Қауіпті жүктерді тасу қауіпсіздігі. Қауіпті жүктерді тасу көліктерінің түрлері


Тиеу және түсіру жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік талаптары



бет2/2
Дата14.02.2023
өлшемі24,01 Kb.
#67675
1   2
Тиеу және түсіру жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік талаптары
Жүктерді тиеу және түсіру, автомобильде оларды және тенттерді бекіту, сондай-ақ автомобильдердің, тіркемелердің және жартылай тіркемелердің ернеулерін ашу және жабу жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың немесе мамандандырылған ұйымдардың (базалар, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру лектері, жүк терминалдары және басқалар) күштерімен және құралдарымен осы Ережені және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізушілер, тасымалдау шартында қосымша шарттар болған кезде және осындай шарт ұжымдық немесе жеке еңбек шартында болған кезде ғана орындауы мүмкін.Жүргізуші автокөлік құралында жүктер мен тенттердің қойылуы және бекітілуінің мықтылығы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуін тексеруге, ал жүк пен тенттердің қойылуы мен бекітілуінде бұзушылықтар табылған жағдайда, тиеу жұмыстары үшін жауапты тұлғадан оларды жоюды талап етуі тиіс.Тиеу-түсіру жұмыстары, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізетін ұйымның басшысы тағайындаған жауапты тұлғаның басшылығымен орындалады.Массасы (бір орын) еркектер үшін 20 кг және әйелдер үшін 10 кг жүктерді олардың келісімімен тиеу мен түсіруді қоспағанда, жүктерді тиеу және түсіру жүк тиеушілер ретінде автокөлік құралдарының жүргізушілерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тиеу-түсіру жұмыстары әдетте, механикалық тәсілмен, крандардың, тиегіштердің және басқа жүк көтергіш құралдардың көмегімен, ал көлемдері шамалы кезде шағын механикалық құралдармен орындалады.Массасы елу килограмнан артық жүктерді тиеу (түсіру) үшін, сондай-ақ жүктерді 1,5 м артық биіктікке көтеру кезінде механизация құралдарын пайдалану қажет.
Доңғалақты контейнерлерді тиеу (түсіру) кезінде қозғалту үшін 500 Н (50 кг) аспайтын күш салуды қажет ететін контейнерді бір жүк тиеушіге жылжытуға рұқсат етіледі.
Ерекше жағдайларда тиеу және түсіру тұрақты емес орындарда, автомобильдің шанағындағы массасы 60-80 кг (бір орын) жүкті қолмен тиеуді (түсіруді) кемінде екі жүк тиеуші жүргізуге рұқсат етіледі.
Ауырлықты қолмен көтерген және жылжытқан кездегі әйелдерге арналған шектік рұқсат етілген жүктемелердің мынадай нормалары (көтерілетін және жылжылатын жүктің массасына ыдыстың - ораманың массасы кіреді) белгіленеді: 
1) ауырлықтарды көтеру мен жылжытуды басқа жұмыспен кезектестірген кезде (сағатына 2 ретке дейін) - 10 кг; 
2) жұмыстық ауысым бойы ауырлықтарды тұрақты көтеру мен жылжыту - 7 кг.
Ауырлықтарды жиырма метрге дейінгі қашықтыққа тасыған кезде еркектер үшін мынадай барынша жүктеме рұқсат етіледі: 
1) он алтыдан он сегіз жасқа дейін - 16 кг; 
2) он сегіз жастан жоғары - 50 кг.
Он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі жасөспірімдерге мынадай жүктерді: 1) үйіліп тиелетін (қиыршық тас, балшық, құм, астық, көкөністер); 
2) жеңіл салмақты (бос ыдыс, таяз ыдыстағы жемістер); 
3) майда даралы (кірпіш, блоктар); 
4) кесілген материалдар (тауартірек, жұқа тақтай).
Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін орындарда жүк көтергіш тетіктерге қызмет көрсету аймағында, бұл жұмыстарға тікелей қатысы жоқ тұлғаларға болуға рұқсат етілмейді.
Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлға жұмысты бастау алдында жүк көтергіш тетіктердің, такелаждық және басқа тиеу-түсіру мүкаммалының жарамдылығын тексеруі тиіс.
Жарамсыз тетіктер мен мүкәммалды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін орындар тиісті МЕМСТ талаптарын ескере отырып анықталынады.
Жүк көтергіш тетіктер, строптаушылар, такелажшылар мен жүк тиеушілер жұмыс істейтін орындарда тайғанаудан сақтану үшін траптар (төсеме тақталар), платформалар, өтетін жолдар тазартылуы, қажетті жағдайларда құм немесе ұсақ күл себілуі тиіс.
Егер тиеген және түсірген кезде, осы жұмысты орындайтын тұлғалар үшін қауіп туса, онда тиеу-түсіру жұмыстарының жүргізілуі үшін жауапты тұлға жұмысты тоқтатуы және қауіпті жоюға шаралар қабылдауы тиіс.
Жүктерді қатарлап немесе үйіп жинаған кезде жүктерді үстінен ғана алуға рұқсат етіледі.
Бөшкелі домалайтын жүктерді тасымалдау үшін жіберілетін автокөлік құралдары ағаш сыналармен және қажет жағдайда ағаш төсемелермен (тақтайлармен) қосымша жинақталуы тиіс.
. Жүк тиеушілерге түскі үзілістен басқа, олардың жұмыс уақытына кіретін демалуға арналған үзіліс беріледі.
Бұл үзілістердің ұзақтығы мен бөлінуі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Темекі шегуге тек қана жұмыстағы үзіліс кезінде және бұл үшін арнайы бөлінген орында ғана рұқсат етіледі.
Автокөлік құралдарымен тасымалданатын жүктер массасы бойынша үш санатқа, ал тиеу, түсіру және тасымалдау кезіндегі қауіптілік дәрежесі бойынша төрт топқа бөлінеді.
Жүктер массасы бойынша мынадай санаттарға бөлінеді: 
1) 1-санат - массасы (бір орын) 80 кг кем, сондай-ақ сусымалы, майда даралы, үйіп тасымалданатын
2) 2-санат - массасы 80-нен 500 кг дейін; 
3) 3-санат - массасы 500 кг артық.
803. Қауіптілік дәрежесі бойынша жүктер: 
1) 1 - аз қауіпті (құрылыс материалдары, тамақ өнімдері); 
2) 2 - өз өлшемдері бойынша қауіпті; 
3) 3 - шаңдатқыш немесе жанғыш (цемент, минералды тыңайтқыштар, асфальт, битум); 
4) 4 - тиісті МЕМСТ талаптарын ескере отырып, жіктелетін және таңбаланатын қауіпті жүктерге бөлінеді.
Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау "Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысымен бекітілген Қауіпті жүктерді автокөлік құралымен тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтуі және қауіпті жүкті тасымалдайтын автокөлік құралдары мен жүргізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 наурыз 2004 жылғы N 316 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бірінші санатты жүктерді қоймадан тиеу орнына дейін немесе түсіру орнынан қоймаға дейін тасымалдау, егер көлденең бойынша қашықтық жиырма бес метрден аспаса, ал сусымалы жүктер үшін (үйіп тасымалданатын) - үш жарым метр болса, қолмен ұйымдастырылуы мүмкін.
Қашықтық үлкен кезде мұндай жүктер тетіктермен және құралдармен тасымалдануы тиіс.
Екінші және үшінші-санатты жүктерді тасымалдау, тиеу және түсіру барлық тұрақты және уақытша тиеу-түсіру алаңдарында (пункттерде) механикаландырылған болуы тиіс.
Автомобильдің шанағына жүкті ақтара тиеген кезде, ол шанақтың ернеуінен (стандартты немесе өсірілген) аспауы тиіс және шанақтың бүкіл ауданы бойынша біркелкі салынуы тиіс.
Шанақтың ернеуінен асып тұрған даралы жүктерді берік ақаусыз такелажбен (арқанмен, жіппен) байлау қажет, бұл ретте металл арқан мен сымды пайдалануға рұқсат етіледі.
Жәшікті, бөшкелі домалағыш және басқа даралы жүк аралықсыз тығыз қойылуы, қозғалыс (күрт тежеген, орнынан қозғалған және оқыс бұрылыстар) кезінде шанақтың едені бойынша жылжи алмайтындай етіліп бекітілуі немесе байлануы тиіс. Жүк орындары арасында аралық болған кезде, олардың арасына берік ағаш аралық төсемелер мен тіреулер қойған дұрыс.
Бөшкелі домалағыш ыдыстағы жүктерді бірнеше қатарға қойған кезде, оларды бүйір бетімен сырғауылдар бойынша домалатады. Сұйық жүгі бар бөшкелерді тығынын жоғары қаратып қояды. Әрбір қатар тақтайлардан жасаған төсемелерге, барлық шеткі қатарлардың астына төселу арқылы қойылуы тиіс. Сыналардың орнына басқа заттарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Бөшкелі домалағыш жүктерді қолмен домалату жолымен артуға (түсіруге) рұқсат етіледі. Егер алаңның едені мен шанақтың едені әр түрлі деңгейлерде орналасса, онда бөшкелі домалағыш жүктерді, бір орынның массасы 80 кг аспаған кезде екі жұмысшы қолмен сырғауылдар бойынша артуы (түсіруі) тиіс, ал массасы 80 кг артық кезде жүктер берік арқандардың көмегімен немесе тетіктердің көмегімен тиелуі (түсірілуі) мүмкін.
Жәшікті жүкті жылжытқан кезде қолды жарақаттаудан сақтану үшін әрбір жәшікті алдын ала тексеру қажет. Шығып тұрған шегелер мен жәшіктердің металл қаптағышының шеттері қағылуы тиіс.
Шаңдататын жүктерді, жапқыштармен және тығыздағыштармен жабдықталған автокөлік құралымен (ашық шанақтарда) тасымалдауға рұқсат етіледі.
Шаңдататын жүктерді тасымалдаумен, тиеумен және түсірумен айналысатын жүргізушілер мен қызметкерлер шаң өткізбейтін көзілдірікпен және тұмсыққаппен, ал улы заттарды тасымалдайтындар - газқағармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Күн сайын арнайы киімнің шаңы қағылуы немесе залалсыздандырылуы тиіс.
Тұмсыққаппен немесе газқағармен жұмыс істеген кезде жұмысшыларға, оларды босату арқылы мезгіл-мезгіл демалыс берілуі тиіс.
Тұмсыққаптың сүзгісі ластанғанына қарай, бірақ ауысымына бір реттен сирек емес ауыстырылуы тиіс.
Автокөлік құралының көлемдік өлшемдерінен асатын ұзындығы бойынша 2 м және одан артық жүктер (ұзын көлемді жүктер), жүктер оларға мықтап бекітілуі тиіс ұзартылма тіркемелері бар автомобильдермен тасымалданады.
Ұзын көлемді даралы жүктерді (рельстер, құбырлар, арқалықтар, бөренелер) тиеу және түсіру механикаландырылған болуы тиіс. Қолмен түсіру берік сырғауылдарды қолдануды қажет етеді. Бұл жұмысты кемінде екі жүк тиеуші атқаруы тиіс.
Ұзындығы әр түрлі ұзын көлемді жүктер бір уақытта тасымалданған кезде, қысқалау жүктер жоғарыда орналасуы тиіс.
Ұзын көлемді жүктерді (құбырларды, рельстерді, бөренелерді) ұзартылма тіркемесі бар автомобильге тиеген кезде автомобильдің кабинасының артында орнатылған қалқан мен жүктің тік жағының арасында, бұрылыстар мен айналыстарда жүк қалқанға жанаспау үшін саңылау қалдыру қажет. Тежеу және ылдимен қозғалу кезінде жүктің алға жылжуын болдырмау үшін жүк мықтап бекітілуі тиіс.
Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу алдында панель тасығыш тіркеменің рамасының астына, оның шалқайып кетуінен сақтану үшін әр жағынан бір-бірден екі тіреуіш қойылуы тиіс.
Шалқайып кетуін болдырмау мақсатында жартылай тіркемелер алдыңғы бөлігінен бастап тиелуі, ал артқы бөлігінен бастап түсірілуі тиіс.
Қауіпті жүктер мен олардан босаған ыдыс, Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес тасымалдауға қабылданады және тасымалданады.
Қауіпті жүктер бар барлық жүк орындарында, жүк қауіптілігінің түрін, ораманың үстін, орамада сынғыш ыдыстардың барын белгілейтін жапсырмалар болуы тиіс.
Автоцистерналарды толтыру және құйып алу белгілі бір заттарға арналған сорғыларды қолдану жолымен жарамды шлангалар немесе құбырлар арқылы айдаумен жүргізілуі тиіс.
Жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды автоматты жүйемен құйған кезде жүргізуші құюды авариялық тоқтату пультінің жанында болуы тиіс, ал цистерналарға аммиакты суды құйған кезде жүргізуші жел жағынан тұруы тиіс.
Қауіпті жүкті автокөлік құралына тиеу және оны автокөлік құралынан түсіру, автокөлік құралында орнатылған және оның қозғалтқышымен іске қосылатын сорғының көмегімен жүргізілетін құю және құйып алу жағдайларын қоспағанда, қозғалтқыш өшіп тұрған кезде ғана жүргізілуі тиіс. Жүргізуші бұл жағдайда сорғыны басқару пультінің жанында болуы тиіс.
Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және жүктерді тасымалдау кезінде: 
1) жарылыс қаупі бар жүктерді тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде темекі шегуге және ашық отты пайдалануға; 
2) жүкті байлау үшін металл тросты немесе сымды пайдалануға; 
3) жүкті сыналау үшін ағаш сыналардың орнына басқа заттарды қолдануға; 
4) бөшкелі домалағыш жүктерді, олардың салмағына қатыссыз арқаға (иыққа) салып тасуға; 
5) домалап келе жатқан бөшкелі домалағыш жүктердің алдында немесе сырғауылдарға домалатылып жатқан жүктердің артында тұруға; 
6) жүктерді көлденең жазықтық бойынша, оларды шетінен итеріп домалатуға; 
7) ыстық жүктерді ағаш шанақтарға артуға
8) шеттері автомобильдің бүйірлік көлемдерінен шығып тұрған жүктерді тасымалдауға; 
9) автомобиль кабинасының есіктерін жүкпен қалқалауға; 
10) ұзын көлемді жүктерді кониктердің тіреулерінен асырып артуға; 
11) ұзын көлемді жүкті немесе кониктерді, оның үстінде тұрып бекітуге; 
12) шыны ыдыстағы жүкті, қозғалыс кезінде төменгі қабатты сынудан сақтайтын тиісті аралық төсемелерсіз бір-бірінің үстіне (екі қатарға) қоюға; 
13) қауіпті заттар мен тамақ өнімдерін немесе жем-шөп жүктерін бірлестіріп тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Қауіпті жүгі бар автокөлік құралын амалсыз, оның ішінде техникалық ақаулықтан тоқтатқан кезде жүргізуші автокөлік құралының артында 30-40 м қашықтықта Жол қозғалысы ережесіне сәйкес авариялық тоқтау белгісін немесе жыпылдақ қызыл шам қоюға және егер қауіпті жүкті тасымалдау шарттарында көзделсе, автокөлік құралын жолдың шегінен тыс көшіруге шаралар қабылдауға және де егер техникалық ақаулықты өз күштерімен жою мүмкін болмаса, дереу техникалық көмек шақыруға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет