ау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін
қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидалары
1-бөлім. Жалпы қағидалар
1. Осы Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 94-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, жабу және жою барысында өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2. Барлық тау-кен және геологиялық барлау жұмыстары "Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16978 тіркелген) сәйкес әзірленген қауіпті өндірістік объектілерін салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманың (бұдан әрі – жоба) және тау-кен жұмыстары жоспарының негізінде жүргізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.06.2020 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Тау-кен, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін объектілерде ұйымның техникалық басшысымен жасалып, басшысымен:
1) өндірістік бақылау туралы ереже;
2) технологиялық регламенттер;
3) аварияларды жою жоспары (бұдан әрі – АЖЖ) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген, Аварияларды жою жоспарын әзірлеу талаптарына сәйкес бекітіледі.
АЖЖ жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың зерделеуі (бұдан әрі – бақылаушы адам), объектінің техникалық басшысының басшылығымен жүргізіледі.
Аварияны жою жоспары жылына 1 рет кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және (немесе) құралымдарымен қайта қаралады және келісіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-1. Тау-кен жұмыстарына техникалық басшылық етуге "Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында көзделген тұлғаларға рұқсат етіледі.
Ескерту. 1-бөлім 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.11.2018 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
4. АЖЖ өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жасалады, осы қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіптік авариялық-құтқару қызметінің (бұдан әрі – ӨҚС КАҚҚ) басшысымен келісіледі және қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысымен бекітіледі.
АЖЖ жедел бөлімді, аварияларды жоюға қатысатын персонал арасындағы міндеттерді бөлуді және оның әрекет ету тәртібін, сондай-ақ авария туралы дереу хабарландырылатын лауазымды тұлғалар мен мекемелердің тізімін қамтиды.
АЖЖ-да:
1) адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар;
2) шахтадағы аварияларға тап болған адамдарды қауіпті әсер ету аймағынан шығару жолдары;
3) аварияларды жою және олардың дамуының алдын алу бойынша іс-шаралар;
4) авариялар туындаған жағдайда мамандардың және жұмысшылардың іс-әрекеті;
5) авария туындауының бастапқы кезеңінде ӨҚС КАҚҚ бөлімшесінің және шахта, кеніш персоналының іс-әрекеті көзделеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-1. Барлық жұмыстар Нарядтар кітабында жазбаша түрде немесе электрондық наряд-тапсырмаларды тіркеу журналында ресімделген наряд-тапсырма бойынша жүзеге асырылады.
Наряд-тапсырма – наряд-тапсырма кітабында (журналында) немесе электрондық наряд-тапсырмаларды тіркеу журналында ресімделген және жұмыстың мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оның қауіпсіз орындалу шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын, жұмыстың қауіпсіз орындалуына жауапты бригадалар мен жұмыскерлердің құрамын айқындайтын жұмыстың қауіпсіз өндірісіне арналған тапсырма және наряд-тапсырманың орындалуы немесе орындалмауы туралы белгі.
Нарядтар кітабында жазбаша түрде ресімделген наряд-тапсырманы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысы жауапты жетекшіге және жұмыстардың жауапты өндірушісіне қол қойғызу арқылы береді.
Электрондық наряд-тапсырмаларды тіркеу журналында ресімделген наряд-тапсырманы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысы жауапты жетекшіге және жұмыстардың жауапты өндірушісіне "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес тараптарға жеке электрондық цифрлық қолтаңбаларды қойғызу арқылы береді.
Наряд-тапсырма жұмыстарды орындау уақытын, мазмұнын, орнын, жұмыстың нақты көлемін, қауіпсіз орындау тәртібін және жұмыстарды орындау тапсырылған нақты тұлғаларды анықтайды.
Наряд-тапсырма беретін адам:
1) жұмыс орнының тәуекелдеріне бағалау және әлеуетті қауіптеріне талдау жүргізеді;
2) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін анықталған тәуекелдерді болдырмауды немесе азайтуды қамтамасыз ететін іс-шараларды айқындайды;
3) қауіпсіз жұмыс өндірісінің тәртібі бойынша ағымдағы нұсқаулықты өткізеді.
Ескерту. 1-бөлім 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.11.2018 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.06.2020 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
4-2. Барлық аса қауіпті жұмыстар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 "Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 21151 болып тіркелген) сәйкес әзірленген наряд-рұқсат бойынша орындалады.
Ескерту. 1-бөлім 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.11.2018 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
4-3. Тау-кен жұмыстарын жүргізетін объектілерде бекітілген жоспарға сәйкес оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар жүргізіледі.
Оқу дабылдарды және аварияларға қарсы жаттығуларды кәсіпорын, өндіріс, технологиялық процесс шеңберінде әртүрлі процесстерді басқаруға арналған автоматтандырылған (цифрлық) персоналды басқару жүйесі режимінде жүргізуге жол беріледі.
Ескерту. 1-бөлім 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.11.2018 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-4. Персоналды объектідегі қауіпсіз жұмыс өндірісінің шарттарымен таныстыру үшін объекті иесі "Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) көзделген нұсқаулықтан өткізуді ұйымдастырады.
Персоналды автоматтандырылған (цифрлық) басқару жүйесін қолдану арқылы нұсқаулық өткізуге рұқсат етіледі.
Ескерту. 1-бөлім 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.11.2018 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Жару жұмыстарын жүргізу, жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды сақтау, тасымалдау және есепке алу "Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.06.2020 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарының жұмысшылары мен мамандары, олардың кәсібі мен жұмыс жағдайларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен: арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғану каскаларымен, көзілдіріктермен қамтамасыз етіледі.
7. Адамдарға қауіп төнуді көрген әрбір жұмысшы қауіпті жою жөніндегі барлық шараларды қабылдау және ол туралы бақылау тұлғасына хабарлауы тиіс.
8. Бақылау тұлғасы қауіпті жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс: қауіпті жою мүмкін болмаған жағдайда жұмысты тоқтатады, жұмысшыларды қауіпсіз жерге шығарады және лауазымы бойынша жоғары тұлғаға хабар береді.
9. Объектінің штатында емес бөгде тұлғалар объектіге кіру кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтан өтеді және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.
10. Қауіптілікті жою, мүмкін болатын авариялардың, өрттің алдын алу және адамдарды құтқару жағдайларынан басқа, қауіпті орындарда персоналдың болуына жол берілмейді.
11. Объектіні пайдаланушы ұйымның басшысы, еңбек жағдайының қауіпсіздігін, әрбір жұмыс орнындағы және жалпы объектідегі қауіптілікті бағалау негізінде қорғаныс іс-шараларын әзірлеуді қамтамасыз етеді, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіптілікті, оқиғалардың, авариялардың пайда болу мүмкіндігін анықтаған жағдайда жұмысшылар мен лауазымды тұлғалардың іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.
12. Персоналдың тікелей кенжарларда, тетіктер жұмыс істеп тұрған қауіпті аймақтарда, көлік жолдарында тынығуына тыйым салынады.
13. Ойық жерлер, зумпфтар, шұңқырлар, пайдаланылмайтын шыңыраулар, дренаждық ұңғымалар, тік қазбалар жабылып қоршалады.
Жабдықтың жұмыс орны мен оларға баратын жолды тау-кен қазындысымен немесе адамдардың, машиналар мен тетіктердің қозғалысына кедергі келтіретін қандай да бір заттармен үймелеуге болмайды.
14. Аумақ бойынша адамдардың жүргінші жолы немесе автокөлік қозғалысы бағытына қарама-қарсы автожолдардың жағасымен жүруіне болады. Қозғалыс маршрутымен барлық жұмысшылар қол қойып таныстырылады. Қозғалыс маршрутын ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
Қараңғы тәулік уақытында жаяу жүргінші жолдары және теміржол мен автожол арқылы өту жолдары жарықтандырылады.
15. Кез келген кернеуліктегі электр беру әуе желілерінің астынан машиналар мен механизмдердің, қондырғылар, конструкциялар және басқа да жүктерді тасымалдауға олардың көлемдері жол немесе трасса белгісінен 4,5 метрден артық емес биіктікте болса рұқсат етіледі.
Электр желісінің төменгі қашықтығынан тасымалданатын қондырғыға дейінгі арақашықтыққа қарамастан көрсетілген көлемдерден асқан жағдайда осы электр желісінне ие ұйымның жазбаша рұқсаты алынады, тасымалдау рұқсатта көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып іске асырылады.
16. Кен орындарын бір мезгілде ашық және жерасты тәсілдерімен қатар қазу кезінде, жерасты дренаждық қазбаларын өткізу және пайдалану кезінде, ашық және жер асты таукен учаскелерінде жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс, соның ішінде:
1) тау-кен және жару жұмыстарын жүргізу жоспарлары мен кестелерін келісу;
2) жерасты қазбаларын желдетудің үрлеу әдісін қолдану;
3) ӨҚС КАҚҚ өкілдерінің ашық тау-кен жұмыстары объектісінде жаппай жару жұмысынан кейін жерасты қазбаларындағы атмосфераның жай-күйін тексеруді;
4) ашық тау-кен жұмыстары объектісінен жерасты тау-кен қазбаларына судың өту қаупін болдырмауды;
5) атмосферада улы жарылыс өнімінің болуын ауысым сайын бақылауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.11.2018 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
17. Кен орындарын аралас тәсілмен қазу кезінде тау-кен жұмыстары өзара келісілген ашық және жер асты таукен жұмыстарын жүргізу жобалары бойынша жүргізілуі тиіс.
18. Кен орындарын аралас қазу кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
1) жыныстар мен жер бетінің сырғу және өзгеру ерекшеліктерін зерттеу, тау-кен қазбаларының әсер ету саласын болжау;
2) карьер мен жерасты тау-кен жұмыстары арасындағы сақтандырғыш (табиғи немесе жасанды) кентіректің өлшемдерін анықтау;
3) қазылған кеңістіктің кейбір учаскелері (камералар) үстіндегі төбенің қалыңдығын анықтау;
4) тірек кентіректердің параметрлерін есептеу;
5) тазартылатын кеңістіктің төбесінің ашылған шектік ауданын анықтау;
6) карьер ернеуіне қорларды шығару кезінде оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін төсем беріктігін есептеу;
7) қазылған кеңістікті толтыру толықтығын қамтамасыз ету.
19. Карьерден күрделі және дайындық қазбаларын жүргізу кезінде ауа құрамын бақылау қамтамасыз етілген жағдайда карьер кеңістігінен желдету ағысын алуға болады.
20. Кен орындарын аралас қазу кезінде тау-кен жұмыстарын жүргізу фронты:
1) ашық жұмыстарда – жерасты тазарту жұмыстарын дамыту фронтына қарсы;
2) жерасты тазарту жұмыстарында – қазындыдан карьерге;
3) сілтілеу кезінде – қазындыдан карьерге қарай немесе жерасты тазарту жұмыстарын дамыту фронтына қарсы бағытта орналасуы тиіс.
21. Кен орындарын ашық және жерасты тәсілдерімен аралас қазу жұмыстарын жүргізуші ұйымдар ӨҚС КАҚҚ бірге газдың өтуі, судың жаруы, тау-кен қазындысының өзгеруі ықтимал, қауіпті аймақтар шегіндегі тау-кен жұмыстарының учаскелерін анықтайды және көрсетілген учаскелердегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |