8. Шақырту кезінде медицина қызметкері науқасқа көмек көрсетпеген, науқастың өлім себебі неде. Медицина қызметкері жауапкершіліктің қандай түріне тартылады:
Материальды
Тәртіптік
Әкімшілік
Қылмыстық
Моральді
9. Шақырту кезінде фельдшер мен науқастың туыстары арасында жанжал пайда болды. Егер фельдшер қателігі анықталса, жауапкершіліктің қандай түріне тартылады:
Қылмыстық
Тәртіптік
Әкімшілік
Материальды
Моральді
10. Бассүйек-ми жарақатына ұшыраған ессіз және қ ұсу қаупінде жатқан науқасты ауруханаға тасымалдау әдісін көрсетіңіз:
Арқасына жатқызып
Бас жағын көтеріп, арқасына жатқызу
Ішіне жатқызып
Бас жағын көтеріп арқасына жатқызу
+ Бір бүйіріне жатқызып
11.Шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігін жолда тоқтатып, көшеде жатқан жәбірленушіге көмек көрсетуді талап етсе, жедел жәрдем дұрыс әрекетін таңдаңыз:
Тоқтамай, қасынан өтіп кету
Тоқтап көмек көрсете алмайтынын түсіндіру және басқ ажедел жәрдем бригадасын шақыртуды ұсынып, кетіп қалу
Тоқтап, жәбірленушінің бар екендігіне көз жеткізу, өз әрекетін аға дәрігермен келісіп, науқасқа жедел жәрдем көрсету
Болған жағдайды диспетчерге хабарлап, жанынан өтіп кету
Диспетчер арқылы шақыртуды басқ ажедел жәрдем бригадасына хабарлау
12. Жол тайғағы кезінде 3 автомобиль соқтығысып, нәтижесінде 5 адам зардап шекті және 1 адам қайтыс болды. Бұл жағдай қалай жіктелу керек:
Техногенді апат
Өндірістік апат
Жол-көліктік оқиға
Төтенше апат
Табиғи апат
13. 47 жастағы науқаста кеуде артында сол иыққа берілетін қатты ауыру сезімі, әлсіздік, суық жабысқ ақ тер пайда болды. АҚҚ 90/60 мм.с.б. Желілік бригада «Жіті миокард инфаркты, кардиогенді шок» диагнозын қойды. Науқасқа арнайы бригада қандай мақсатпен шақыртылуы керек:
1. Диагнозды нақтылау, қарқынды ем немесе реанимациялық шара жүргізу және ауруханаға жеткізу
2. Науқас пен туыстарының сұрауы бойынша
3. Ауырсыздандыру, көктамырға вазопрессорлық және нитраттық инфузия жүргізу, ауруханаға жеткізу үшін
4. Науқасты арнайы ауруханаға тасымалдау үшін
5. Бригадада көмекшілердің жетіспеуіне байланысты жатқан науқасты тасымалдау үшін
14. 53 жастағы ер адамға «Жіті миокард инфаркты» диагнозы қойылды. Арнайы жедел жәрдем бригадасы қажетті емдік шараларды жүргізді және науқасты ауруханаға жатқызу қажеттігін ұсынды, бірақ науқас одан бастартты. Осы жағдайда медицина қызметкерінің қандай шешім қабылдау керек:
1. Емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау
2. Арнайы бригаданың науқасқа 2-3 сағаттан кейін қайта баруы
3. Аға дәрігерге бас тарту жөнінде хабарлау және емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау
4. Науқастан бас тарту жөнінде жазбаша қолхат алу және аға дәрігерге бас тарту жөнінде хабарлау, емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау
5. Науқастан бас тарту жөнінде жазбаша қолхат алу және аға д рігерге бас тарту жөнінде хабарлау, науқасқа 2-3 сағаттан кейін қайта бару
Достарыңызбен бөлісу: |