы
Ассамблеясының этносаралық қатынасты реттеудегң ролін қалай
бағалайсыз?» және т.б.
«Тұлғаны этникалық әлеуметтендіру» сұрағының мазмұны
студенттердің топ ішіндегі және этносаралық қарым-қатынастағы
қалыпты жағдайдың шарты ретінде өзінің этностармен сәйестілігінің
қажеттілігін саналы түсінуіне бағытталады. Ол мәдени қоршаудағы
мінез-құлық
таптаурындары
мен
қатынастарды,
мәдениетті,
құндылықтарды, норманы меңгеру арқылы басқалардың тарихынан,
140
мәдениетінен, тілі мен ділінен өзгеше ел өз халқымен бірлікте болу
сезімін дамытуға мүмкіндік туғызады.
Ұлттық сана-сезімге бағдарланған тұлға болмысының мазмұны
студенттердің «тұлға», «ұлттық сана-сезім», «жалпыадамзаттық
құндылықтар», «ұлттық құндылықтар» ұғымдарының мәнін түсінуге;
ұлттық құндылықтарды адамгершілік тұрғылан санала түсінуге
мүмкіндік туғызатын білімді, Қазақстан Республикасының жетекші
этносы, ұлты ретінде қазақ халқының мәдениетін, өзінің тілін және өз
этносының мәдениетін меңгеруге мүмкіндік береді.
Дәріс-әңгімелер, белсенді оқыту әдістері пікірлердің ауқымын
кеңейтуге, студенттерді сұрақтарды талқылауға кеңінен қатыстыруға,
қарастырып отырған сұрақтар бойынша студенттердің білімін және
тәжірибесін қолдануға септігін тигізді.
Элективті курстың дәрістік бөлімі қазақстандық бірегейлік пен
бірліктің теориялық негіздерімен қаруландырды, дегенмен оқыту
процесінің көптеген бөлімі семинар және практикалық сабақтарда
жүзеге асырылды, себебі біз жасаған элективті курстың бағдарламасы
практикалық бағытталып, сабақтарының едәуір санына есептелінді.
«Қазақстандық бірегейлік» элективті курсының аясында
мәселелік пікірталастар, диспуттар, конференциялар өткізілді. Оқыту
формаларында
өмірден
алынған
жағдаяттар
талданылды,
шығармашылық тапсырмалар орындалды.
Тақырыптар бойынша зеррттеушілік жұмыспен айналысуды
ұйымдастырдық.
Алынған
жадығаттарды
мына
сұрақтарды
талдағанда пайдаланылды: басқа этностың өкілдерімен қарым-
қатынасқа түсу іскерлігі, бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың
жолдары,
жоғары
мектептерде
ұлттық
тәрбиені
ендірудің
педагогикалық-ұйымдастыру жағдайлары және т.б.
Студенттерге өздігінен практикалық сабақтарды өткізуге
мүмкіндік берілді. Бұл оларда бірлік пен келісімнің «Бірлік –
әралуандылықта», «Бір ел – бір тағдыр» сияқты тұғырлы
қағидаттарды түсінгендігін және меңгергендігін көрсетті. Элективті
курсты жүргізу барысында әдебиеттерді пайдаланып, басқа этностың
адамдарымен қарым-қатынастың тәжірибесіне сүйене отырып
студенттер бақылау жұмысын орындады.
Оқыту формаларын қолдану барысында көрнекілік кеңінен
қолданылды, яғни кестелер, сызбалар, диаграммалар, географиялық
калталар және т.б.
Оқыту процесінде әдеттегі формалар, яғни дәріс, семинарлар,
бақылау және практикалық тапсырмалармен қатар білім беру
процесінде дәстүрлі емес оқыту формалары қолданылды. Жұмыс
141
практикасы дәстүрлі емес оқыту формалары мыналарға жағымды
септігін тигізді:
- элективті курстың тақырыптарына қызығушылығын және
танымдық белсенділігін арттыруға;
- студенттердің
этносаралық
диалогқа
және
жағымды
этносаралық мәдени байланысқа психологиялық даяр болуға;
- студенттердің
субъект-объектілік
қатынастар
саласынан
субъект-субъектілік салаға ауысуға мүмкіндік туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: |