Ауызша және жазба тіл



Дата06.01.2022
өлшемі13,1 Kb.
#13716
Байланысты:
ауызша және жазба тіл


ауызша және жазба тіл
Жазу-сызу білетін адам мен қара танымайтын адамның ойлауы мен сөйлеуінен өзгешелік бірден байқалады. Адам кішкентай кезінен отбасы, үй ішінде, ауыл, аула айналасы, қоғамдық орындарда (көлік, дүкен, асхана т.б.) ауызекі тілді меңгеріп, ал теледидар, радио, мәдени орындардағы сөйленіс- терден әдеби тілде сөйлеуді аздап естіп өседі. Ал мектепке барып, сауатын ашқаннан жазуды пайдаланып, біреуге жет- кізетін ойын хат, қолхат арқылы немесе іштегі ойын сөйлем, мәтін (шығарма, әңгіме) құрау арқылы білдіреді. 2-сыныптан бастап жазба тіл жүйесін меңгере бастайды. 7-8 сыныпқа келгенге дейінгі бала белгілі авторлардың көркем шығармаларын оқып, мазмұндап, ойды көркемдеп жеткізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесіне тоқып, санасына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайдаланып, белгілі бір мотиві бар ойын сыртқа көркемдеп жеткізу дәрежесіне жетеді (шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-8 сыныпта еркін тақырыптағы шығармашылықтың жоғары деңгейі көрінеді. Оқушылар сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты көркемдеп, әсірелеп жеткізуге төселе бастайды (көркем әдебиет стилі). Жас кезеңде балалардың көркемдік сезімін ояту негізгі мақсат саналады. 9-11 сынып бағдарламасы шығарманың авторы, кейіпкері, оқиғасының өту дәуіріне талдау жасауға ауысады. Бала енді сезіміне әсер еткен мотивті әсірелеп жеткізуді емес, оның себебін іздеуге шығады. Сөйтіп, шығармасында салқынқандылық, саналы ой көріне бастайды (публицистикалық стиль). Бала мектепті осы үрдісте аяқтайды да, кейін ЖОО-да лекция, семинар есебінен өз мамандығының терминологиясымен танысып, жеке салаға маманданады (ғылыми стиль). Ал жұмысқа ор- наласқанда қызмет бабындағы ресми сөйлеу, ресми ісқағаз- дар стилін меңгереді. Сонда тіл ауызша және жазба болып бөлінеді. Ауызша тіл ауызекі сөйлеу тілі (отбасы, аула т.б.), бейтарап әдеби тіл (БАҚ тілі, шешендік сөз, дәріс, жиналыс), ресми тіл (мектеп бағдарламасы, ғылыми конференция, жи- налыс сөзі т.б.) деп бөлінеді. Жазба тіл жазба ауызекі тіл (хат, қолхат, интернет тілі) және жазба әдеби тілге (көркем- сөз, шаршысөз, ғылыми сөз, іскери сөз стилі) ажырайды. Со- нымен тілді меңгеру деген ауызекі сөйлеу тілінен жазба әдеби тілге қарай (әсіресе ғылыми, ресми ісқағаздары) қиындай түседі. Ол, ең алдымен, жазу жүйесінің күрделілігінен шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет