Тәй-тәй” технологиясының мақсаты:
Жас бүлдіршіндерді жасытпай оқыту, сенімсіздік комплекстерін жою;
Мектеп ішінде әміршілік пен өктемдікті қажет етпейтін құрылымды қолдау;
Баланың өзіндік “Менің” анықтауға көмектесу;
Балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;
Балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
•
Балалардың бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру;
•
Балалардың қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту;
•
Балалардың адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен
таныстыру.
Білім, білік дағдылары:
•
Өзара сыйластықты түсіне білуге қабілетті;
•
Айналасындағыларды ұнатып,жақсы көре біледі;
•
Жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады;
•
Шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;
•
Сабырлы болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді .
«Тәй-тәй» технологиясының негізін қалаушы М.Мантессори.
Мантессори педагогикасының негізі-арнайы орта құрып, онда баланың өзін-өзі
дамытуына ықпал жасау. М Мантессори: «Баланың өсіп жетілуі үшін не қажет?» -
деген сұрақ қойып, оның қажеттілігі, өзіне қызмет етуге, өзін-өзі дамытуға деген
ұмтылыс болып табылатынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп берген. Сондықтан
баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады.[3]. Дамытушылық
ортасы дегеніміз-балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды
материалдар ашық қолжетімділікте болатын, педагог жасаған зат-кеңістік ортасы,
ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке
қарқынмен дамуға мүмкіндік береді.
“Step by Step” технологиясын насихаттау үшін тәрбиешіге қажетті қасиеттер.
•
Жылылық;
•
Түсінгіштік;
•
Сезімталдық;
•
Кең ойлай алу;
•
Баланы шабыттандыра білу;
•
Бала адам ретінде қадірлі болу;
•
Сабағының қызықты әрі пайдалы болуы;
•
Шығармашылық ізденісі;
Балалар қандай қасиеттерді бойларына сіңіреді
•
Сын тұрғысынан ойлай білу;
•
Мәселе қою және оны шеше білу;
•
Өз ойын жеткізе білу және сұрақтарына жауап таба білу;
•
Әр іске шығармашылықпен қарау.
•
Балалар нені үйренеді:
•
Шынайы ойлай білу;
•
Проблемаларды шешу;
192
•
Өз ойын айта білу;
•
Өзінің сұрағына жауап білу.
Бала бақшада қанша белсенді орталықтар болуға тиісті
•
Әдебиет
•
Математика
•
Желілі-рольді ойын
•
Ғылым
•
Құрылыс
•
Су мен құм
•
Сауат ашу
•
Қол ойындары (үстел-үсті ойындар, ойыншықтар)
•
Өнер
Құрылыс орталығы
Мақсаты:
Сезім, ойлау қабілеттерін дамыту. Әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту,
ептіліктерін дамыту, математикалық ұғымдарды дамыту (салмақты, биіктікті, түрлі
пішіндерді салыстыру). Шығармашылық және шешім қабылдай білу қабілеттерін
дамыту.
Әдебиет орталығы
Мақсаты:
Балалардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамыту. Кітапқа деген құрмет
пен қызығушылығын арттыру. Оқуға дайындықтарын дамыту (солдан оңға,
жоғарыдан төменге қарай оқу) Елестету және зейін қою дағдыларын дамыту. Сөздік
қорларын молайту.
Өнер орталығы
Мақсаты:
Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту (мүсіндеу, сурет, жапсыру). Сезім мен
өнерді
түсінуге
тәрбиелеу.
Өнермен
шұғылдануға
қажетті
құралдарға
жауапкершілікпен қарауға үйрету. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Майда қимыл-
қозғалыстардың нақтылығын дамыту.
Өзіндік шығармашылық қасиеттері арқылы (сурет салу, жапсыру, мүсіндеуді)
дамыту.
Ғылым орталығы
Мақсаты:
Байқау және ажырату қабілеттерін дамыту. Әртүрлі эксперименттер жасау және
зерттеу жұмыстарымен айналысу арқылы түсініктерін дамыту. Қоршаған ортаны
қабылдап, оған деген құрмет сезімін дамыту. Өсімдіктер мен жанжануарларды күту
мүмкіндігімен
қамтамасыз
ету.
Болашақта
физика,
химия,
биология,
геология,астрономия, жаратылыс тану сияқты ғылымдарды оқып-үйренудің негізін
бүгіннен қалау. Қызығушылық пен ізденісті қалыптастыру.
Желілі-рольді ойындар
Мақсаты:
Әр түрлі рольдермен танысуға мүмкіндік туғызу. Әлеуметтік қарым-қатынастарды
дамыту. Қолдың ірі және майда қимылдарын жетілдіру. Өзін қоршаған ортаны
жақсы түсіну және баға бере білу қабілеттерін қалыптастыру. Көзбен көріп, ажырата
білу қабілеттерін дамыту.
Оқу орталықтары мынандай критерийлер бойынша құрылады:
•
Әр орталықтың өзінің нақты шекарасы болуы керек, ол үшін әртүрлі сөрелер,
шкафтар, тумбалар, шымылдықтар мен оқу материалдары салынған кәрзеңкелерді
193
пайдалануға болады, бірақ олардың барлығының баланың бойынан биік болмауын
есте ұстаған жөн;
•
Орталықтар балалардың жұптасып немесе аз топпен жұмыс жасауына қолайлы
болуы қажет. Былайша айтқанда, орталық 5-6 немесе 7-8 бала сиятындай орын алуы
керек;
Орталықтар балалар және үлкендер еркін қозғала алатындай ыңғайлы
орналасуы тиіс;[4].
•
Әр орталықтың өз белгісі мен ережесі болуы қажет. Ережелерді мұғалімдер
балалармен бірлесе отырып құрады;
•
Топта оқушылардың жиналатын орны болуы міндетті, ол жер жайлы, әрі
төсеніші болғаны дұрыс;
•
«Шулы» орталықтардың «тыныш» орталықтардан аулағырақ орналасуын
қадағалаңыз;
•
Топта үстелдер мен орындықтар саны жеткілікті болуы қажет;
Ғылым орталығы
Өлшеуіш құралдар
•
түрлі сызғыштар
•
таразы
•
термометрлер
•
барометрлер
•
мөлшерлік ыдыстар
•
Табиғи материалдар
•
өсімдіктер
•
жануарлар мен құстар
•
аквариумдағы балықтар
•
түрлі тастар
•
құм, топырақ
•
жіптер
•
опилка
•
шишки, желудь, жаңғақтар, сүйектер.
Тастанды материалдар
•
поролонның қалдықтары;
•
банкалар;
•
әр түрлі қақпақтар;
•
қораптар;
•
ине, жіптер;
•
Түймелер.
Білім және зерттеуге арналған басқада материалдар
•
Глобус;
•
Карталар;
•
күнтізбе,анықтамалар,энциклопедиялар,
•
альбомдар, гербарилер,газет, журналдар, микроскоптар, лупа, шыны, әйнектер,
түрлі парақтар,бояулар, қарындаштар,маркерлер.
•
желім, түрлі пішіндер.
«Тәй-Тәй» бағдарламасы баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз
байланыс орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Технологияның балаларға іс-
әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр
болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді
қатысады. [5]. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам
194
талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі
жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар
қажет.
Әдебиет
1.
Байшүкірова А. Баланың дүниеге ретінің интеллектіге әсері.
2.
Қазақстан мектебі, 2004, №10.
3.
Бабенко А. Помочь ребёнку [адаптироваться в детском саду] Дошкольное
воспитание. - 1990. - №11. - с. 32-34
4.
Балабақшаға арналған ойыншықтар мен құралдар. Алматы, 1988.
5.
«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы». Алматы, 1989.
6.
Белкина В.Н., Васильева Н.Н., Елкина Н.В. и др. Дошкольник: обучение и
развитие. Воспитателям и родителям. - Ярославль: Академия, 2001.
ӘОЖ 159.92.8
ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТАҒЫ КРЕАТИВТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Қ. Төлеуханова
Семей каласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-407 тобының
студенті
Ғылыми жетекші: Қ.С. Адильжанова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы
университеті, педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы
Жеткіншектік шақта креативтіліктің даму мәселесіне байланысты әдебиеттер
шығармашылық потенциалдың жастық заңдылықтарына арнайы қаралады. Тұлғаның
дамуы туралы бірнеше теориялар бар, бұл теориялар контекстінде шығармашылқ даму
мен креативтіліктің жастық сатыларының сипаттамас "сызықтығын" аңдуға болады.
Мысал ретінде, З.Фрейд теориясын келтіруге болады, мұнда тұлғаның қалыптасуы
психосексуальды
даму
кезеңі
сатыларымен
көрінеді.
Э.Эриксонның
психосоциологиялық даму концепциясында креативтіліктің дамуы жастық кезеңдері
анығырақ көрсетілген. Эриксон шығармашылықты доминантты және кульминативті
"дұрыс сызық" адам дамуының жетінші сатысына жатқызған. Сонымен қатар,
онтогенезде және басқа сатыларында тұлғаның креативтілігінің даму сызығы
сипаттамасы: іс-әрекетін жоспарлау мен сенімділік 1-ден 3-жасқа дейінгі кезеңді
сипаттайды; белсенділік, қиялы тірі, қоршаған ортаны белсенді игеру, ерте балалық
шақта инициативтіліктің дұрыс дамуымен байланысты (3-5 жас); жетістіктерге деген
бағыттылығы, қиялының мақсаттылығы, жақсы перспективалық ойындар 5-тен 11-ге
дейінгі жас; өзіндік анықталуы мен өзін іздеудегі белсенділігі, әртүрлі рөлдерде
тәжірибе жасауы; тұлға ретінде қалыптасуы-жыныстық жетілудің доминантты кезеңі
(11-20 жас) тағы басқалары [1].
Отандық психологияда әртүрлі жастағы креативтіліктің ерекшелігінің дамуының
кейбір мәселелерінің аспектісін құрастырған (Л.С.Выготский, Я.А.Пономарев) [2].
Я.А.Пономарев шығармашылықтың психологиялық механизмінің шешімінің
онтогенезді процесінің келесі кезеңдерін анықтады: 1. адамға тапсырманы сөздік
формада құрылса, ол қарапайым заттың мәселеде дұрыс әрекет құра алмайды; 2.
шынайы заттарды, құралдары, түпнұсқа манипуляция жолымен құрылуы; 3. ойлаудың
манипуляциялау жолы арқылы құрылуы; 4. тексеру мен қателіктер қорытындысының
195
манипуляциялық моделі жолымен құрылуы; 5. адам тапсырманың құрылысын
анализдеп, өзінің әрекетін сол жоспарға бағындырады. Я.А.Пономарев балалардың
мәселелік жағдайлар мен ересек адамдармен шығармашылық мәселесін шешу кезіндегі
онтогенездің сәйкестігін де, ересектердің шығармашылық мәселені шешу кезіндегі
функциональды баспалдағы баланың онтогенезді кезеңі сияқты болады деген шешіміне
келген.
Жеткіншектік жас-көптеген зерттеушілердің анықтауынша психикалық және
жеке дамуының кординальды бетбұрыс кезеңі. Бұл- тұлғалану, белсенділіктің артуы,
интеллектуальдық және психологиялық процестердің интеллектуальдылығының
құрылу кезеңі. Жастық креативтілік кезеңі болып: бейімділігінің кеңдігі, өзіндік
сенімділікке деген ұмтылыс, қабілеттердің жаңа деңгейі, әртүрлі әрекеттерге деген
қызығушылығы. Жеткіншектік жаста көптеген жаңа қарама-қайшы жағдайлармен
кездеседі. Өзі және өзгелер жайлы ойының бірқалыпты еместігі, әрқалай және
жеткіліксіз болып жатқан туралы ойының адекваттылығы әлемдегі өз орнын түсінуі
мен әлемдіқабылдауы жеткіншектің жаңа жол іздеуіне әкеп соғады. Мұның бәрі оның
шығармашылық потенциалын стимулдайды және белсендендіреді [3].
Жеткіншектік жас креативтіліктің дамуында сензитивті кезең болып саналады.
Бұл кезеңде "жалпы креативтілік" негізінде "арнайы креативтілік" қалыптасады:
адамзаттың арнайы саладағы әректімен байланысты шығармашылық қабілеті.
Сондықтан жеткіншек жастағы креативтілікті дамуының факторы мен әсерін зерттеу
әсіресе өзекті. Қазіргі психологияның дамуының кезеңінде "креативтілікке" түсінігінен
тұрақты бір анықтамасы бар деп есептеу қате. Тәжірибе жүзінде креативтіліктің
берілген жағдайдан тыс шығу қабілеті маңызды ерекшеліктері атап көрсетіледі.
Креативтіліктің дамуын арнайы интеллектуальды даму деігейі маңызды екені
анықталған. Интеллектісі төмен креативті адамдар жоқ, бірақ креативтілігі төмен
интеллектуальды адамдар бар. Олардың сәйкестігін оптимальды нұсқа болып
табылады. Сонымен, интеллектуальды дарындылық маңызды болғанымен тұлғаның
ұығармашылық белсенділігінің жағдайына жеткіліксіз [4].
Психологияда креативтілікті әдетте арнайы жеке ерекшеліктері мен
шығармашылық қабілеттің жоғары көрінуі сәйкес келеді деп есептейді. Ондай жеке
ерекшеліктері өзіне деген сенімділігі, батылдығы, шығармашылық адамға ғана тән емес
тәуелсізден, шығармашылық потенциалды көтеру мақсатында.
Креативтіліктің дамуын анықтаушы басты факторы болып жеткіншектер мен
ересектерқарым-қатынасы, ересектердің оған деген қатынасының позициясы жатады.
Ересектер бала бойынан өздері тыңдайтын, айтқаныңды екі етпейтін тағы басқалар,
оқушы бейнесін қалыптастырғысы келеді. Креативтілік тәуекелге баруды,
кедергілерден өту, қоршаған ортаның пікіріне қарсы тұрудан басталады [5].
Жеткіншектердің оқу іс әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс әрекетінде
креативтілікті дамыту - өскелең буынға тәлім – тәрбие берудегі күрделі психологиялық
әрекет болып табылады. Креативтіліктің дамуы оқушылардың интеллектісін
дамытумен байланысты екендігі екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді
ұйымдастырудың,
іс
–
әрекеттің
субъектісінің
шығармашылық
сапалық
ерекшеліктерінің, сабақ кезінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды
ұтымды қолданудың мәні зор [6].
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әдемдік білім кеңістігіне ұмтылуға
байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін,
ізденімпаздығын, белсендігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды талап етеді.
Сондықтан, оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін,
шығармашылық қабілетін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында
пайдалана білуге үйрету қажеттілігінен туындайды.
196
Оқушының шығармашылығын дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат
тарихының тереңінен алады. «Шығармашылық» ұғымын ғылымға алғаш енгізген
Платонның да, оның ізбасарларының да бұл ұғым жайлы түсініктері таптық
көзқарастарға негізделген болатын. Шығармашылық қабілеттерге байланысты адамдар
арасындағы теңсіздік осы кездерден басталса керек. Платонның шәкірті Аристотель
шығармашылықты адамның ішкі ашылмаған мүмкіндіктері деп қарастырады. Ең алғаш
«қабілет» мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс – әрекеттің қабілетін дамытудағы
рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетке дамитындығы жайлы теория
қалыптасып, бұл екі категория біртұтастыққа қарастырылатын болды.
«Бейімділік, шығармашылық пен қабілет, соншалықты тығыз байланыстылығы
кейде тіпті бірінен-бірін ажырату қиындығын туғызады.
Дегенмен бейімділік ұмтылу, ал қабілет - мүмкіндіктер», - дейді көрнекті
психолог Н.С.Лейтес. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-
әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Осы саланы тереңірек зерттеген
дәрігер, әрі психолог А.Н.Луктың еңбектері ерекше назар аударуды қажет етеді.
А.Н.Лук әрекеттің нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен
шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады.
Шығармашылық белгілері ретінде:
- мәселені қарастырудағы қырағылық;
- ақылдың икемділігі, ойдың оралымдылығы;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Әрекеттің шығармашылықты дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін
және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық
кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.
Шығармашылық мәселесін қарастыруда «талант», «дарын» терминдерін
айналып өтуге болмайды. Көптеген зерттеушілер мен психологтар «таланттылық» деп
белгілі бір салада (өнер, музыка) жоғарғы жетістікке жеткізетін қабілетті айтады. Олар
таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін жағдай
болғанымен, ол бірден бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді (З.Гильбух,
В.С.Юркевич).
Креативтіліктің жоғарғы деңгейі дарындылық, таланттылық мәселесінің
теориясына терең бойлаған В.Э.Чудновский, В.С.Юркевич, И.П.Волков осы
феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері, дарынды, талант балалар
экологиясы жайлы ой қозғап, оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты
тәжірибелермен бөлісіп ұсыныстар береді [6].
Креативтілік сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге
сайып келеді. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп
түсіну керек. Философиялық сөздікте: «креативтілік – қайталанбайтын, тарихи-
қоғамдық мәні бар, жоғарғы сападағы жаналық ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіреді.
Көрнекті француз математигі Адамдардың креативтілігі төрт кезеңге бөлінеді:
І. Дайындық кезеңі.
ІІ. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
ІІІ. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
ІV. Тексеру кезеңі.
А.Н.Лук шығармашылық процесті бес кезеңге бөледі:
І. Дұрыс қойылған мақсат.
ІІ. Қосымша мәләметтер іздеу.
III. проблемадан уақытша кету.
IV Интуицияның оянуы.
V. нәтиженің дұрыстығын тексеру.
197
М.И.
Махмутов
шығармашылықтың
келесі
анықтамасын
ұсынған:
Шығармашылық – эвристикалық қызмет, оның мәнін тез түсінуден, негізгі идеяны,
ұғымның мәнін аңғара қоюдан, күтпеген жерден әрекет тәсілін тауып алудан тұрады.
Шығармашылық пен ойлаудың белгісі - үйреншікті нәрседен аулақтап, одан дер
кезінде қол үзе білу, басқаша емес, солай ғана ойлау әдет күшін жеңе білу».
В.В. Давыдов « Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке
тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық
қайталануы емес, өзінің біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін өзі куәландыратын,
дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсенеі туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға
болады» [7].
И.Д. Левитов оқушылардың шығармашылық қабілеттерін іс-әрекет нәтижесінде
жаңа бір нәрсені үйренулерінен және олардың даралық бейімділіктерінен,
тәжірибелерінің көрінуінен айқындайды.
«Шығармашылық» ұғымы, А.В. Хуторскойдың пікірі бойынша, оқушының жаңа
білімділік өнім алуға бағытталған әрекет барысындағы кешендік мүмкіндіктері».
Шығармашылық қабілеттердің компоненттері туралы мәселе психологифлық
педагогикалық әдебиетте әр алуан пікір туғызады. Г.С. Альтшулер, Л.С. Выготский,
Т.В. Кудрявцев, А.В. Петровский зерттеулеріне сүйене отырып, шығармашылық
қабілеттің
құрамын
былайша
анықтауға
болады:
шығармашылық
ойлау,
шығармашылық
қиялдау
және
оқушылардың
тапсырмаларды
орындауда
шығармашылық тәсілдерді қолдануы. Шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту үшін
оқушыда шығармашылық тапсырмаларды шешу, орындай білу білігін дамыту қажет.
Креативтілік тапсырмаларды орындай білу жүйелі, диалектикалық ойлау және өнімді,
еркін, кеңістікті қиялдауға тікелей байланысты.
Оқушылардың креативтілік мүмкіндіктерін психологиялық тұрғыдан В.А.
Моляко, В.А. Бухвалов және тағы басқа, ғалымдар өз зерттеулерінде қарастырды [8].
Креативтілік әрекетті жүзеге асыру үшін оқу жұмыстарының әр алуан түрлері
анықталған. Оқулық көмегімен шығармашылық әрекетке үйрету технологиясының
негізінде әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін белгілі бір деңгейде жеткізу
емес, олардың табиғи қасиеттерін оята білу қажет. Бұл білгілі бір тапсырмалар жүйесі
арқылы жүзеге асырылады, себебі оларды шешу барысында оқушылар тың тәсілдер
іздеп табады, тәжірибе жинақтайды.
Оқушының креативтілік әрекеті жөніндегі түсінік дәстүрлі ғылымда және
практикада
қалыптасқан.
Психологиялық
–
педагогикалық
әдебиеттерде
шығармашылық әрекеттердің мәні, мүмкіндіктері, қабілеттіліктері жан-жақты
зерттелген. Осыған байланысты креативтілік жеке тұлғаның психологиялық
қасиеттерінде қарастырылған. Әрекеттің бұл түрінің негізгі сипаттамалары, кезеңдері,
қалыптасу шарттары анықталған. Креативтілікке үйрету технологиясы шығармашылық
тапсырмалар жүзеге асатындығы айқындалған. Дегенмен, бұл түсініктердің бүгінгі
талапқа сай келмейтін тұстары бар. Оқушы креативтілік әрекет нәтижесінде жаңа
нәрсе ашып қана қоймай, сол жаңалықты оқу және өмірлік жағдаяттарда қолдан білуі,
яғни, біліктілігін қалыптастырып, дамытуы қажет. Белсенді азамат болу үшін, білікті
болуы керек . Оқушы біліктілігі мектеп аясында игеру үшін оқу үрдісінде өз бетімен
ізденуге, өзі анықтауға, өзі шешуге бейімделуі тиіс. Сонда ғана ол алған білімдерін
өмірдегі нақты жағдаяттарға сай қолдана алады [9].
Оқушылардың білім, іскерлік дағдыларды меңгеруін жетілдіру, ой өрісін
кеңейту, қабілеттерін дамыту, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін жасау т.б.
талаптарды жүзеге асыру, оқу процесін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және
аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші
198
орынға шығарды. Бұл мүмкіндіктерді шешуге жеткіншек жастағы балалардың
креативтілігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.
Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның креативтілігі арқылы келдік. Әр жаңа
ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-
әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Әр адамның бойында дарыны бар.
Дарыны бар, таланты сарыны бар
Солсарынды бойында сақтап келген
Шығармашыл креатив маңызы бар
Алып-ұшып жүректері лүпіл қаққан
Жас жеткіншек бойында үлкен арман
Сол арманға жетелеп әкелетін
Креативтік мақсатқа негіз салған
Достарыңызбен бөлісу: |