View (Вид) менюін ашып, Toolbars (Панели) таңдаңыз. Toolbars (Панели) қосымшасында Customize (Адаптация) сұқбаттасу терезесі шығады.
Toolbars өрісінде курсорды қажетті аспаптар тақтасына әкеліңіз және оның солжағындағы тікбұрышты тышқанмен шертіңіз. Онда белгіше (галочка) пайда болады, ал аспаптар тақтасы программаның графикалық аумағында пайда болады. Сізді қызықтырған аспаптар тақтасының қарама – қарсысындағы жалауша тақтаның экранға шығатындығынан мәлімет береді.
Customize (Адаптация) терезесін жауып, оң жақ жоғарғы бұрыштағы Close (Закрыть) кнопкасын тышқанмен шертіңіз.
Тақталарды экранда орналастыру. Тақтаны шақырғаннан кейін, оны прграмма терезесенің графикалық аумағында тиімді орналастыру қажет. Жеке терезе түріндегі қалқымалы тақта терезенің атауынан және терезеде орналасқан кнопкалардан тұрады. Бекітілген тақта кнопкалардан және тақтаның басында екі жақын орналасқан қырлар – белгілерден тұрады (бұл жағдайда терезенің аты жазылмайды). Экранда тақтаны қажетті орынға жылжыту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Тақтаны горизонталь жағдайда орналастыру үшін, оның терезесіндегі атын тышқанның сол жақ кнопкасымен екі рет шертіңіз. Аспаптар тақтасының белгісін екі рет шерту, оның қалқымалы жағдайға ауыстырады.
Тақтаны вертикаль жағдайға жылжыту үшін курсордың сілтемесімен (указатель) тақтаның атын немесе белгісін іліп алып, және тышқанның сол жақ кнопкасын басып ұстай отырып, тақтаны программа терезесінің графикалық аумағының сол немесе оң жақтағы шекарасына келтіріңіз. Тақтаны горизонталь жағдайда орналастыру үшін, оны графикалық аумақтың жоғарғы немесе төменгі жағына келтіріңіз.
3. Тақтаны жою үшін Delete (Удалить) кнопкасын тышқансен шертеңіз.
4. Тақтаны кнопкамен толықтыру үшін Customize (Адаптация) сұқ-баттасу терезесіндегі Commands (Команды) қосымшаны ашыңыз. Categories (Категории) тізімінен оның категориясын, сонан соң Commands (Команды) тізімінен қажетті команданы таңданыз. Тышқанның сол жақ кнопкасын ұстап тұрып, таңдалған кнопканы аспаптар тақтасына әкеліңіз және тақтада қосымшаның орнына қара вертикаль кесінді пайда болған кезде жіберіңіз.
5. Кнопканы аспаптар тақтасынан жою үшін, оны тышқанның сол жақ кнопкасымен ұстап тұрып, экранның графикалық аумағына апарыңыз.