Аубакиров А. Б. Сүлейменова Ф. М



бет20/27
Дата25.10.2022
өлшемі7,58 Mb.
#45314
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
Тірек қимыл аппараты111

Лакуналар.
Сан өзегенің құрылысын жете түсіну үшін, біріншіден, қан-тамыр және бұлшықет лакуналарының құрылысымен танысуымыз қажет. Сан доғасы ("шап өзегін" қараңыз) мықын сүйегінің жоғарғы-алдыңғы мықындық қырынан шат төмпешігіне дейін созылады. Аталған сүйектер мен доға аралығында тұйық кеңістік болады. Сан доғасының шат сүйегіне бекіген жерін, ішкі лакунарлы жалғаманың жиегі (lig. lacunare немесе-Жимбернатов) байланыстарады. Лакунарлы жалғамадан мықын-шат төмпешігіне (eminentio iliopubica, немесе Куперов) жалғамасы өтеді. Мықын-шат төмпешігін сан доғасының латералді шетіне дейін мықын- қырлық доға (arcus iliopectineus) жүреді, ол мықын-бел шандырының бөлігі болып саналады. Мықын-шат доғасы мен жамбас сүйектері аралығында саңылаулы екі ланунаға бөлінеді. Латералді немесе бұлшықет лакунасы (lacuna vasorum), оның ішінен жамбас-астау қуысынан сан сүйегінің кіші ұршығына мықын-бел бұлшықеті (m. iliopsoas) өтеді. Медиалді, көлемі жағынан кішірек немесе қан-тамыр лакунасы (lacuna vasorum), оның ішінен жамбас-астау қуысынан санға сыртқы мықындық артериясы және венасы өтіп, бұл жерде сан қан-тамырлары деп аталады (сурет-14,15).

44


«Білезіктің кәріжілік өзегі бүккіштер ұстағышы сіңірлерінің беткей және терең табақтарының аралығында жатады» (қараңыз «білезік өзегін»). Өзектің бағыты вертикалді, оның ұзындығы 1,0-1,5 см. Өзектің ішінен меншікті синовиалді қынаппен қапталғаи, білезікті бүгетін кәріжіліктің сіңірі өтеді. Өзектен шыққан соң сіңірлер екінші алақан сүйегінің негізіне бекиді.



  1. Білезіктің шынтақтық өзегі, canalis carpi ulnaris

Білезіктің шынтактық өзегі білезік сүйектерінің алдыңғы беткейінде, білезік өзегінен медиалдірек орналасады. Бұршақтәрізді сүйек үшқырлы сүйекпен алақан беткейінде бірігіп, алға және латералді ашылатын бұрыш құрайды. Ол бұрыш алдынан бүккіштер ұстағышының сіңірлерінің талшықтарымен қапталып, кейін өзекке, білезіктің шынтактық өзегі (canalis carpi ulnaris) Гюйонов өзегіне айналады.


Білезіктің шынтактық өзегінің қабырғалары:
---------------------------------------------------------------------------------
Медиалді-бњршақтэрізді сүйек;
Артынан-retinaculum flexorum-ның терең талшықтары;
Алдынан- retinaculum flexorum-ның беткей талшықгары;
--------------------------------------------------------------------------------
Өзектің медиалді кабырғасы проксималді білезіктің шынтақтық коллатералді жалғамасымен толықтырылады, ол жалғама бұршақ тәрізді сүйекті шынтақ сүйегімен байланыстырады. Білезіктің шынтактық өзегі бағыты вертикалді, оның ұзындығы 1,0 см-ден аспайды. Өзек арқылы қолдың алақан беткейіне шынтақтық артерия (a. ulnaris), кері бағытта шынтақтық вена (v. ulnaris), екеуінен ішке қарай шынтақтық нерв (n. ulnaris) өтеді.
Сонымен, алақанның алдыңғы беткейінде үш өзек: білезіктік, шынтақтық және кәріжіліктік орналасқан. Өзектердің ең үлкені-білезіктік, қалған өзектердің ортасында орналасады.


21
V. Алдыңғы құрсақ кабырғасының әлсіз жерлері
10. Шап өзегі (canalis inguinalis)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет