Ауқымын кеңейтіп



Дата28.11.2023
өлшемі17,58 Kb.
#130553
Байланысты:
Педагогика


1. Педагогика – тәрбие және білім берудің негіздері туралы пән. Екінші сөзбен айтқанда, педагогика пәні – тәрбие туралы ілім және терминнің шығуы гректің paides – бала, ago – жетектеу, ал сөзбе сөз мәні «пайдагогос» - «бала жетектеу» ұғымынан бастау алған. Кейіннен «педагогиканың» мән-мағыналық ауқымы кеңейіп баланың өсу, өркендеу жолын түсіндіретін өнер ретінде танылып, оларды оқыту, тәрбиелеу арқылы рухани жетілуін білдіретін және оған бағдар беретін ұғымға ие болды. Осы түсінік ХХ ғасырдың орта тұсына дейін көрсетілген шеңберде шектелсе, соңғы жылдар ішінде танымдық деңгейін, ауқымын кеңейтіп, тек баланың ғана емес, ересек адамдардың мамандық саласындағы танымына жетекшілік ететін пәнге айналды.
Педагогиканың ең басты міндеті – адам тәрбиелеу туралы туралы танымдық білім жүйесінде қол жеткен ұстанымды ғылыми тұрғыдан саралап, оның практикалық жолдары туралы бағдар нұсқау. Тәрбие мәселесі қай заманда болмасын күн тәртібінен түспейтін мәңгілік категория. Педагогика пәні – тұлғаның дамуын танып, білуді қамтамасыз ететін тәлім-тәрбиелік қарым-қатынасты білуге, меңгеруге, зерттеуге жол ашады, оқыту мен білім беру, өзін-өзі жетілдіріп, өрістетуге бағдар беріп, бұл саладағы тағылымдар мен оның әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Тұжырымдай келгенде педагогика - әрі ғылым, әрі өнер. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тәжірибемен қауышатын практикалық мәндегі пән.
Педагогика ғылымында бір-бірімен тығыз байланысты педагогикалық жүйеде алты құрылым бар. Олар мыналар: 1.Оқушылар; 2.Тәлім-тәрбиелік мақсат; 3.Оқыту; 4.Тәрбиелік мазмұн; 5.Дидактикалық процесс; 6. Мұғалім. Педагогикалық жүйенің бағдарлық негізі қоғамның мақсатына, білім-тәрбие беретін мекеменің мүддесіне, оқытылатын пәннің талабына үйлесімді құрылады.
Педагогика - қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым.
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, оның басты ерекшеліктері. Педагогика гуманитарлық білімдер жүйесімен тығыз байланыста дамиды. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінің құрамына енуіне қарай, педагогикалық мақсаттылық пен тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін, педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән болып саналады.
Адамзаттың даму тарихына назар аударсақ, алғашқы кезеңде педагогикалық ой жалпы философиялық білімдер жүйесі мен діни ілімдерден басталып, кейіннен олардан бөлініп, басқа ғылым салаларымен байланыста дамыды. Педагогиканың ғылым ретінде бөлініп шығуы ХVІІ ғасырдан басталып, педагогика ғылымдары жүйесінің дамуына алып келді.
Педагогика психологиямен тығыз байланыста қызмет атақарады. Психология адам психикасының даму заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Педагогика физиологиямен де тығыз байланысты, атап айтқанда жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Физиологиялық білімді меңгеру, танымдық іс-әрекет пен жеке тұлғаның әлеуметтену үрдістерінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы, олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы дертке шалдыққан балалар үшін, арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Мұндай мәселелерді кешенді зерттеулер арқылы ғана шешуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет