Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді талдау әдістері



Дата17.10.2022
өлшемі14,07 Kb.
#43606
Байланысты:
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді талдау әдістері


Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді талдау әдістері
Жалпы анализ (талдау) деген ұғымы жүйенің басқа элементтерімен жəне қоршаған ортамен өзара байланыста қарастырылатын элементтердің статикалық жəне динамикалық сипаттамаларын кейіннен белгілеп, оның декомпозициясына негізделген жүйені зерттеу үдерісі ретінде түсініледі. Жүйені талдаудың мақсаттары: жүйені тиімді пайдалану жəне оны ары қарай жетілдіру немесе ауыстыру бойынша шешім қабылдау үшін оны егжей-тегжей зерделеу; ең жақсы нұсқасын таңдау үшін жаңа құрылатын басқару жүйесінің балама нұсқаларын зерттеу. Басқару жүйесін талдау міндеттеріне: • анализ объектісін айқындау; • жүйені құрылымдау; • оның функционалдық ерекшеліктерінбелгілеу; • ақпараттық сипаттамаларын зерттеу; • жүйенің сандық жəне сапалық көрсеткшітерін анықтау; • жүйенің тиміділігін бағалау; • анализ нəтижелерін талдап қорыту жəне рəсімдеу кіреді. Талданатын ақпараттық жүйе пəн саласындағы объект болуы үшін: талданатын басқару жүйесін қоршаған ортадан бөліп шығару; осы жүйенің мақсаттары мен міндеттерін айқындау; жүйенің қосалқы жүйелерін бөліп шығарып, оның бастапқы 14 декомпозициясын жүргізу қажет. Зерттеуші екі талдау бағытының біреуін жүзеге асыра алады: жүйені ықтимал жаңғырту жолдарының қажеттілігін бағалау үшін жүйенің жай-күйін анықтау; оңтайлы нұсқасын таңдау үшін жаңа құрылған жүйенің нұсқаларын зерттеу. Жүйені талдау үдерісі мынандай əрекеттермен толықтырылуы мүмкін: • қосалқы жүйелерді жəне жүйенің жұмыс істеу үдерісіне оң немесе теріс əсер ететін қоршаған орта жағынан кедергілерді бөліп шығару; • жүйенің жұмысын бағалаудың негізгі жəне екінші дəрежедегі өлшемдерін белгілеу; • жүйе жұмысының кейбір жалпы алгоритмдерін белгілеу талпыныстары. Саладағы ААЖ құрылымын əзірлеген кезде: • жүйе тораптары жиынын жəне олардың арасындағы байланыстарды анықтау; • автоматтандырылған жүйенің техникалық құралдары көмегімен орындалатын міндеттердіжіктеу; • міндеттерді қосалқы жүйелер бойынша үлестіру; • жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалық жəне аппараттық құралдарды таңдау қажет. ААЖ құрған кезде технологиялық үдерістерді басқару үдерісін қолдау үшін: • технологиялық үдерістерді өндірістік қосалқы жүйелер бойынша үлестіру схемасын əзірлеу; • басқару функцияларын белгілеу жəне өндірістік қосалқы жүйелер бойынша жіктеу; • жүйенің функцияларын іске асыру үшін алгоритмді əзірлеу немесе таңдап алу қажет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет