Іңкәрдария ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай “Елдіктің арқауы
-
ерліктің
бастауы
-
қазақ хандығы» атты тарихи
-
таным кеші мектеп оқушылары,
оқытушылары, ардагерлердің қатысуымен өткізіліп, шараға барлығы 28
адам қатысты. Шараның мақсаты: Қазақстан тарихындағы аса маңызды
оқиғалардың бірі
-
қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының ұлт ретінде
қалыптасуы мен «қазақ елінің» қалыптасуының негізі. Керей мен Жәнібек
хандардың басшылығымен жүзеге асқан бұл маңызды оқиғаны
ортағасырлық Қазақстан тарихында Түрік қағанатының,
Қыпшақ
хандығының құрылуымен салыстыруға болады. Ү
ғасырдың ортасында
Түрік
қағанатының құрылуы
-
Қазақстан тарихындағы ХІ
-
ХІІІ ғасырдың басы
аралығын Қыпшақ дәуірі деп аталатын тарихи дәкірге жатқыады. Ал Қазақ
хандығының құрылуымен ХҮ
ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан
территориясында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол
-
Қазақ хандығы
тарихы. Қазақ хандығы құрылуынан бастау алған ұлтымыздың қилы
-
қилы
тарихымен, қазақ хандары есімдерімен, қазақ хандары есімдерін бүгінгі
ұрпаққа жеткізген ақын
-
жыраулар жырлары арқылы қазақтың азапты
өмірімен жастарды таныстыру. Жазушылар шығармалары бойынша
мектеп оқушыларының сомдаған қысқаша көріністері арқылы хандар
бейнелерін таныстыру.
Қазақ хандығынан
-
мәңгілік елге» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.
«Мемлекеттік тіл
-
ұлттың жаны» атты
әдеби
-
жыр кеші
Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар
жүйесіне қарасты №1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Тілдер
мерекесінорай «Мемлекеттік тіл
-
ұлттың жаны»
атты әдеби
-
жыр кеші
кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары және үкіметтік емес ұйымдар
басшыларының қатысуымен өткізіліп, мәдени шараға 25 адам қатысты.
Мәдени шараның мақсаты: Ұлттың сақталуына да, жоғалуына
да себеп болатын ең қуатты құрал –
ана тіліміздің бүгінгі күнгі
тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі екендігін айтып, ана тіліміздің мәртебесін
көтерудегі мемлекеттік саясат туралы айтып оқырман қауымға насихаттап
жеткізу болды. Жастарды ана тілін қадірлеуге, қазақ тілінде сөйлеуге
тәрбиелеу. Қазақ ақындарының О.Асқардың, «Ана тілі», М.Сақтаповтың
«Ана тілің кәусарың», Н.Бастамитегі «Қазақ тілі», А.Бойкинаның «Тілім
менің
-
тірлігімнің айнасы» атты ана тілімізге арнаған өлең
-
жырларын
оқып, оқырмандарға жеткізе насихаттау болды.
Кеште аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы Жұманазар
Қонысбаев сөз сөйлеп, ҚР Тілдер мерекесімен құттықтап, кеш
қонақтарына арнайы сыйлықтар табыс етті.
Кітапханада «Елдіктің түп қазығы
-
туған тіл» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.
Жазушы І. Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай және
биылғы
2015 жылы «Бір ел
-
бір кітап» акциясына орай жыл кітабы болып
«Көшпенділер» тарихи трилогиясының алынуына байланысты
«Жанталас» романынан оқырмандар конференциясы
Жетікөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен
жазушы
І.
Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай және биылғы 2015 жылы
«Бір ел
-
бір кітап» акциясына жыл кітабы болып «Көшпенділер» тарихи
трилогиясының алынуына байланысты «Жанталас» романынан
оқырмандар конференциясы өткізілді. Мәдени шараға кітапхананың
белсенді оқырмандары, мектеп оқушылары, жастар, қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері барлығы 29 адам қатысты.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының арғы
-
бергі тарихын
шығармалары арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізген жазушы І.Есенберлиннің
өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, қазақ хандығының 550
жылдығымен сәйкес келіп отырған жазушының тарихи романын, оның
ішінде қазақ хандары тұсында қазақ халқының басынан өткізген
қиыншылықтары, ХІҮ –
ХҮІғ.ғ
қазақ хандары
мен халықтың елді, жерді
сақтап қалу жолында жанталасқан шайқастары,тарихы жазылған
шығармаларды талдау, насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын
арттыру, елін, жерін сүюге, оны қорғауға дайындау болды. Шара
барысында кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, жазушының өмірі мен
шығармашылығы жайлы мағлұмат
берді. Одан соң оқырмандар
конференциясында романның желісі бойынша оқушы А.Сәулебек
,
А.Бекен, зейнеткер оқырман С.Төребаева, К.Мырзабекова, белсенді
оқырмандар Т.Қалкузов, Б.Жүзенов, Р.Төкеновалар әрбір кейіпкерлерге
тоқталып, қазақ халқының тағдыры мен
романдағы Әбілқайыр хан мен
Абылай ханның өмір жолдары мен Бұқар жырау туралы көптеген ой
-
пікірлерін ортаға салды. Сол кезеңдердегі жоңғарлармен, қытайлармен,
Ресеймен болған қарым
-
қатынас, шайқастар, Ресейдің қол астына кіру
саясаты жайлы да біраз әңгімелер айтылды. Кітапханашы оқырмандар
конференциясын қорытындылап, бұл мәдени шараның оқырмандарға
берер
маңыздылығы
мен
құндылығын
түсіндірді.
Оқырмандар
конференциясының мағыналы өткізілгендігі туралы кітапхананың белсенді
зейнеткер оқырманы К.Мырзабекова айтып, алғысын білдірді.
Жазушы І.Есенберлиннің өмірі мен шығармаларына арналған
«Елім деп соққан жүрегі» атты кітап көрмесімен таныстырып,
әдебиеттерге шолу жасалды.
ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫ ҚОНАҚТАР
Жас оқырман А.Сәулебек Зейнеткер оқырман
С.Төребаева
Белсенді оқырмандар Т.Калкузов, К. Мырзабековалар өз ойларын
айтып талқылау үстінде
«Отан
-
отбасынан басталады» атты кездесу
кеші
Қыркүйек айының 11 жұлдызында аудандық балалар
кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы күніне» орай мектеп
оқушылары, жасөспірімдер арасында отбасының құндылығын насихаттау,
дәріптеу мақсатында «Отан
-
отбасынан басталады» атты кездесу кеші
төрт балаға тамаша тәрбие беріп отырған, бірнеше шәкірттері
республикалық байқаулардың лауреаты атанып жүрген аудандық әуез
мектебінің ұстазы Қ.Жүнісовтер
отбасының қатысуымен өткізіліп, шараға
28 адам қатысты. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы үшін отбасындағы
тәрбиенің мәні зор екендігі жайлы айтылып, кештің қадірлі қонағы
Қ.Жүнісовтар отбасының бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі мен отбасы
татулығы, тәлім
-
тәрбие аларлықтай ақыл
-
кеңестерін жастарға үлгі етті.
Өнерлі де, өнегелі Жүнісовтар отбасы бұл айтулы күнге құр алақан
келмей, өз өнерлерін көпшілікке тарту етті. Аналары баянның
сүемелдеуімен әуелете ән салса, әкесі мен баласы қазақтың қара
домбырасымен сан қырлы күйлер тартып көрермен қауымды баурап
алды. Кездесу барысында Жүнісовтар отбасына кітапхана оқырмандары
Ертаева Шұғыла, Хамитова Айзада, Дайырбек Аружан, Серікбаев
Азаматтар «Сіз қандай ата
-
анасыз?»
,
«Ұлттық тәрбиеге көзқарасыңыз
қандай?», «Бала сырттан ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.
Сіз не істейсіз?», «Үй шаруасына байланысты баласын сабақтан жиі
қалдыратын ата
-
аналар туралы пікіріңіз қандай?»
-
деген сұрақтарын
қойып,
салиқалы жауаптар алды. Оқушылар сонымен қатар отбасы туралы
жыр жолдарын оқып,
мақал
-
мәтелдерді жарыса айтып,кештің мәнін
арттыра түсті. «Отбасы
-
бірлік пен береке ордасы» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылып, шолу жасалды.
«Сырдария аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің
Сырдария аудандық тарихи
-
өлкетану музейі» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Сырдария аудандық тарихи
-
өлкетану музейінің
2015 жылдың
11
айында атқарған жұмыстары жайлы
мәліметі
Аудандық музейде
11
айда жоспарға сәйкес ғылыми зерттеу
жұмыстары,
65
тақырыптық көрмелер,
60
танымдық лекциялар мен
440
экскурсиялар жүргізілді.
Жоспар бойынша музейдің ғылыми қызметкерлері Ж.Маханбет
«А.Тоқмағанбетов ауылының тарихын зерттеу жұмыстарын
жалғастыру (1900
-
1960ж.ж.)», С.Қуандықова «Ұлы Жеңістің 70
жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Н.Ілиясовтың Ұлы Отан
соғысында жасаған ерліктері мен бейбіт өмірде атқарған қызметі
туралы зерттеу», қор сақтаушы Г.Байкушкенова
«Қолөнер шебері
Марқа Қобландиннің музей қорындағы өнер туындыларын (сандық)
зерттеу»
тақырыптарында ғылыми
-
зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Музейлік жоба туралы
Музейлік жобаның тақырыбы –
«Ұлттық мұра ұрпаққа»,
жоба
жетекшісі –
аудандық тарихи
-
өлкетану музейінің ғылыми қызметкері,
қолөнер шебері Ж.Маханбет. Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, алдағы
уақытта музейді осы жасалынған жобалар арқылы халықтың асыл
қазыналарын жинақтап, қолдан жасалынған өнер туындыларының үлгі
-
нұсқаларын жасау,
сақтау, насихаттау және бұл мұраларды ұрпақтан
-
ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде тәлім
-
тәрбие беретін ғылыми
-
мәдени
және рухани орталыққа айналдыру болып табылады.
Жобаның мақсаты: музей қорын құнды экспонаттармен толықтыру,
музейдің экспозициялық жұмыстарын жаңарту, музей қызметкерлерінің
кәсіби деңгейін көтеру. Осы мақсатта бүгінгі күнде қолөнер шеберлерінің
қолдан жасалынған бұйымдары экспонат ретінде музей қорына алынуда
.
Музейде өткізілген көрмелер мен іс
-
шаралар
«Елбасы Жолдауы –
болашақтың бағыты»
көрме
ҚР Президенті –
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
арнаған «Нұрлы Жол –
болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талдап,
насихаттау мақсатында музей көрермендеріне көрме өткізіліп, аудандық
мәдениет үйінде «Жолдау –
халық әлеуетін көтерудің маңызды
тұтқасы»,
музейге
келуші
көрермендерге
«Жолдау
–
барша
қазақстандықтардың игілігі»
,
Астана қаласында өтетін ЭКСПО –
2017
көрмесі
жайлы
«Елбасы
және
қазақстандық
даму
жолы»
тақырыптарында баяндама оқылды.
«Ынтымағы жарасқан ырысты өлке»
көрме
Музейдің «Археология және Этнография» залында әртүрлі ұлт
өкілдерінің ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдарынан көрме
ұйымдастырылып, көрмеге аудандағы түрлі ұлт өкілдері қатыстырылды.
«Сырлы бояулар сыр шертеді»
көрме
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Шәкірбек Сәменовтың 65 жылдық
мерейтойына орай көрме ұйымдастырылып, көрмеге аудан орталығындағы
№35 және №210 мектеп оқушылары қатыстырылды.
«Татулық тамыры тереңде»
көрме
Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай «Қазақстан
халқы Ассамблеясы –
20 жақсы іс» атты
эстафетасына сәйкес «Мейірімді
жүректер»
атты қайырымдылық акциясы өткізілді, акцияға қатысушыларға
музейдегі көрме таныстырылып, лекция оқылды.
«Сыйынар ем Ана деген тәңірге»
көрме
Халықаралық әйелдер мерекесін Қазақстан халқы Ассамблеясына 20
жылдық мерейтойтоймен ұштастыра отырып, аудандағы әрбір салада
белсенді жұмыс істейтін (білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет,
қаржы, құқық қорғау органдары, өндіріс кәсіпорындары, т.б) өзге ұлт
өкілдегі
әйелдер,
батыр,
іскер
әйел
-
аналары
жайлы
көрме
ұйымдастырылып, кәсіпкерлікті дамытып, кент орталығындағы жұмыс
орындарын көбейтуге атсалысқан кәсіпкер әйелдер –
А.Жамалова,
Н.Керейтбаева, Қ.Бекпенбетовалармен кездесу өткізілді.
«Наурыз –
береке бастауы»
тұсаукесер рәсімі
Ұлыстың ұлы күні –
Наурыз мерекесіне орай қазақ халқының тұрмыста
пайдаланатын ұлттық қолөнер туындыларынан «Ұлыс оң болсын, ырыс
мол болсын!»
атты көрме ұйымдастырылып, келуші көрермендерге «Қош
келдің, Наурыз, мол болсын дәм
-
тұз»
тақырыбында лекция оқылды.
Сонымен қатар, мереке күні қазақ халқының салт
-
дәстүрлерінің бірі –
тұсаукесер
рәсімі өткізіліп, Тереңөзек кентінің тұрғыны Әбдрахманова
Балымкүлдің 1 жасар немересінің тұсауы кесілді. Рәсім барысында
музейге келушілерге және шақырылған қонақтарға «наурыз көже» тағамы
берілді.
Үстіміздегі жылдың 17
-
сәуірінде сайлауалды желілік кестеге сәйкес
Бесарық ауылдық қоғамдық мұражайында аудандық тарихи өлкетану
музейінің директоры Бақтиярова Алмагүл бастаған музей қызметкерлері
«Нұр Отан» партиясы
Бесарық ауылдық округінің 3 сенімді өкілдері, 15
еріктілер және мәдениет қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге
аудандық маслихат депутаты О.Сейтмұратов, ардагерлер кеңесінің
төрағасы И.Тілеубаев,
әйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Ақпанбетова,
балабақша
меңгерушісі
Н.Жусупова
қатысты.
Кездесуде
музей
қызметкерлері қоғамдық мұражайдың жұмыстарымен танысып, әдістемелік
көмектер көрсетті. Сонымен қатар аудандық «Нұр Отан» партиясы
штабының төрағасының орынбасары, аудандық музей директоры
А.Бақтиярова алдағы келе жаткан ҚР Президентінің кезектен тыс
сайлауына орай Елбасының атқарған жұмыстары жөнінде мағлұмат беріп,
сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.
«Сырға толы Сырдың ескерткіштері»
біліктілік сайысы
Сонымен қатар аудандық тарихи
-
өлкетану мұражайы мен кент
мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жастар арасында біліктілік сайысы өтті.
Ұлттық тарихымыз бен бай мәдениетіміздің құнды жәдігерлерін насихаттау
сайысына №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп
-
лицейден «Шаңырақ», №36
Ә.Тәжібаев
атындағы
мектеп
-
лицейден
«Мұрагер»
және
№210
О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептен «Мұрағат» топтары қатысты.
Олар аудан көлеміндегі 3 тарихи ескерткіш жайлы зерттеп, көрермендерге
слайд арқылы сипаттама беру, ауданымыздағы тарихи және
мәдени
ескерткіштер жайлы сұрақтарға жауап беру және топ жетекшілері сайысы
кезеңдері бойынша біліктіліктерін көрсетті.
«Елге мұра болған ұлы ерлік»
көрме
Ұлы Жеңіске 70 жыл
толу мерекесіне орай музейдің «Аудан тарихы»
залының Соғыс және Еңбек ардагерлері бөліміне тақырыптық
-
экспозициялық жаңартулар енгізіліп, аудан көлемінде Ұлы Отан соғысына
қатысқан майдангерлер жайлы және ардагерлердің нумизматикалық
заттарынан
(орден
-
медальдар)
көрме
ұйымдастырылып,
халыққа
таныстырылды.
Мереке күндері музейде «Ашық есік»
күні жарияланып,
Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза болған ерлердің ұрпақтарын музейге
шақырып, келуші көрермендерге «Ерлік –
елге мұра, ұрпаққа ұран»
атты
Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ерлігі жайлы лекция
оқылды.
Сонымен қатар музейдің қосымша ғимаратында аудан көлеміндегі
майдангерлер
Я.Тасыров,
М.Бержанов,
Д.Сақтағанов,
О.Қожалақовтармен
кездесу
кеші
ұйымдастырылып,
сый
-
сияпат
көрсетілді. Кездесу кешіне аудандағы үкіметтік емес ұйымдарының
басшылары мен мәдениет қызметкерлері қатыстырылды.
«Ұлт мұрасын ұлықтаған мұражай»
мерекелік кеш
Халықаралық музейлер күніне орай музейдің қосымша ғимаратында
мерекелік кеш өтті, кеш барысында қонақтарға музей қорындағы құнды
экспонаттардан ұйымдастырылған көрме таныстырылып, аудандық музей
тарихынан
«Музей –
тарих шырақшысы»
тақырыбында лекция оқылды.
«Өлкенің гүл жайнаған балғындары»
мерекелік шара
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай музейде «Ашық есік» күні
жарияланып, «Өлкенің гүл жайнаған балғындары»
атты мерекелік шара
өткізілді. Шараға аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалар
және күнкөрісі төмен отбасылардың балалары қатыстырылып, музей
залдарына тегін экскурсия жүргізілді. Мереке күндері мектеп оқушылары
мен балабақша тәрбиеленушілерінің салған суреттері мен жасаған
дүниелерінен «Балауса –
балалық шақ –
бал дәурен»
атты көрме
өткізіліп, келуші көрермендерге таныстырылды. Сонымен қатар аудан
орталығындағы «Парасат»
алаңында балаларға арналған түрлі ойындар
мен
конкурстар
ұйымдастырылды.
Мектеп
оқушыларына
түрлі
мамандықтарға байланысты викториналық сұрақтар қойылып, өздері
қалаған мамандықтары бойынша суреттер салғызылды. Және де қалаған
мамандықтары бойынша сұрақ
-
жауап алынып, үздік деп танылған
балаларға сый
-
сияпат көрсетілді.
«Рәміздер –
рух жаршысы» көрме
ҚР Рәміздер күніне музейдің «Тәуелсіз Қазақстан» залында көрме
ұйымдастырылып, келуші көрермендерге таныстырылды.
|