Аудандық «Сырым елі» газетіне 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде. Газетке жазылу бағасы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#5987
  1   2   3

Аудандық  «Сырым  елі» 

газетіне 

2016 

жылдың 

бірінші  жартыжылдығына 

жазылу жүргізілуде. 

Газетке  жазылу  бағасы  – 

1300 теңге болса, мекемелер 

мен  қоғамдық  ұйымдар 

үшін 

газетке 

жазылу 

бағасы  –  2000  теңге  болып 

белгіленген. Ал, тікелей редакцияға келіп жазылушылар 

үшін  газеттің  бағасы  –    900  теңге  болып  белгіленген. 

Газетке  “Қазпошта”  АҚ-ның  барлық  бөлімшелерінде 

жазылуға болады.

Сүйікті газетіңізге жазылуға асығыңыз, ағайын!

“Сырым елі” газетіне 

жазылдыңыз ба?

Бейсенбі № 45 (9804)  5 қараша 2015 жыл

Аудан әкімі Абат 

Шыныбековтың 

қатысуымен жалпы білім 

беретін Ж.Досмұхамедов 

атындағы орта мектеп-

балабақша кешенінде 

ата-аналар қоғамдастығы 

алдында І оқу тоқсан 

қорытындысы бойынша 

қоғамдық тыңдау өткізілді. 

Оған облыстық білім 

басқармасының қосымша 

білімді дамыту және 

тәрбие жұмысы бөлімінің 

басшысы Л.Батырғалиева, 

аудан әкімінің орынбасары 

А.Сарқұлов, барлық білім 

беру бөлімінің басшылары,  

аудандық білім беру 

бөлімінің қызметкерлері 

мен ата-аналар  қатысты. 

Ата-аналар 

қоғамдастығы 

алдында  сөз  алған  аудан  басшысы 

Абат  Абайұлы  қоғамдағы  әртүрлі 

діни  көзқарасқа  бой  алдырмау 

жөнінде,  кадрлық  тапшылық  жоқ, 

оқулықтар  толықтай  қамтамасыз 

етіліп,  ұлттық  бірыңғай  формасы, 

ұстаздар мәртебесін көтеру жөнінде 

айтып,  атқарылған  тың  істерге 

тоқталды. Мектеп бітіруші түлектер 

мектеп  формасын  киюі,  қосымша 

білім беруге округтерден балаларды 

тарту  туралы  білім  ошақтарының  

басшыларына ой тастады. Қоғамдық 

тыңдауда  бала  тәрбиесі  мен  ата-

аналар 


арасындағы 

іскерлік, 

қоғамдық 

қарым-қатынастарды 

жетілдіру  турасында  келелі  ойлар 

айтылды. 

Облыстық  білім  басқармасының 

қосымша  білімді  дамыту  және 

тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы 

Лаура  Батырғалиева    облыс 

бойынша  білім  беру  саласында 

ауқымды шаралар атқарылғандығын 

айта  келе,  отбасындағы  тәрбие,  

балалардың  рухани-адамгершілік 

тәрбиесіне  көбірек  көңіл  бөлу,   

жақсы    қасиеттерді  бойларына 

сіңірту  жолында  аянбай  бірлесе 

еңбек  етуге  шақырды.  Бала 

тәрбиесіне  көбірек  көңіл  бөлу 

керектігін  айтты.  Діни  мағлұматты 

ата-ана  керек.  Баланың  дұрыс 

ақпаратты  ата-анамен  бірге  алуы, 

бірлесе баланы тәрбиелеу үшін ата-

ананың тілін табу керек. Отбасының 

асыраушысы  бола  тұра  ата-ана 

бала  тәрбиесіне  түбегейлі  мән  бере  

қоймайтындығы,  балалар  арасында 

құқық  бұзушылық  әрекеттер  барын 

тәрбие  мен  білім  қатар  жүреді 

деген  ойын ортаға салды. Аудандық 

әдістемелік  кабинеттің  меңгерушісі 

Ж.Сейітова  ата-аналар  баланың 

немен  шұғылданып  жатырғанына 

мән  бере  бермейді,  бала  болашағы 

үшін  тек  педагогтар  емес,  ата-ана 

да  алаңдаулы  болғаны  дұрыс  деген 

пікірін білдірді.

Мектеп  басшылары  тарапынан 

сауалдар қойылып, жауап берілді.

Жиынды 


аудан 

әкімінің 

орынбасары  А.Сарқұлов  қоры-

тындылады. 

 

М.МәЛІкқызы,

Жымпиты ауылы   

Сырым 


аудандық 

қорғаныс 

бөлімінің 

бастығы 


лауазы-

мына    Сәрсенғалиев  Мұратбек 

Жұмагелдіұлы тағайындалды. 

Жаңа  басшыны  аудан  активіне 

аудан  әкімі  Абат  Шыныбеков  пен 

БҚО  Қорғаныс  істері  жөніндегі 

департаменттің  бастығы  Альберт 

Жақияев таныстырды.  

Мұратбек  Сәрсенғалиұлы  осыған 

дейін БҚО Қорғаныс істері жөніндегі 

департаменттің 

бастығының 

орынбасары қызметін атқарды.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 

«Нұр  Отан»  партиясы  Сырым 

аудандық  филиалының  мәжіліс 

залында  аудандық  партия  филиалы 

төрағасының 

орынбасарын 

тағайындау туралы мәселені қарады. 

Партияның  облыстық  филиалының 

келісімі  мен  орталық  аппараттың  

қорытындысына 

сәйкес, 


бұл 

лауазымға  бұрын  аудандық  ішкі 

саясат бөлімінің басшысы қызметін 

атқарған 

Талғат 

Дарғожиев 



тағайындалды.  Талғат  Дарғожиев 

осыған дейін білім беру, бұқаралық 

ақпарат  саласында  да  басшылық 

қызметтер атқарған. 

«Нұр  Отан»  партиясы  Батыс 

Қазақстан  облыстық  филиалы 

кеңесінің бірінші орынбасары Серік 

Сүлеймен  осы  кезге  дейін  төраға 

орынбасары  лауазымын  атқарған 

Ерболат  Исановтың  партиядағы 

қызметіне  қатысты  оң  пікірін 

білдіріп, облыстық партия филиалы 

атынан алғыс хат тапсырды.

Бауыржан ШерІМ

Осы  жиынның  үстінде  аудандық 

мәслихаттың шешіміне сәйкес, «Нұр 

Отан»  партиясы  Батыс  Қазақстан 

облыстық филиалы кеңесінің бірінші 

орынбасары  Серік  Сүлейменге 

«Сырым 

ауданының 



құрметті 

азаматы» 

атағы 

тапсырылды. 



Атақ  иесінің  арнайы  төсбелгісі 

мен  лентасын  аудан  әкімі  Абат 

Шыныбеков тақты. 

Салтанатты 

рәсімнен 

кейін 


аудандық  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  Отарбай  Сарғозыұлы, 

ардагер  ұстаз  Гүлбақша  Ерғалиева, 

аудандық  мәслихат  депутаты  Асхат 

Дүйсенғалиев  «Сырым  ауданының 

құрметті  азаматы»  атағының  жаңа 

иесі  Серік  Сүлейменге  қатысты 

құттықтауларын білдірді. 



Бауыржан ШирМеДинұЛы

 Партия филиалында – 

             жаңа орынбасар

«нұр Отан» партиясы Сырым 

аудандық филиалының мәжіліс 

залында аудандық партия филиалының 

Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы 

болып өтті. Отырысқа «нұр 

Отан» партиясы Батыс қазақстан 

облыстық филиалы кеңесінің бірінші 

орынбасары Серік Сүлеймен, аудандық 

партия филиалының төрағасы 

Абат Шыныбеков, партия активі, 

саяси кеңестің мүшелері, аудандық 

мәслихаттың депутаттары мен үкіметтік 

емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Ауданның құрметті азаматы

Сырым ауданы 

әкімдігінің үлкен мәжіліс 

залында аудан активінің 

жиналысы өтті. Жиынға 

төрағалық етуші аудан 

әкімі Абат Шыныбеков 

аудан активіне аудандағы 

кадрлық өзгерістер туралы 

мәлімдеді. 

Бөлімдегі кадрлық өзгеріс

Білім ошағындағы 

қоғамдық тыңдау



2

5 қараша  2015 жыл

100 ҚАдАм

 

2015 жылдың қаңтар 

айының 1 күнінен бастап 

жаңадан қабылданған 

әкімшілік құқық 

бұзушылық туралы 

кодекс (бұдан әрі – кодекс) 

қолданысқа енгізілді.

Жаңа Кодекс өзінің  өзгерістерімен 

ерекшеленеді. 

Ерекшеліктерінің 

біріне  әкімішілік құқық бұзушылық 

туралы іс бойынша қысқартылған іс 

жүргізу ұғымы болып табылады.

Кодекстің  42  тарауына  сәйкес 

әкімшілік 

құқық 


бұзушылық 

туралы  іс  бойынша  қысқартылған 

іс  жүргізу,  егер  құқық  бұзушылық 

фактісін  лауазымды  адам  оның 

жасалу  орнында  анықтаса,  ол  үшін 

айыппұл  түрінде  әкімшілік  жаза 

көзделген,  оны  жасаған,  өз  кінәсін 

мойындаған жеке тұлға анықталған 

және салынған айыппұл мөлшерімен 

келіскен 

жағдайларда 

жүзеге 


асырылады.

Әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық 

туралы іс бойынша қысқартылған іс 

жүргізу  баптың санкциясында өзге 

де  жаза  түрлері  көзделген;  құқық 

бұзушылықты  кәмелетке  толмаған 

адам  жасаған;  құқық  бұзушылықты 

артықшылық 

берілген 

немесе 


иммунитеті  бар  адамдар  жасаған; 

олар  бойынша  істерді  салық 

қызметінің  органдары  қарайтын 

әкімшілік  құқық  бұзушылықтар 

жасалған;  егер  әкiмшiлiк  құқық 

бұзушылық  автоматты  режимде 

жұмыс  iстейтiн  сертификатталған 

арнайы  техникалық  бақылау-өлшеу 

құралдарымен  және  аспаптарымен 

тiркелген 

жағдайларда 

қолданылмайды.

Әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық 

туралы  іс  бойынша  қысқартылған 

іс  жүргізу  төмендегідей  тәртіпте 

жүзеге асырылады.

Әкімшілік  құқық  бұзушылық 

табылған  және  оны  жасаған  тұлға 

белгіленген 

кезде, 


лауазымды 

адам  әкімшілік  құқық  бұзушылық 

туралы  хаттаманы  оның  жасалу 

орнында  жасайды  және  тұлғаға 

көрсетілген  айыппұл  сомасының 

50  %  мөлшеріндегі  айыппұлды 

жеті  тәулік  ішінде  төлеу  құқығын 

түсіндіреді.

Лауазымды 

адам 


тұлғаға 

әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

хаттаманың  көшірмесін  қатаң 

қаржылық  есептілік  құжаты  болып 

табылатын,  белгіленген  үлгідегі 

түбіртекпен бірге тапсырады.

Көрсетілген  айыппұл  сомасының 

50% мөлшеріндегі айыппұл 7 тәулік 

ішінде  төленген  жағдайда,  іс  мәні 

бойынша қаралды деп есептеледі.

Мысалы, құқық бұзушы 01.10.2015 

жылы  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында темекi шегуге тыйым 

салу белгiленген жекелеген қоғамдық 

орындарда  темекi  шегіп,  Кодекстің 

441 бабының 1 бөлімінде көзделген 

құқық 

бұзушылықты 



жасаған 

кезінде,  құқық  қорғау  органының 

лауазымды  адамымен  анықталып, 

хаттама жасалады делік.

Кодекстің  441  бабы  1  бөлімінің 

санкциясында  жеке  тұлғаларға  үш 

айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 

(5946  теңге)  айыппұл  салуға  әкеп 

соғады.

Алайда, құқық бұзушы 05.10.2015 



жылы,  яғни    7  тәулік  ішінде 

айыппұлдың  50%  (2973  теңге) 

төлесе,  әкімшілік  іс  мәні  бойынша 

аяқталған деп есептеледі.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 

қаңтар  айының  1  күнінен  бастап 

осы  күнге  дейін  қысқартылған  іс 

жүргізу тәртібімен 295 әкімшілік іс 

аяқталып, 1 434 968 теңге әкімшілік 

айыппұл өндірілді.

Осыған  орай,  жаңа  Кодекспен 

көзделген жеңілдіктерді пайдалануға 

әр азаматтың құқығы бар.

А. ЖұМАҒұЛОв,

Сырым ауданы  прокурорының 

аға көмекшісі, 3-сыныпты 

заңгер

Елбасы 


әр 

Жолдауында 

ұлт 

денсаулығы 



табысты 

болашағымыздың негізі екенін үнемі 

айтып, саламатты өмір сүруге үндеп 

келеді. Бұл орайда, дене шынықтыру 

мен спорт ұлт денсаулығының кілті 

екенін  ешкім  жоққа  шығармаса 

керек. Спорт пен халық денсаулығы 

Қазақстанның  өзінің  стратегиялық 

мақсаттарына  жетудегі  табысының 

ажырамас  құрамы  екенін  Елбасы 

кезекті  Жолдауында  тағы  бір 

айқындап  берді.  «Саламатты  өмір 

салтының  орнығуы,  медицинаның 

дамуы  қазақстандықтардың  өмір 

сүру  ұзақтығын  80  жасқа  дейін 

арттырады»  деуі  осыған  дәлел. 

Аудан көлемінде де жыл өткен сайын 

денсаулық,  спорттық  нысандар 

салу, осы заманғы құрал-жабдықтар 

орнату  жайы  жақсарып,  саламатты 

өмір сүру қағидалары кеңінен еніп, 

әртүрлі деңгейде спорттық шаралар 

жиі  өткізіліп  келеді.  Одан  біздің 

қызметкерлеріміз  де  тыс  қалмай 

өзіндік  үлестерін  қосып,  үлгі 

болуда. 


Сондай-ақ  Елбасының  дәстүрлі 

Жолдауында  біздің  денсаулық 

сақтаудағы, білім беру саласындағы 

бағдарламамыз  жалғаса  береді 

деп  атап  көрсетті.  Егер  халықтың 

денсаулығы  –  қоғамның  ең  басты 

құндылықтарының  бірі  десек,  осы 

елдің баға жетпес игілігі үшін күндіз-

түні  денсаулық  күзетінде  жүрген 

медицина  қауымының  еңбегінің 

еленіп, бағаланып жатуы   біздерді 

жаңа 


биіктерді 

бағындыруға, 

алға  қойған  міндеттерді  орындау 

жолында ынта-жігер, қажыр-қайрат 

қосатына кәміл сенеміз. 

қ.ҒинАятұЛы,

 Сырым аудандық тққБ 

басшысы,

«Сырым» БПұ төрағасы

қазақстан 

республикасының 

Президенті, мемлекет 

басшысы н.назарбаевтың 

баршаға арналған 

«100 нақты  қадам» 

бағдарламасы еліміздің 

дамуына мол мүмкіндік 

беретін, алға бастайтын 

жоспар,  нақты бағыт 

екеніне көзіміз жетті.

Мен  өзім  жеке  кәсіпкер  ретінде 

осы салада біраз жылдан бері еңбек 

етіп  келемін.  Ауылдастарымның 

ризашылығына  бөленіп,  қандай 

игі  бастама,  іс-шаралар  болсын 

қатысып, 

ауыл-аймағымыздың 

дамуына  өз  үлесімді  қосудамын. 

Ауыл әкімдігімен бірлесіп, қоғамдық 

келісім  кеңесі,  ардагерлер  кеңесі, 

әйелдер  кеңесі  ауыл  ақсақалдары 

болып бірігіп жұмыстанудамыз. Қазір 

көпшілік игі істерді ауыл тұрғындары 

өз  күштерімен,  ұйымшылдықпен 

ауызбіршілікпен  атқарып  жүр. 

Оның  дәлелі  –  ауылымызда  аудан, 

ауыл арасында бірінші болып Ауыл 

күнінің өткізілуі.

Жалпы  бірліктің  арқасында, 

түсіністік,  үлкенді  сыйлау,  ақыл 

кеңесіне құлақ асу сияқты қарапайым 

қазаққа тән қасиеттер арқылы біраз 

шаруалар іске асырылады. Осы тұста  

«100  нақты  қадамда»  көрсетілген 

қоғамдық  кеңестердің  жұмысы, 

олардың  өкілеттіліктерін  заңмен 

бекіту – қоғамдық кеңестің жұмысқа 

деген  белсенділіктерін  арттыру 

деген  сөз.  Бұл  өте  дұрыс  қадам 

деп  ойлаймын.  Мемлекетіміздің 

өркендеуіне  оң  нәтиже  беретініне 

сенімдімін.

Г.ОрАзҒАЛиевА,

жеке кәсіпкер, 

Аралтөбе ауылдық округі,

Болашаққа бастар жол

Баршамыз үшін мемлекеттің ұстанған бағыты, даму деңгейі және барар жолы өте 

маңызды. Осыны айқындайтын құжат – Жолдау. Біздің тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау басқармасы ұжымы да елбасымыздың «нұрлы жол 

– 

болашаққа бастар жол» 



Жолдауын талқылап, пікірлерін білдірді. Жолдаудың тірегі бірлік болса, осыдан 

туындайтын ел болып даму жолындағы тапсырмалар айтылды. Бұл тапсырмалардың 

қай-қайсысының да ел дамуы үшін аса маңызды, қажетті екендігі белгілі. 

Жаңа кодекс өзінің  

өзгерістерімен ерекше

маңызы зор құжат

қазақстанның еңбек 

сіңірген әртісі, «құрмет» 

орденінің иегері, «Ақ 

жауын» мемлекеттік 

камералық оркестрінің 

көркемдік жетекшісі Секен 

тұрысбек гастрольдік 

сапарымен ауданымызда 

болды. Аудандық 

мәдениет үйінде аталмыш 

мемлекеттік камералық 

оркестрі Жантөренің 

«Шалқыма» күйімен 

сахнаның шымылдығын 

ашып, көңілді тербетер 

бірнеше күйлер орындады. 

Оркестрдің  құрамындағы  әнші 

Алтынай  Мамырова  «Елік-ай», 

«Аққу сазы», «Ерке құсым» әндерін 

шырқаса,  бірі  Махамбеттің  «Жауға 

шапқан» күйін қос ішекті домбырада 

төгіп,  бірі  сазсырнай  аспабында 

ойнап берді. 

Екі сағатқа созылған «Ақ жауын» 

мемлекеттік  камералық  оркестрінің 

шебер  орындаған  күйлерін  халық 

ұйып тыңдады. 

Сахнада  күй  орындалмас  бұрын 

Секен  Тұрысбек  әр  күйдің  шығу 

тарихына  тоқталып,  Құрманғазы 

атындағы  консерваторияда  оқытқан 

ұстазы Мәлқаждар Әубәкіровті өзіне 

жақын тұтқанын айтады. 

Күй  өнерінің  талант  иесі  атанған 

Секен  Кәрімұлы  Тұрысбек  халық 

алдында  “Жанымнан  тәтті  күн” 

әні  мен  «Көк  бөрі»,  «Дарабоз», 

«Жылқыда»  “Көңіл  толқыны” 

күйлерін тебірене төкті. 

  Күмбір  күйдің  құдіретімен 

халықты  сусындатқан  оркестр 

ұжымына  аудан  әкімі  Абат 

Шыныбеков  ризашылықпен  жылы 

лебізін білдірді.

М.ерниязОвА,

Жымпиты ауылы.

Салтанатты  жиында  сөз  алған 

аудан  әкімі  Абат  Шыныбеков, 

аудандық  мәслихаттың  хатшысы 

Әнуар  Ғалымов  әлеуметтік  қорғау 

жүйесі  қызметкерлерінің  атқарып 

отырған  қызметтері  орасан  зор 

екендігіне  тоқталып,  жемісті  еңбек 

етіп жүрген бір топ қызметкерлерді 

сахна  төрінде  марапаттады.  Жиын 

соңында  ауданның  экономикалық 

дамуына  үлес  қосып,  демеушілік 

танытып жүрген жеке кәсіпкерлеріміз 

де  марапатсыз  қалмады.  Кәсіби 

мереке иелеріне деген құрмет сазды 

бағдарламамен жалғасты. 



М.МәЛІкқызы,

Жымпиты ауылы

Күй күмбірі төгілді

Құрмет көрсетілді

қазан айының соңғы жексенбісі  әлеуметтік қорғау 

жүйесі қызметкерлерінің күні болып елбасының 

Жарлығымен елімізде тойланып келеді. Осыған орай 

ауданымыздың мәдениет үйінде сала қызметкерлері 

күніне арналған салтанатты жиын болды.

3

5 қараша  2015 жыл

өмір-өзен

 

Әсия  Әбішеваның  айтуынша,  

әкесі    Дәулетияр    Әбішев  

1889  жылы  Батыс  Қазақстан  

облысы,  Жымпиты  ауданында  

қарапайым отбасында  дүниеге  

келген. Тоғыз  жасынан  бастап  

он    сегіз    жасқа    келгенге 

дейінгі  өмірі  Мұқаш, Ерболат, 

Талапбай, Жұмағазы,  Кенжалы  

сынды    жергілікті    байлардың  

малын    бағумен,      солардың  

жұмысын      атқарумен    өтіпті.  

Сөйтіп  жүріп,  ауыл  молдасынан  

өз  бетімен  арабша,  латынша  

хат    таниды.    Бос    уақытында  

ғасырларды    жалғаған    қазақ  

ауыз  әдебиетімен  сусындайды.  

Сауат  ашуға  деген  құлшынысы  

Дәулетиярды  он  екі  жасында  

Орынбор  қаласындағы  Хусайн  

татар  медресесіне  әкеледі.  Екі  

жыл    сонда  оқығанымен,  әрі  

қарай оқуға  қаражаты болмай,  

оны    толық    бітіре    алмайды.  

Тағдыр  талқысына  мойымаған   

жас    жігіт    содан    кейінгі    екі  

жылда    Ақтөбе    облысындағы  

жалпы  білім  беретін  Қарақобда  

орыс  мектебінде  оқыды. Оны  

бітіре  сала,  1916  жылы қара  

жұмысқа    алынып,    Ресейдің 

Минск  губерниясы  Бобруйск  

стансасында  әр түрлі  жұмыстар  

атқарады.  

Дәулетиярдың      ұстаздық  

жолы    1917    жылы    Ақтөбе  

облысындағы    І  дәрежелі   Қобда 

және  Тамды    мектептерінен 

басталады.  Өз  ісіне  жоғары 

жауапкершілікпен      қарайтын 

оқытушы 


Орынбордағы  

мұғалімдердің 

 

білімін  



жетілдіру  курсына   жіберіледі.  

Оны  бітірген  жас  маман  сол  

жылдары    ұстаз    тапшылығы  

анық  сезілетін    Қызылорда  

облысына 

 

жолданады.  



Қышбөгет 

 

мектебінде, 



Аламесек 

 

интернатында  



мұғалім-тәрбиеші    болған  

Дәулетияр    әр    жылдары  

Орынбордағы    педагогикалық  

курстарда    оқып,    өз    білімін  

жетілдіріп    отырады.    Содан  

кейін    алты    жылдай    Ақтөбе  

облысына    қарасты    бірқатар  

мектептерде  мұғалім-тәрбиеші  

болған  Д.Әбішұлы  1926  жылы  

біржолата  Қызылорда облысына 

ауысады. 

Тоғызжылдық 

мектепте  мұғалім,    Тереңөзек 

аудандық 

оқу 

бөлімінің 



нұсқаушысы, 

Аламесек 

интернатының    меңгерушісі, 

облыс 


 

орталығындағы 

Абай    мектебінің    мұғалімі  

қызметтерін атқарған ол өзінің  

тындырымдылығымен, өз ісіне 

берілгендігімен 

көпшіліктің  

алғысына  бөленеді.  Аласа-

пыраны    мол  отызыншы 

жылдары Сыр  өңіріндегі  көлік  

және  сауда  техникумдарында 

оқытушы, облыстық  ЛИТО да 

(кеңес  үкіметі  кезінде  ақпарат  

құралдарында 

мемлекеттік  

құпиялардың    жарияланып  

кетпеуін  бақылайтын  мекеме)  

саяси    редактор    қызметтерін  

атқарған    Дәулетияр    Әбіш-

ұлының    атына    үнемі    жақсы  

лебіздер  білдірілетін.

–  Әкем  орыс    мектебінде  

оқығандықтан  болар,  орысша 

таза    сөйлейтін,  –  деп    еске  

алады    өмір  бойы    ұстаздық  

еткен    қызы    Әсия    Әбішева. 

–  Отбасының    жағдайы    ауыр  

болса    да    және  өзі    партия  

мүшесі болғандықтан  болар,  аз  

айлығына сол кездегі  одақтық, 

республикалық    «Правда», 

«Известия», 

«Социалистік  

Қазақстан»,  «Лениншіл    жас», 

«Ленин  жолы»  секілді  орталық  

басылымдарды 

облыстық,  

аудандық  газеттерді жаздырып 

алатын  еді.    Оны    өзі    оқып,  

ондағы    жазылғандарды,    ел  

жаңалықтарын    көршілерге,  

өзімен    бірге    істейтін  

мұғалімдерге 

 

әңгімелеп  



беретін.  Өзі    содан    ләззат  

алушы    еді.  Тіпті    түу  шетте  

тұратын  колхозшылар    жаяу, 

болмаса    есекке  мініп,    әкеме  

келіп, «Қазитің не дейді?» – деп  

сұрайтын. 

Әкем    елді    мекенді    жаяу  

аралап,  класс    бөлмесі  болуға  

лайық  үй  іздеп,  онда  оқитын  

балаларды  түгендеп  жүретін-

ді.  Оларды  оқыту  қажеттілігін  

үлкендерге 

 

түсіндіріп, 



балалардың  мектепке  уақтылы  

баруын    үнемі    назарда  

ұстайтын. Сол  шағын  мектептің  

жауапкершілігі    өз    мойнында  

болған    соң,    балаларды  

қамтамасыз    ету    мақсатында 

Қызылорда    қаласына  жаяу  

барып,  кітап,    дәптер,    қалам  

арқалап    қайтады.  Не    деген 

жанкештілік  десеңізші,  қырық-

елу  шақырым  болатын  жолды  

екі  жүріп  өтеді екен.

Елдегі    балаларды    оқыту  

үшін    соғыстан    қалдырылған  

ол  кісі    ауыл-үйді    жағалап,  

мектеп  жасындағы  балаларды  

оқуға    тартады.  Ұлы    Отан  

соғысы  аяқталғаннан    кейін  

де    елде    жағдай    жақсарып  

кете    қоймады.  Солай    бола  

тұрғанымен,    елдің    мектепке  

деген  ықыласы  айрықша  еді. 

1948  жылы  ауыл  адамдарының  

күшімен  қам  кесектен  мектеп  

салына  бастады. Ол  салынып  

біткенше,    бір    бөлмелі    жер  

үйді  күндіз    мектеп,  түнде  

жатар  орын  қылған Дәулетияр 

мұғалім  сол  кездегі Калинин  

атындағы  бастауыш    мектепте  

балаларды  білім    нәрімен  

сусындатып, күндіз-түні  жұмыс  

істеді.  Ұзақ    жылғы    ұстаздық  

еңбегі    зая    кетпей,  «Қазақ  

КСР  халық  ағарту  ісінің озық  

қызметкері» белгісін  иеленді.

Ал  саналы  ғұмырын  бала 

тәрбиелеуге арнаған Дәулетияр  

Әбішұлының    қызы  Әсия  

Әбішева    да    әке    жолын  

жалғастырған  ұстаз,    Қазақ 

КСР халық ағарту ісінің  үздігі, 

ұзақ  жыл  бойы  қаладағы 

малшылардың 

балаларына  

арналған  №1 Гагарин  атындағы  

мектеп-интернатта, одан  кейін  

педучилищеде  ұстаздық    етті. 

Өзінің  бойындағы  ұстазға  тән 

мінез-құлық    болса,  ол    әкесі  

Дәулетиярдан  дарыған  қадір-

қасиет  деп біледі.

– Әкемнің, – дейді  бүгінде 78 

жастағы  Әсия  апай  әңгімесін  

әрі    қарай    жалғап.  –  Мұқан,  

Ермұқан  деген    ағалары  

болыпты. Екеуі  де  кедейліктен  

байларға    жалданып,    өмірден  

үйленбей  өткен.  Ал  екі  інісі  

Құлмұқан    және    Тахтияр  

Қаратөбенің    НКВД-сында  

қызмет    етіп,    1931    жылы  

бандалардың    қолынан  қаза  

тапты  деп  отыратын. Ал  біз 

Дәулетияр    әкемізден    бес    ұл  

орталарында  жалғыз  қыз  –  мен,  

алтауымыз    дүниеге    келіппіз. 

Солардан    бүгінде    қалған  

жалғыз  мен. Үлкен  ағаларым  

тым    ерте    қайтып,    Нариман  

ағам (1930  ж.т.) екеуміз  қалған  

едік. 1959 жылы  әкем  қайтыс  

болып, оның  қырқынан  кейін  

Нариман    да    опат    болды. 

Әкемнің    руы  –  байбақты  

тама. 


Әкем 

өле-өлгенше 

туған  жеріме  бір  барсам  деп  

армандап  өтті. Есімде  қалғаны, 

«Орал    облысы,    Жымпиты  

ауданы,  Құлшық  деген  көлдің 

жағасында  туыппын.  Балалық  

шағым  сол  жерде  өтті. Алла  

қосса,    сол    жерге    сендерді  

апарамын, 

топырағына 

аунатамын»  деп  отыратын. 

Бірақ    оған    үлгермеді.    Тағы 

бірде    маған:  «Жымпитыда 

Сәбила    деген    қарындасым 

(мүмкін    жиен-шарық)  болып 

еді, сен соған  қатты  ұқсайсың», 

–  деп    отыратын.    Бірақ, 

ғұмырбаяндық 

анкетасында  

қарындасы    туралы    мәлімет 

жоқ.  


Бәлки,  осы    мақала      менің  

әкемді    білетін  немесе  естіген  

(анау    НКВД-да    істеген  

ағалары      жайлы    Қаратөбе,  

Жымпитының    мұрағатында  

мәліметтер  болуы  мүмкін  ғой  

деп  үміттенемін)  адамдардың  

көзіне  түсіп,  үмітімді  жандырар.  

Егер  ондай  жандар  табылып  

жатса,    менің    мекенжайым:  

индекс    120008,  Қызылорда  

қаласы,  Абай даңғылы, 44-үй, 

25-пәтер,  телефоным  –  23-82-

10.  Кеудемде  жүрегім  соғып  

тұрғанда,    Орал    жақтан    бір  

хабар    келетіндей    күдерімді  

үзбеймін, – деп Қызылордадан 

Ақ  Жайық  жаққа  елеңдеген 

Әсия апа әңгімесін аяқтады.

Біз    де    Әсия    апайымызға  

үмітіңіз    қуанышқа    ұласқай  

деп,    аманат    сәлемін  

оқырмандарымызға    жет-

кіземіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет