Б) көлденең қимасының ауданы 1дм2, ал жіңішке жерінікі 10см2 (А). Б поршенге әсер ететін 10кН күшті теңгеру үшін А поршенге қандай күшпен әсер ету керек?
Биіктігі 40см, ұзындығы 50см және ені 40см тіктөрт бұрышты ыдысқа толтырыла су құйылған болса, ыдыстың түбіндегі қысымды және судың салмағын анықта?
Uтәрізді қатынас ыдыстың ішіне сынап құйылды. Ыдыстыңбір жағына бағанасының биіктігі 0,8м болатын су құйылған, ал екінші жағына бағанасының биіктігі 0,2м керосин құйылса, онда керосин жағындағы сынап бағанасы қанша биіктікке көтерілген?
Бөшке ішіндегі мұнайдың деңгейі түбінен 9,5м биіктікте болса, онда оның бөшке түбіне түсіретін қысымын есепте. Сондай-ақ ауданы 290м2 түпке түсіретін жалпы қысымды анықта. (ρ=800кг/м3)
Цилиндр ыдысқа массасы бірдей сынап және су құйылды. Сұйықтардың екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі h=30см. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықта. (ρ=103кг/м3 , ρ=13,6*103кг/м3)
5-нұсқа
Керосин ішінде, оның деңгейінен 400мм биіктікте тығын тұр. Егер тығынның ауданы 16см2, осы тығынға керосин қандай қысым түсіреді? (ρ=800кг/м3)
Төртбұрышты шыны ыдыстың табанының ұзындығы 50см, ені 20см осы ыдысқа 5л су құйылды. Судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? (ρ=1000кг/м3)
Шаңғышының қарға түсіретін қысымы 2,5кПа. Егер бір шаңғының ұзындығы 190см, ал ені 8см болса, онда шаңғшының массасы қандай?
Жүгі бар тіркеменің массасы 2,5т. Әр дөңгелектің жолмен жанасу ауданын 125см2 тең деп алып, тіркеменің жолға түсіретін қысымын анықта.
U тәрізді қатынас ыдысқа су құйылған. Егер қатынас ыдыстың оң жағына массасы 8мг керосин құйылса, сол жағындағы су бағанасы қандай биіктікке көтерілер еді. Қатынас ыдыстың көлденең қимасының ауданы 2мм2.(ρ=0,8*103кг/м3, ρ=103кг/м3 )
Гидравликалық машинаның кіші поршеніне 150Н күш әсер еткенде, ол 8см-ге түседі. Ал үлкен поршень 1см-ге көтерілсе, онда оған әсер ететін күш қандай?
Қатынас ыдысқа сынап құйылды. Ыдыстың біреуіне деңгейінің биіктігі h1=0.8м су, ал екіншісіне деңгейінің биіктігі h2=0,2м керосин құйылса, сынап деңгейінің биіктігі h қандай болар еді? (ρ=0,9*103кг/м3, ρ=103кг/м3 , ρ=13,6*103кг/м3)
6-нұсқа
Топыраққа жанасып тұрған бетінің ауданы 1,5м2, көлемі 6м3 гранит текше топыраққа қандай қысым түсіреді? (ρ=800кг/м3)
10 балдық дауыл желдің тосқауылға түсірген қысымы 1100Па дейін. Ауданы 24м2 үй қабырғасына желдің түсіретін қысым күші қандай?
Мәрмәрдан жасалған іргетастың биіктігі 20м, ол оның табан ауданы 2м2 болса, тастың тұрған жеріне түсірілетін қысымын анықта? (ρ=2700кг/м3)
Ыдыстағы су бағанасының биіктігі 8см. Су ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді. Осындай деңгейде құйылған сынап қандай қысым түсірер еді. (ρ=103кг/м3 , ρ=13,6*103кг/м3)
Формасы куб тәрізді ыдыстың қыры 10см. Осы кубтың бүйір қабырғасына түсіретін орташа қысым күші 3,55Н болса, куб қандай сұйықпен толтырылған?
U тәрізді сынабы бар түтікке су және сынап құйылған.Түтіктегі сынап деңгейлері екі түтікте бірдей. Егер оң жақтағы керосин бағанасының биіктігі 20см болса, су деңгейінің биіктігі қандай болар еді. (ρ=0,8*103кг/м3, ρ=103кг/м3 )
U тәрізді қатынас ыдыстың ішінде сынап бар. Ыдыстың бір жағына бағанасының биіктігі h1=0.8м су, ал екіншісіне деңгейінің биіктігі h2=0,2м керосин құйылса, сынап деңгейінің биіктігі h қандай болар еді? (ρ=0,9*103кг/м3, ρ=103кг/м3 , ρ=13,6*103кг/м3)
7-нұсқа
Беті ашық ыдыстың ішіндегі сұйықтық 15см тереңдіктегі қысымы 1200Па. Осы сұйықтың тығыздығы неге тең?
Мұнай толтырылған ыдыстың 4м тереңдігінде, ауданы 30см2 шүмек бекітілген. Мұнай шүмекті қандай күшпен қысады?
Гидравликалық престің үлкен поргенінің ауданы 60см2, оған әсер ететін күш 2000Н болса, кіші поршеннің ауданын анықта?
Табандары аудандары бірдей екі цилиндрдің біреуі мыстан екіншісі биіктігі 6см-ге тең никелден жасалған. Олар көлбеу жазықтықта бірдей қысым түсіреді. Мыс цилиндрдің биіктігі қандай?
Суда қандай тереңдікте қысым 300кПа-ға тең болады?
Метро аялдамасының кіре берісінде барометр 101,3кПа қысымды көрсетіп тұр. Метро аялдамасының астындағы барометр 101674Па қысымды көрсетіп тұр деп есептеп, оның қандай тереңдікте орналасқанын анықтаңыздар.
Қатынас ыдыста сынап бар. Егер түтіктің біреуіне деңгейінің биіктігі 40см май құйса, сынаптың деңгейі екі түтікте бірдей болып қалу үшін, екінші түтікке биіктігі қандай су құю керек?