Аударманың түрлері
94
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
на қарым-қатынасы бойынша ажыратылатын
аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді:
1. Дəстүрлі (қолжазбалы) аударма – адам
жасайтын аударма. Дəстүрлі аударманың келесі
түрлері ажыратылады:
1. Авторлық емес аударма (немесе жай аудар-
ма) – түпнұсқа мəтінінің авторы болып табыл-
майтын аудармашының тəржімасы.
2. Авторлық аударма (немесе автоаударма) –
түп нұсқа мəтіні авторының өзі жасаған аудармасы.
3. Автор мақұлдаған аударма – автор
талқылауынан өткен түпнұсқа мəтінінің аудар-
масы [1, 34-б.].
2. Машиналық (автоматты) аударма – ар-
найы бағдарлама бойынша компьютер жаса-
ған аударма. Машиналық аударма негізгі үш
жағдаяттарда сəтті қолданылуда [13]. Бі рін-
шіден, бағдарлама лексикалық жəне грамма-
тикалық құрылымы шектеулі, стандартты, тар
шеңберде мамандандырылған мəтіндерді ауда-
ру үшін құрастырылады. Екіншіден, машина
арқылы түпнұсқаның жалпы мазмұны жайлы
түсінік беретін көп көлемді аударманы алуға бо-
лады. Үшіншіден, жұмысқа редактор кіріседі.
Ол мəтінді аударуға дайындайды, яғни машина
үшін қиын сөздерін алып тастап немесе басқаша
жазып қайта редакциялайды немесе аударылған
мəтіндегі қателер мен дəлсіздіктерді түзетеді
[14, 338б.].
3. Аралас аударма – мəтіннің дəстүрлі
(неме се машиналық) өңдеуінің едəуір үлесін
пайдалану арқылы жасалған аударма.
Аудармаға қойылатын басты талап –
автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни
адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-
біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау
машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше
сол ерекшелікті айыра білу керек.
«Классtime» газетінің 15 ақпандағы №3
санында шыққан Жолымбет Мəкішев «Тұр-
пайы аудармалар шаршатып жіберді» де-
ген мақаласында: «Өкінішке орай, біздегі
аудармашылардың көбісі осы салада баяғыдан
бері келе жатқан «аудармашының міндеті ау-
дару емес, қазақша сөйлету» деген қарапайым
қағиданы біле бермейді. Сенің еңбегіңді жұрт
аударма емес, түпнұсқаның өзі екен деп қабыл-
дауы қажет емес пе? Бұған қабілеті жетпеген-
дерді тəржімаға жақындатпаған жөн. Ал бұл са-
лада білдей маман атанып жүргендердің көбісі
«аудармашының міндеті қандай?» деген сұраққа
«аудару» деп қарабайыр жауап қайтаратынына
сенімдімін. Мұндай тұрпайы түсінікпен біз қазақ
тілін өрге бастырмаймыз. Онсыз да қазақ тілі
қазір шала сауатты «мамандардың» кесірінен
аударма тіліне айналып кетті. Тіпті жай ғана ау-
дарма тілі емес, «түсініксіз тəржіманың» тіліне
айналды» [15] деп қазіргі аудармалардың сын
көтермейтіндігін қинала жазғанын көз көрді.
Сөз түйінін М.В. Ломоносовтың мына
сөзімен қорытындылағым келеді: «Егер белгілі
бір ойды өз ана тілімізде дəл бере алмасақ, мұны
тіліміздің оралымсыздығынан көрмей, өзіміздің
дəрменсіздігімізден көруіміз қажет».
Достарыңызбен бөлісу: