Қауіпсіздіктің


Зертханада ПБА-мен жұмыс істеудің негізгі талаптарын (ережелерін) сипаттаңыз? Патогендігі I-II топтағы қоздырғыштармен жұмыс жүргізген кезде мынаны сақтау қажет



бет17/23
Дата26.04.2023
өлшемі106,95 Kb.
#87167
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Pba-men z mys isteu kezinde auipsizdikti rt rli de gejleri s 2

Зертханада ПБА-мен жұмыс істеудің негізгі талаптарын (ережелерін) сипаттаңыз? Патогендігі I-II топтағы қоздырғыштармен жұмыс жүргізген кезде мынаны сақтау қажет:


  1. зертханалық үй-жайлар тұмшаланған болуы тиіс;

  2. жұқпалы аймақтың үй-жайлары жасанды іске қосылатын және шығатын жерінде жеңіл тазалайтын сүзгісі бар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталады;

  3. тоқсан сайын сарқынды судағы дезинфектанттың қалдық шоғырлануын және патогендік микрофлораны анықтау жүргізіледі;

  4. жұқтырылған жануарлармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларға кіретін жерде биіктігі 30 см болатын табалдырық орнатылады, бактериологиялық бокстардың, серологиялық және жедел зерттеулер жүргізілетін үй-жайлардың есіктері алдында дезинфекциялық ерітіндіге батырылған кілемшелер төселеді;

  5. патогендігі І-ІІ топтағы қоздырғыштармен барлық зертханалық жұмыстарды жүргізу қорғаныш костюмімен жүзеге асырылады. Қорғаныш костюмін қолдануға қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

Адамдардың, кеміргіштердің, эктопаразиттердің биологиялық материалын, сыртқы ортаның, жұқтырылған жануарлардың сынамаларын алуға және бастапқы өңдеуге байланысты барлық жұмыстар және оларды патогендігі І-ІІ топтың қоздырғыштарына зерттеу жұқпалы блокта 1-2 типті қорғаныш костюмдерін пайдаланып жүргізіледі.
Сап және мелиоидоз қоздырғыштарымен зерттеулер 4 типті қорғаныш костюмінде, резеңке қолғаппен, мақта-дәке бетпердесімен және қорғаныш көзілдірігімен жүргізіледі. Жұқпалы бөлімшелердің боксқа кіреберістерінде жұмыс аяқталған соң қорғаныш костюмдері шешіледі және залалсыздандырылады. ЖИТС орталықтарының зертханаларындағы жұмыс үшін, сондай-ақ ПТР қоюға арналған үй-жайларда 4 типті қорғаныш костюмі (мақта-дәке бетпердесі, резеңке қолғап, қалпақ немесе орамал, халат немесе пижама) пайдаланылады.
Зертхананың үй-жайынан қызметкердің қорғаныш киімімен шығуына және қызметкер жұқпалы материалмен немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеп жатқан кезде оны үй-жайдан шақыруға жол берілмейді;

    1. патогендігі І топтың қоздырғышын жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс күнінің соңында дене қызуын арнайы журналда тіркеу арқылы термометрия жүргізіледі;

    2. патогендігі І-ІІ топтың микроорганизмдерін жұқтыруы ықтимал материалды жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан бөлек ұсталады;

    3. күйдіргі қоздырғыштарымен жұмыс кезінде зерттеу ақталғаннан кейін зертхана үй-жайлары мен жабдықтарға осы қоздырғыштың көбеюіне тексеру жүргізіледі;

    4. зерттеулер нәтижелерін жазу шимай дәптерге жүргізіледі, бокстан шығару алдында дезинфекцияланады;

    5. жыртқыш құстардың және аңдардың нәжістерін бөлшектеу оларды 1% формалин ерітіндісінде 12- 18 сағат ұстағаннан кейін жүргізіледі;

    6. жәндіктер және кенелер, олардың тарап кетуін болдырмайтын арнайы үй-жайларда (инсектарийде) шарбақтарда немесе банкілерде ұсталады. Инсектарийді толықтыру үшін ауланған бүргелер қан сормаған жастары пайда болғанға дейін жеке банкілерде ұсталады;

    7. буын аяқтылармен жұмыс істеу кезінде қолданылған ыдысты қайнату арқылы дезинфекцияланады, қалдықтарға дезинфекциялық ерітінді құйылады немесе өртеледі. Құрал-саймандар қайнатылады немесе отқа қақталады. Бөзден жасалған қаптар сулы-сабынды ерітіндіде 30 минут бойы қайнату арқылы дезинфекцияланады;

    8. жұмыс аяқталғаннан кейін зерттелетін материал температурасы 18-20оС тоңазытқыш термостатқа салынады, үстел дезинфекциялық ерітіндімен, қолдар - 70о спиртпен өңделеді. Қызметкер аз уақытқа бокстан шыққан кезде есік кілтпен жабылады, кілт зерттеу жүргізетін қызметкерде сақталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет