Ауыл шаруашылығы өндірісінің жер пайдалануын ұйымдастыру. Қарастырылатын сұрақтар



бет2/3
Дата13.10.2022
өлшемі205 Kb.
#42813
1   2   3
Жер пайдаланудың ауданын анықтау.
  • Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылық өндірістік қуатына және мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
  • Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажеттілі алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
  • Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді:
  • - мамандығы;
  • - өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
  • - қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
  • - жолдардың жағдайы;
  • - ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
  • - жер массивтерінің конфигурациясы;
  • - елді мекендердің орналасуы;
  • - сумен қамтамасыздығы.
    • Жер пайдалануды орналастыру
    • Жер пайдаланулардың әрқайсысын орналастырғанда:
    • 1. территорияның жағдайы және қалыптасқан ұйымдастырылуы есепке алынады.
    • 2. бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;
    • 3. өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;
    • 4. компакті массив ретінде;
    • 5. тегіс жерлерде квадратка немесе тікбұрышты төртбұрышқа ұқсас жасау;
    • 6. бірнеше учаскеден тұрганда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы болуы керек.
    • 7. әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы.
    • Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін бip қатар принциптерді нұсқау ету қажет:
    • 1) Жеке жер иеленушіліктердің орналасуы ауыл шаруашылығының әлеуметтік- экономикалық мүдделіктеріне, басқа осы территорияда орналасқан жер иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;
    • 2) Жер иеленушіліктің ауданы, біріншіден, шаруашылык өндірістің көлеміне, мамандандырылғандығына, екіншіден, аймақтық табиғи ерекшеліктерге сай болуға қажетті;
    • 3) Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін жер шаруашылыктың мамандандырылғандғына сай алаптардың аудандары мен түрлерін енгізу керек;
    • 4) Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі (конфигурациясы) әртұтас және өндіріс пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;
    • 5) Жер иеленуіліктің территориясындағы шаруашылық орталықтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, олардың өзара және алаптар мен сырттағы өндірістік орталықтарымен транспорттық байланыстарын қолайлыландыру қажетті.
    • Ауылшаруашылық жер иеленуіліктерге қандай өзгерістер болса да осы принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.
    • Ауылшаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.
    • 1. Жобаларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеудің мазмұны;
    • 2. Жобаның тиімділігі туралы ұғым және оның көрсеткіштері.
    • Жобаны экономикалық тұрғыдан негіздеу әрбір жер иеленушілік бойынша жобамен бipre жасалады. Бұл жөніндегі есептер екі мерзімге жасалады:
    • а) жобаны жасағанға дейін;
    • ә) жоба бойынша.
    • Жобаны дәлелдеудің мазмұны :
    • 1) жобалық жерге орналастыру есептері;
    • 2) жобаны ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдан негіздеу;
    • 3) варианттарды салыстыру (жобаның ең қолайлы нұскасын таңдап алу).
    • Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма бip қатар жұмыстарды қамтиды.
    • Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде тұрғын үй кұрылысының, мал қоралары мен кешендерді қосалқы өндірістік орталықтар мен секторлардың (машина-транспорттық, кұрылыс, қойма т.б.), елді мекендер арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан жабдықтаудың кұндарын анықтау.
    • 2) Әрбір вариант бойынша жыл сайынғы шығындардың көлемін белгілеу. Бұнда транспорттық және эксплуатацияльқ (пайдалану) шығындарды, аммортизацияльқ жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.
    • 3) Келтірілген шығындардың көлемін анықтау, яғни бip жылдық мерзімге келтірлген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.
    • 4) Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін есептеу, яғни неше жылдың ішінде жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.
    1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет