Аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру



Дата21.11.2022
өлшемі14,94 Kb.
#51488
Байланысты:
Документ


аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модкльдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, жобадай оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.
Әр тіл – адамзаттың байлығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын жол. Өйткені ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Әлемде басылып жатқан 10 миллион кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда./26/
Осы себептерге байланысты болар оқыту жүйесі яғни білім беру саласы жан-жақты дамып,талап күшейіп, өзгерістер енгізілуде.ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалардың ғасыры болмақ. Халқымыздың үш тіл білуі уақыт пен қажеттіліктен туындаған Елбасымыздың жобасы болып табылады.
Көп тіл білу-заман талабы.Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». /22/. Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» /27/- деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақ артық болмас. Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі.
Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі Абай Құнанбайұлы, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев сияқты талай тарландырымыз қанша жерден ресей топырақтарында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған.
Президентіміз кезекті жолдауында , 2050 жылға қарай қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарынан көргісі келетіндігін нақты айтып өтті. Алайда, осы мақсатқа жетуіміз үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, білімді және жан-жақты болуы керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді танып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті. /28/ Осы жерге нақтырақ тоқталып кетейік.Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын, жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі .Басқаша айтқанда, үш тұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренетін боламыз..
Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға, білімге алып бара жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену.
«Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» /29/
Ойымды қорыта келе, Елбасының мына бір сөзімен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет