Ауру тарихы науқас: Клиникалық диагноз: Негізгі ауруы: цвб онмк



бет3/16
Дата25.05.2023
өлшемі48,24 Kb.
#97637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Anamnesis vitae: Науқас 17.10.1953жылы туылып жасына, жынысына сай өсіп жетілген. Жоғары білімді. 1977 жылдан тұрмыста: 4жүктілік, 4 босану. Алғашқы етеккірі 13 жасында. Соңғы етеккірі 50 жасында болған. Зиянды әдеттері жоқ. Вирусты гепатит, ТБС, мерезбен және т.б тері венерологиялық аурулармен ауырмаған. 1990ж кесар тілігі жасалынған, асқынусыз. 2007жылдан «Артериялық гипертензия ІІІ дәреже, ҚТ-4», 2017 жылдан «ЖКС, Миокард инфаркты, ST сегментінің жоғарылауынсыз» және «Созылмалы жүрек шамасыздығы, ФК-1» диагноздарымен «Д» есепте тұрады. АҚҚ мах 180/100мм.с.б
Гемотрансфузиялық анамнез: Соңғы 6 ай ішінде гемотрансфузия болмаған. Эпидемиологиялық анамнез: соңғы 2 апта ішінде инфицирленген науқастармен, жануарлармен контакт болмаған; соңғы 2 апта ішінде дене қызуы жоғарылауы, кене шағуы, қанды бөлініс, қанды бөлініспен құсу, мұрыннан және қызыл иектен белгісіз қан кету болмаған. Аллергиялық анамнез: науқастың баласы айтуы бойынша тағамға және дәрілік заттарға аллергиялық реакциясы жоқ.
Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ.
Status praesens соmmunis
Науқастың жалпы жағдайы: Науқастың жалпы жағдайы орташа ауыр. Санасы бұлыңғыр. Оң жақты гемипарез. Төсектегі қалпы пассивті.
Қабақтың, көз астының ісінуі байқалмайды. Көзінің қарашықтарының формасы бірдей және жарыққа қарай алмау байқалады. .
Мұрнының формасы дұрыс. Ауыз бұрыштары симметриялы. Ернінің түсі ашық қызғылт, жаралар мен қотырлануы жоқ.
Дене бітімі: Дене пішіні -гиперстеникалық. Температурасы 36,40С, бойы 154 см, салмағы 79кг, ДСИ-33, бел айналымы-98, бөксе айналымы-105см. Тері жамылғысы: Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары өзгермеген. Терісінің түсі қалыпты аздаған қызғылт, тургоры жақсы, әйелге тән түктену, пигментация, депигментация, бөртпе, тамырлық өзгерістер, қан құюлулар, тыртықтар, трофикалық өзгерістер, ісіктер анықталмайды.
Еріннің, мұрынның, көздің, қабақтың, таңдайдың шырышты қабаттарының түсі қалыпты. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Араны қызармаған, бадамша бездері ұлғаймаған. Көзге көрінетін шырышты қабықтарда (мұрын, ауыз) ешқандай өзгерістер (кеуіп жарылуы, түсінің бозаруы, энантемалар) жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет