Ауытқушы мінез-құлық-қабылданған əлеуметтік нормаларға сəйкес келмейтін іс- əрекеттер мен қылықтар.
Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез - құлықты айтамыз. (И.А. Невский); Л.Кулагин оқудың сәтсіздігі мен мінез – құлық ауытқуының қайнар бұлағы физикалық және психикалық денсаулық жағдайының әр түрлі ауытқуларының әлеуметтік, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалуында. Көп жағдайда мінез- құлықтың ауытқуы туа пайда болған психикалық және физиологиялық кемістіктердің себептерінен ғана емес, сонымен қатар, отбасы мен мектепте дұрыс тәрбие бермегеннің салдарынан болады деп дәріптейді.
Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез - құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс - әрекет жүйелері ретінде қарастырады.