«Ауыл ағасыз, тон жағасыз болмай ды» дейтін қазаққа бұл жат емес


Еске алушылар: жұбайы — Қыдырбек, ұл-қыздары



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата06.03.2017
өлшемі2,91 Mb.
#7722
1   2   3

Еске алушылар: жұбайы — Қыдырбек, ұл-қыздары.

0 $ к ө п   опіг@ таі!.ги

С О Ң Ғ Ы   Б Е Т

АМАНАТ

АС АН   ҚАЙҒЫНЫҢ ЕСІМІ  ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ҚАЙ ТҮКПІРІНДЕ 



Б О Л С А  Д А  ЕЛГЕ  МӘЖҺҮР,  КЕҢІНЕН ТАНЫМАЛ. Ж ЕЛМАЯҒА 

МІНІП ЖЕРҰЙЫҒЫН  ІЗДЕГЕН АС АН   ҚАЙҒЫНЫҢ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР 

АЙМ АҒЫ Н А БАРҒАНДА С О Л  ЖЕРГЕ  БЕРГЕН  БАҒАСЫ,  БОЛ- 

Ж АМЫ , СӘУЕГЕЙЛІГІ  БҰРЫН Д А ,  ҚАЗІР ДЕ Д Ә Л М Е -Д Ә Л  КЕЛІП 

ОТЫРҒАН.  С О Л  ЕЛДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН АСТАСЫП  КЕЛЕДІ.

АС АН   ҚАЙҒЫНЫҢ ТАҒЫ  БІР АТЫ -  АС АН  АТА, ХАЛЫ Қ ОНЫ ӘУЛИЕ 

ТҰТАДЫ,  ЕРЕКШЕ ЖАРАТЫЛҒАН, ДАРАЛАНҒАН,  ҚАСИЕТ ҚОНҒАН 

ЖАН ДЕП  ЕСЕПТЕЙДІ.  ОСЫ  КҮНГЕ ДЕЙІН  ШИЕЛІДЕГІ  ЕСАБЫЗ АТА 

КЕСЕНЕСІНДЕГІ  МЕШІТІНЕ  КЕЛІП  ЗИЯРАТ ЕТУШІЛЕРДІҢ ЛЕГІ  ҮЗІЛГЕН 

ЕМЕС.


АСАН АТАНЫҢ

АРМАНЫ

Ел  а р а с ы н д а ғ ы   ә ң г ім е л е р д е  

Асанның әкесінің аты  “Салтты Сәбит 

екен ”  дейді.  Ал,  қазақ  тарихшысы 

Құрманғали  Хамитұлының  “Тауарих 

Хамса”  атты  кітабы  бойынша Асан 

қайғы  Ш ыңғыс  ханның  замандасы 

Ұлан  Майқы  бидің  алтыншы ұрпағы 

делінеді.  Асан  қайғы  өмірінің  біраз 

уақыты  Алтын  Орда  әмірш ілерінің 

б ір і  Ұ л ұ ғ-М ұ х ам е д тің   ж а н ы н д а  

өткен,  сонан  кейін Жәнібек ханның 

маңынан көреміз.  Шынын  айтқанда, 

Асан  қайғының  қай жылы,  қай жер- 

де  өлгені бүгінгі күнге дейін беймәлім. 

Бір  мәліметтерде  “Асан  Ата  қазіргі 

өзбек жерінде,  Жиделібайсында,  енді 

бірінде Ұлытаудың басында қайтыпты” 

десе,  ал, Шоқан Уәлиханов “Асанның 

зи р аты   Ы с т ы қ к ө л д ің   м а ң ы н д а ” 

дейді.  Бүгінде  Шиелідегі  Оқшы Ата 

кесенесінде  жерленген  Асан  атаны 

Асан  қайғы  баба  екен  деп  жүр.  Кім 

біледі, кезінде қазақтың игі жақсылары, 

әулие-әмбиелері, билері мен датқалары 

осы пантеонға қойылған деседі. Басын- 

да көнеден келе жатқан мешіті де  бой 

көтеріп тұр. Ол ықылым заманнан бері 

Асан Ата мазараты аталып келеді.

Желмаяға мініп, жерұйығын іздеген 

Асан Атаның нақ осы маңға жеткенде 

“әр  бұтасының түбінде  еті үзілмейтін 

Сыр еліне”, оның ішінде киелі Шиеліге 

келіп  тұрақ табуы әбден  мүмкін  ғой. 

Бұл аймақта әр бұтаның түбінен қоян, 

қырғауылы  күні  бүгінге дейін  табы- 

лары  айдан  аны қ.  Асан  қайғы  XV 

ғасырда өмір сүрген болса, сол дәуірде 

өмір сүрген  Бұқар жырау қалмақтың 

бірін  қалды рм ай  қы рып  ж іберген 

қытайлардан сескеніп,  бас сауғалаған 

халыққа:  «Шүршіт келсе  Сырға көш, 

ішетұғын  суы  бар»,  — деуі  тектен тек 

емес.


Ж ұртш ы лы қ  с а н ас ы н ан   б ерік 

орын  алған Асан  — халық  бақытын, 

ел  тыныштығын  ойлаған,  өз жыры- 

мен толғаған дана қария. Асан айтқан 

нақыл  сөздер,  толғау-жырлар  әрине, 

өте  көп  болған.  Бізге  соның  кейбір 

жұқаналары  ғана там-тұмдап  жетіп 

отыр.


Асан сөздерінің дені:

— Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер. 

Жалаңаяқ балпаңдап,

Қаздар қайтіп күн көрер,

Шыбын шықса жаз болып,

Таздар қайтіп күн көрер, — іспеттес

нақы л,  толғау  түрінде  келеді.  Бұл 

жолдардан  адам  тағдыры  ғана  емес, 

ж ан  иесі  м ақұлы қтарды ң  бәрін ің  

тіршілігі толғантқан, көне заманда өмір 

сүрген  көне  философ-гуманистердің 

типіндегі ойшыл Асан танылады. Кейін 

аңызға айналып,  есімі ұрпақ аузында 

құрметпен аталған адам теңіздей терең 

ақылдың  иесі  болғандығы  күмәнсіз. 

Зерделей қарасақ, Асан қайғының бізге 

жеткен толғауларының  басым  бөлігі 

Әз-Жәнібек ханға арнайы  айтылған. 

Алайда,  осы жағдайға қарап,  Асанды 

сарай ақыны деуге  болмайды.  Халық 

аңыздарында Асан  қайғы  жайында 

“Бұл  қария қашанда ханға жағынбай, 

жарамсақтанбай  тура сөйлеуші  еді” 

делінеді.

Бұл сөздің ақиқаттығы Асан қайғы 

толғауларынан-ақ айқын байқалып от- 

ырады. Мысалы:

— Ай, хан! Мен айтпасам білмейсің, 

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар, 

Аймағын көздеп көрмейсің. 

Мастанып кызып терлейсің, 

Өзіңнен басқа хан жоқтай.

Елеуреп неге сөйлейсің? — дейді ол

Жәнібек ханға.  Асан  өмір  сүрген  за- 

манда ханға бетпе-бет келіп жаңағыдай 

сөйлеу кез-келген ірі  шонжарлардың 

қолдарынан келмес еді. Бұл жерде Асан 

қайғы — халық тілегінің жоқтаушысы. 

Асан  қайғы  деген  анықтама  халық 

сүйіспенш ілігінің  белгісі  іспеттес. 

Асан мұңының тамыры тереңде. Оның 

негізінде халықтың сол кездегі тұрмыс- 

хәліне жаны ашығандық, өміріне көңілі 

толмаушылық  бар.  Асан  қайғысы  — 

бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың 

қамын  ойлағандықтан  туған  қайғы. 

Сондықтан да,  өз  толғауларында  ол

үнемі  халық  аты нан  сөйлейді.  Ба- 

жайлап  оқысақ,  Асан толғауларынан 

тек  сол  зам ан ға  ған а  тән   кей б ір 

суреттерді,  қазақ халқының  құралу 

дәуіріндегі белгілі тарихи оқиғалардың 

елесін  көр ем із.  “А сан  қай ғы н ы ң  

шығармалары  өз  тұсының  айнасы, 

ол  өз  дәуіріндегі  қазақ  халқыны ң 

мұңын,  тілегін көрсетеді”  деп жазған 

еді ғалым Б.Кенжебаев. Әбілхайыр хан- 

нан бөлінуге қарсы болмағанмен,  Асан 

қайғы ата мекеннен ат құйрығын үзіп, 

ұзап кетуді хош көрмегені байқалады.

— Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған. 

Оймауыттай тоғай егіннің,

Ойына келген асын жейтұғын! 

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң тойымды.

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылды кеңес қылмадың. 

Ойылдан елді көшірдің, 

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелеп отқа семірген.

Екі семіз қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген.

Еділ деген қиянға,

Еңкейіп келдің тар жерге,

Мұнда кеңес қылмадың...

Мұнан бізге ата-мекеннен біржола 

безуге Асан  қайғының риза  еместігін 

аңғарамыз.  Сондықтан,  Жәнібек,  Ке- 

рей хандардың  Моғолстандағы  Иса- 

Бұға  ханға  беттеп  көш кен  ұзақ  са- 

пар жүрісі Асанға мәнсіз де,  қажетсіз 

де  көрінді.  Елін  қимаған  ақын  арт- 

та  қалып  бара жатқан  қоныстардың 

артықшылығын айтып босқан жұртты 

қайырып,  Ж әнібек  көшін  тоқтатпақ 

болады.

— Еділ менен Жайықтың,



Бірін жазға жайласаң.

Бірін қысқа қыстасаң,

Ал қолыңды маларсың,

Алтын  м енен  күміске!  — дейді. 

Кейін,  1468  жылы  Әбілхайыр  өлген 

соң  өзбек  ұлтында  туған  аласапы- 

ранды  пайдаланып  қазақтар  өзінің 

ескі  қон ы стары н ы ң   ш ет  ж ағасы н

қайта басты. Асан жайындағы аңыздар 

көп.  С оны ң  ең  таңдаулысы  оның 

“Жерұйықты” іздеуі.

Асанқайғы  елдің  кешіп  отырған 

тұрм ы сы на  қанағаттанбайды ,  ме- 

кен  еткен  қоныстарын жерсінбейді, 

халықтың болашағын ойлап қамығады. 

Оның  ойынша,  жер  үстінде  адамзат 

тіршілігінде көруі мүмкін, жер жәннаты 

жұмақ бар,  оның аты “Жерұйық!” Бұл 

кісі жүзге  келмей  өлмеген,  малы  екі 

қайтара төлдеген,  елді жау алмайтын, 

малға жұт келмейтін  мекен. Ол  шөбі 

шүйгін, суы мол, шаруаға жайлы қоныс. 

Адамзат  қайғы  дегеннің,  қастандық 

дегеннің не екенін білмейтін,  ертеңім 

не болады деп ойламайтын елге ырыс 

жер,  онда жұрттың  бәрі  тең,  бәрі де 

шат-шадымен  тірлік кешеді,  ел  ала- 

сы жоқ,  ағайын  арасы тату.  Бірліктің, 

ырыстың, бақ-дәулетті, тыныш, бейбіт 

тұрмыстың белгісі ретінде қой үстінде 

бозторғай жұмыртқалайды.  Желмаяға 

мініп ұзақ азапты сапарға шығып осын- 

дай  “Жерұйықты”  іздейді,  төңіректің 

төрт бұрышын түгел кезеді.  Бірақ,  ар- 

ман  болған  “Ж ерұйық”  табылмай- 

ды.  Халыққа бақыт сыйламақ болған 

Асан қайғы өксіп келіп Ұлытаудың ба- 

сына жетеді.  Әлем  фольклорындағы 

ең таңдаулы  аңыздардың  бірі  осылай 

ауыр күрсініспен, мұңды толғаныспен 

аяқталады.

Қорыта айтқанда,  Асан  қайғы  ба- 

бамыз  бақыт дегеннің,  бақытқа жету 

жолындағы күрес дегеннің не екенін өз 

толғауларында айта білген, туған жерін 

сүйген,  ұрпақ  болашағын  ойлаған. 

Өзінің ғайыптан  болжайтын даналық 

дарыған қасиеті мен қадірлі толғаулары 

бүгінгі таңда да  өміршеңдігін  айқын 

танытады.  Бәлкім,  шынымен де  баба 

аңсаған жерұйықта отырған болармыз. 

Бабаның  болжап  кеткен нәрселерінің 

барлығы осы өңірден табылады. Бере- 

ке, бірлік, байлықтың бәрі осы өлкенің 

астында да,  үстінде де көзге оттай  ба- 

сылады.  Біздің  ел халқы  баба аңсаған 

бақыттың  еңбекпен ғана келетінін де 

жақсы біледі. Ылайым солай болғай!



Алтай АЙЫП.

АҚЫЛДЫҢ КІЛТІ



Д А Н А Л Ы Қ   С А И Ы С Ы

Ата д әстүрді насихат- 

тау м ақсаты нда А л м а- 

лы елді м екен інд е ауылдық 

клуб үйі қы зметкерлерінің 

ұйы мдасты руы мен «Ақ бата» 

атты а уд анд ы қ б атагөйлер 

сайы сы  болып өтті.

Халық даналығында «Жаңбырменен 

жер көгереді, батаменен ел көгереді» — 

деген нақыл сөз  бар. Қазақ арасындағы 

бір де бір жиын батасыз өтпейді. Мейлі 

ол той болсын, құдайы ас болсын бәрін 

жақсылыққа балап  барлығына да бата 

беріледі.  Тіпті,  күнделікті астан  кейін 

де бата берілмейінше қазақтың дастар- 

ханы  жиылмаған.

Батагөйлер  сайысына  аудандық 

Н артай  өнер  м ектебінің  директо- 

ры,  М әдениет  қ ай раткер і,  жырау 

Қ .Б екпейісов,  аудандық  м әдениет



ЛК батіі

үйінің  қызметкері А.Абдукаримова, 

А л м а л ы   а у ы л д ы қ   о к р у г і  ә к ім і

аппаратының  бас маманы  Б.Әбілдаев 

қазылық жасады.  Шиелі кенті мен әр

ауылдық  округтің намысын қорғаған 

батагөйлер даналық сайысына жоғары 

дайындықпен келгендіктерін көрсетті. 

Қ ари ялар  екі  ж асқа,  ж олауш ыға, 

дастарханға,  тойда берілетін  баталар- 

ды саралап,  өз білгендерін ортаға сал- 

ды. Ауыл өнерпаздары шараны әнмен 

әрледі.

Ақылдың кілтін сарапқа салған сай- 



ыста  3-ші  орынды  Еңбекші  ауылы- 

нан келген М.Сапарбаев пен Қарғалы 

ауылының  қаты суш ы сы   Е.Ә лтаев 

жеңіп алды. Алмалылық Ә.Усманов пен 

Жиделіарықтың қариясы Е.Әмірұлына 

жүлделі 2-ші орын бұйырды. Ы.Жақаев 

ауылынан  келген  Н.Махмұтов  1-ші 

орынды  иеленсе,  Досбол  датқа  ау- 

ылы нан  қаты сқан  Д.С арымолдаев 

бас  жүлдені  қанж ы ғасы на  байлап, 

батагөйлер  сайысының  жеңімпазы 

атанды.


Азиз АҚЫЛБЕКОВ.

№61  (8412) 6 тамыз, сенбі  2016 жыл

МЕЗГІЛ


ТАМЫЛЖЫҒАН

ТАМЫЗ  АЙЫ

Қ а за қ  -  жараты лы стан Ж аратушының хикметін тани 

білген халық.  Кез келген  құбылысты  ж ақсы л ы ққа  ниет 

етуге,  ізгі дұға тілеуге с еб еп  етуге б ей ім д ік қазақты ң 

табиғаты нда б ар.  «Ай  көрдік, а м а н   көрдік, бұрынғыдай за- 

ман көрдік» деп а й д а н   а й ға  а м а н  ж еткен ін е  шүкіршілік ет- 

кен.  «Ескі а й д а  есір кед ің , ж а ң а  а й д а  ж ары лқа» деп тағы 

д а  Ж ар а тқа н н а н  ж ә р д е м  сұр аған .  Мұның бәрі қазақты ң 

ж а н  дүниесінің тазалығының айғағы.

Міне, тамылжыған тамыз айы да келіп жетті. Жаздың соңғы айы  — та- 

мыз Х-ХІІ ғасырларда юлиан  күнтізбесіндегі тамыз айына сәйкес  болған. 

Бұл айдың аты ежелгі еврейдің «туммуз» деген сөзінен шыққан. Ал бұл сөз 

қазақ тілінде «сары» деген мағынаны білдіреді.  Осыған орай,  қазақтардың 

бұл айға қойған тағы бір атауы — «сарша тамыз». Тамыз айы келді дегенше, 

ауа райы қатты ыстықтан кейінгі саршада үркер туады.  Мал-жанға жайлы 

жаңбыр жауады. Бұл — үркердің толғағы деп аталады. Сары сарша — сарғаю, 

жердің құрғап, өсімдіктердің сарғаятын кезі. Тамызда егін піседі.

Тамыздағы амалдарға келер болсақ, таразының тууы. Тамыз айының орта- 

сында ауа райы салқын тартып, қою бұлт пайда болады. Алғашқы күз ныша- 

ны біліне бастайды. «Таразы туса — таң суыр, сүмбіле туса — су суыр» деген 

мәтел осыдан шыққан.

Сонымен қатар,  тамыз айында  қазақтың тарихында айтулы оқиғалар аз 

болмаған. Бұл айда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев дүниеге келген. Абай 

сынды ұлы ақын — халықтың ішкі жігер-қайратының жанар таудай алапат 

күшпен бұлқынған сәтінде, ғасырларда бір туатын тұлға.  Екіншіден, тамыз 

айында Қазақ елінің шекарасы тұңғыш рет ресми түрде бекіген екен.  Онда 

да тәуелсіздік алған соң емес, сонау 1920 жылы бекіпті. Сол жылы 26 тамыз- 

да «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» 

декрет жария етіліпті. Сөйтіп, Алаштың бір туар ұлдары  Әлихан Бөкейхан, 

Ахмет Байтұрсынұлы,  Әлімхан  Ермеков, Уәлитхан Танашев  сынды  аза- 

маттар  бүгінгі  Қазақстан жерінің тұтастығын қамтамасыз еткен,  қазақтың 

хатқа түскен тұңғыш шекарасын нақтылаған құжатты бекіттірген көрінеді. 

Сол жылы Қазақ жерінің тұтастығына қатысты мәселемен Әлімхан Ермеков 

айналысқан екен. Ол Мәскеуде 1920 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін 

болып, Ленинмен бірнеше рет кезіккен. Ақыры,  бүгінгі шекарамызға негіз 

болған құжатты қабылдаттырыпты. Бұл өзі «бұрын қазақта шекара болмаған» 

деп жүргендердің сөздерін жоққа шығаратын оқиға. Егер, сонау 1920 жылы 

осы құжат қабылданбаса, бүгінгі шекара да болмас па еді?!  Әлімхан Ермеков 

1920 жылы  17 тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері 

қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы 

туралы  мәселе қаралғанда,  Қазақстанның жағдайы туралы  баяндама жа- 

сайды.  Онда ол жер, Қазақстанның шекарасы туралы мәселелерді қамтып

өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, 

өз пікірін тиянақты, жан-жақты,  бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. 

Окупанттар өз кінәсін мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып 

алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы және Ертістің сол жағалауындағы 

ұлан-ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен  Қазақ еліне қайтарылады. 

Міне, тамыз айында осындай да оқиғалар болған екен.

Сонымен қатар,  тамыз айында төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсеке 

Олимпиада  ойындары  өтеді.  Олимпиада  ойындары  ең  ірі  халықаралық 

кешенді спорттық жарыс. Ол үнемі тамыз айында өтетіні баршамызға белгілі. 

Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылып, 1993 жылы 

Халықаралық Олимпиада комитетіне  мүше  болды.  Қазақстан олимпиа- 

да ойындарында барлығы 59 медальға ие болды, олардың 52-сі жазғы және 

7  қысқы олимпиада кезінде.  Еліміз  5 жазғы және  6  қысқы олимпиадаға 

қатысты. Алғашқы  4 жазғы  олимпиадаға қарағанда 2012 жылғы Лондон- 

да өткен кезекті олимпиадада қазақ спортшылары сәтті өнер көрсетті. Лон- 

донда Қазақстан 7 алтын,  1 күміс,  5 қола медаль алып, медаль саны бойын- 

ша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынды иеленді.

Міне,  тамыздың  6  күні әлемдегі ең әсем  қалалардың  бірі  — Рио-де- 

Жанейрода XXXI жазғы Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылда бір рет 

өтетін байрақты жарысқа әлемнің 206 елі қатысады. 2016 жылғы Олимпиада 

ойындарына Қазақстаннан 100-ден астам спортшы қатысады. Спортшыларға 

жанкүйер болып, әрине қолдау жасаймыз. Олимпиада ойындары — бүкіл елді 

біріктіретін ерекше шара. Біздің спортшылар бар өнерлерін ортаға салып, 

жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз.



Айнұр НАЗАРОВА.

П ӘТЕР САТЫЛАДЫ

Қызылорда қаласы  орталығында жаңадан  салынған  8-қабатты «Құралай» тұрғын 

үй кешеніндегі 1,2,3,4-қабаттағы пәтерлер сатылады, ш.м. — 210 000 теңгеден. 

Байланыс телефондары:  87775300606,  87755176575.



ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жөлек ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік меке- 

месінің  қаржы  саласы  жөніндегі  (есепші)  бас  маманы  (негізгі 

қызметкердің жүктілігіне және босануға дейінгі аралыққа 2016 жылдың 

18  сәуір-22 тамыз)  санаты  Е-С-3,  1-бірлік  (№09-01)  және  «Шиелі 

кенті әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  қаржы  саласы 

жөніндегі  (есепші)  бас маманы  (негізгі қызметкердің  бала күтіміне 

байланысты ақысыз еңбек демалысы 2016 жылдың 1 шілдесінен - 2017 

жылдың 26 тамызы аралығына),  санаты — Е-С-3,  1-бірлік (№01-5) 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға 

барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс хабарлан- 

дыруы 05.08.2016 жылы  жарияланғанын хабарлайды.



Ш иелі ауданы әкімі  аппаратының 

____________________________________________ конкурстық комиссиясы.

Меншік иесі:

Бас директор 

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

жауапкершілігі 

шектеулі серіктестігі

Шиелі аудандық

«Өскен өңір» газетінің редакциясы 

Бас редактордың міндетін атқарушы 

Нұрболат П ІРІМ БЕТ

Телефондар:

Бас директор - 8(7242)70-00-36

Бас редактор - 4-46-22

Бас редактордың орынбасары - 4-47-32

Жауапты хатшы, есепші

Факс: 4-49-07.

Газет Қазақстан Республикасы Байланы с ж әне ақпарат агенттігінде  19.06.2014 

ж. қайта тіркеліп,  № 14410-Г куәлігі берілген.  “Ө скен өң ір” аудандық газеті 

Қ Р С Т И С О  9001-2009  “ Сапа менеджменті жүйесі” талаптарына сәйкес 

сертификатталған.  Газет әр аптаны ң  сәрсенбі,  сенбі  күндері шығады. 

Қолжазбалар өңделеді ж әне кері қайтарылмайды.

Ж еке авторлардың пікірі редакцияны ң түпкілікті көзқарасы н білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, 

беттеліп,  “Сыр медиа” ЖШ С баспаханасында 

басылды. Тел:  8(7242) 40-06-68.

Газеттің таралымы бойынша 8(724) 32 4-47-32  және 

8(7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады. 

Қызылорда қаласы,  Бейбарыс Сұлтан көшесі, №4. 

Таралымы 5819.  Тапсырыс № 906.

Мекен-жайымыз:  120700, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, А.Ясауи көшесі, №109. Е-таі1: о8кеп_опіг@шаі1.гц



Кезекші редактор Айнұр НАЗАРОВА.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет