Сұрақ 34: Ұрпақтың өнім көрсеткішінің ата анасынан асып түсу қасиеті.
Жауабы: Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану. Гетерозис деп жануарлардың тіршілік қабілеті, өсу әнергиясы өсімталдығы, дене бітімінің мықтылығы , ауруларға төзімділігі жөнінен таңдаулы ата енелерінен асып түсу қабілетін айтады. С.А.Рузский және басқа ғалымдар будандастыру нәтижесінде алыған ұрпақ ата енелерінің орташа көрсеткіштерінен асып түсетін, шаруашылыққа пайдалы белгілер бар жағдайларды гетерозис әффекті деп есептеді, бірақ мұнда олар ата енелерінің таңдаулы қасиеттерінен аспауы тиіс.
Гетерозис алуға бағытталған селекция асыл тұқымды сұрыптау мен жұп таңдау теориясымен және практикасымен тығыз байланысты , жануарлар өнімділігін арттыру жолдарының бірі болып табылады. Өзінің генетикалық табиғаты жөнінен гетерозис инбридті депрессияға қарама қарсы. Оның гибридтердің немесе будандардың 1 ұрпағында ғана жақсы байқалуы- басты ерекшеліктерінің бірі. Бұдан соң гетерозис бірте-бірте «сөніп», будандарды басқа будандармен шағылыстыру арқылы алынған келесі ұрпақтарда гетерозис әффектін сақтауға арналған шаралар қолданылмаса , жайылып кетеді. Гетерозис бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған және мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы тәжірибесінде пайдаланылған , бірақ бұл құбылыстың көптеген теориялық мәселелерді әзірше жеткілікті зерттелмеген. Гетерозис әффектін тудыратын тұқым қуалау факторлары үйлесімділігінің механизмін ашу әрекеті әлденеше рет жасалған. «Гетерозис » терминін ғылымға А.Шелл (1914) енгізген, ол гетерозис деп гетерозиготалық әсерінен туған гибридтік күшті түсінген. Д.А.Кисловский гетерозисті түсіндіру үшін облигатты гетерозиготалық болжамын ұсынған. Бұл болжам бойынша организмде екі жақты – пайдалы және зиянды әсер ететін гендер болады, гетерозиготалы күйдегі осындай гендері бар организм тіршілікке барынша қабілетті болып келеді.
Д.А.Кисловский гетерозисті тұқым аралық кезек будандастырудың кейінгі ұрпақтарында да сақтап қалу мүмкіндінін алғашқылардың бірі болып теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Ол бұлайша будандастыру сіңіре және өнеркәсіптік будандастырудың жақсы жақтары мен ерекшеліктері өзара ұштасады деп тұжырымдады.