«Авеста»жинағының түркі,қазақ тарихы мен әдебиетіне қатыстығы



бет2/3
Дата26.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#40280
1   2   3

Мысалы, қазақ халқы жыл басын Наурыздан бастайтыны осының бір көрінісі. Көне Ресейде де 14 ғасырға дейін осылай болған. Қостанай, Орынбор, Челябі облыстары шекараларының түйіскен жерінде 1987 ж. табылған көне Арқайым қаласы бұдан 4 мың жыл бұрын түгелдей Веда мәдениетінің үлгісімен салынған. Заратуштраның отаны осы маң деген болжам бар. Өз елі мойындамай қуғынға салған соң, Заратуштра оңтүстікке бет алып, Парсы (Иран) жеріне келеді. Бұл елдің патшасы Виштаспа Заратуштра ілімін қабылдап, оны мемлекет көлемінде бекітеді. Оның дүние жүзі өркениетіне әсері 1,5 мың жылға созылды. VII ғасырда арабтардың Иран мен Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде Авеста мәтіндері бірте-бірте жойылып, көпшілігі ұмытылды. Бүгінгі таңда авеста тауды паналаған парсылар мен Үнді жеріне (Бомбей) ығысқан заратуштра дінін тұтынушылар арасында ғана сақталған.

Сақталған Авеста мәтіні мынадай бөліктерден тұрады: «Тағзым ету» яснасында арабтар жаулап алғаннан кейін қуғын көрген құдайлар мен батырлар тізіп келтіріледі және жалпы алғанда кейінгі кезде, ең алдымен зороастралық қауымдардың қажеттері үшін жазылған, алайда өте ертедегі мәтіндер, атап айтқанда, Гаталар — дәстүрді Заратуштраның өзіне апарып тірейтін салтанатты әндер, соңдай-ақ бірсыпырадешталар (Хом- яшт, Срош-яшт және басқалар) да бар. Виспрат («әділет салмағы») — яснаға рәсімдік косымша. Видевдат («Дәулерге карсы заң») — зороастрашылардың күнделікті мінез-құлқы туралы, негізінен кейінгі кезде жазылған, бірақ өте ежелгі заманнан келе жатқан фрагменттер де бар өмір салттың, мәтіндер мен бұйрықтардың жинағы. Яшталар («ән-ұрандар») — өте ежелгі дәуірден, кейде үнді-иран қауымы дәуірінен келе жатқан және Орта Азия мен оған жапсарлас жатқан Иран мен Ауғанстанның ертедегі тұрғындарының рухани өмірін зерттеу үшін көп ақпарат беретін құдайлардың ән-ұрандары. Ғылымда «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (3 – 7 ғасырлар) Авеста 21 кітаптан құралған. Біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. Олар екі нұсқадан тұрады. 1-нұсқасы әр түрлі кітаптардағы мінәжаттар. 2-нұсқасы дінге, құқыққа, табиғатқа, дүние жаратылысына байланысты әуендерден, дұғалардан, ән-ұрандардан тұрады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет