Автоматтандырылған оқыту жүйесі



Дата09.11.2022
өлшемі18,87 Kb.
#48922

Автоматтандырылған оқыту жүйесі
Ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаты түпкі пайдаланушыға ақпаратты беруде тұрады. Ақпараттық-іздестіру жүйелерінде бұл мақсатта арнайы сұрау салу тілі қолданылады. Сондықтан осындай жүйелердің жұмысын талдаған кезде екі талдау түрі ерекше мəнге ие
болады: функционалдық жəне ақпараттық.
Ф у н к ц и о н а л д ы қ т а л д а у оның жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мынандай көрсеткіштер негізгі маңызға ие болады:
• жүйеге түпкі пайдаланушыға ақпараттық ресурсты беру үшін
қажетті уақыт;
• алынған нəтижелердің пайдаланушының сұрау салуына сəйкестігі дəрежесі;
• оларды пайдалану пайдаланушының сұрай салуын өңдеу үшін қажетті есептеуіш ресурстар;
өткізу қабілеттілігі, яғни жүйе уақыт шамасы ішінде өңдейтін құжаттар жəне ақпараттық сұрау салулар саны.
Жүйенің өнімділігі пайдаланушылар санын жəне олар тарапынан жүйеге жүгіну жиілігін сипаттайды.
Сенімділік — бұл жүйенің берілген жағдайларда талап етілетін уақыт ішінде өз функцияларын орындау ықтималдығы.
Сондай-ақ, жүйе қызмет көрсететін ақпараттық сұрай салулардың түрлерін есепке алу қажет.
Алынған ақпараттың сапасын бағалау əдістемелерінің бірі пайдаланушыға құжаттарды беру үдерісін сипаттайтын жалпыланған көрсеткіштер жинағына негізделген. Осындай тəсілдеме кезінде мынандай құжаттар ауқымы белгіленеді :
• A— берілген релеванттық құжаттар ауқымы;
• В — берілген релеванттық емес құжаттар ауқымы;
• С — берілмеген релеванттық құжаттар ауқымы;
• D— берілмеген релеванттық емес құжаттар ауқымы.
Келтірілген құжаттар жіктеуіне сүйене отырып, ақпараттық-іздестіру
Сапаны бағалау толықтық, дəлдік, шу, тұнба жəне ерекшелік коэффициенттері негізінде жүргізіледі. Толықтық коэффициенті релеванттық құжаттар ауқымындағы
берілген релеванттық құжаттар үлесін сипаттайды
𝑝 = 𝑎
𝑎 + 𝑐
Дәлдік коэффициенті барлық берілген құжаттар ауқымындағы берілген релеванттық құжаттар үлесін сипаттайды:
𝑡 = 𝑎
𝑎 + 𝑏
Шу коэффициенті берілген құжаттар ауқымындағы берілген релеванттық емес құжаттар үлесін сипаттайды:
𝑠 = 𝑏
𝑎 = 𝑏
Тұнба коэффициенті барлық релеванттық емес құжаттар ауқымында берілген релеванттық емес құжаттар үлесін сипаттайды:
𝑞 = 𝑏
𝑏 + 𝑑
Ерекшелік коэффициенті релеванттық емес құжаттар ауқымында берілмеген релеванттық емес құжаттар дүлесін сипаттайды:
𝑘 = 𝑑
𝑏 + 𝑑
А қ п а р а т т ы қ т а л д а у жүйедегі ақпараттық ағымдарды жəне деректер ауқымын зерттеуді көздейді жəне деректерді беру, өңдеу сақтау, көрсету жəне енгізу-шығару əдістері мен құралдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық талдау үдерісінде қолданылатын көрсеткіштерге:
• ақпараттың көлемі жəне оны беру жылдамдығы;
• берілетін хабарламалардың сенміділігі;
ақпараттық ағымдардың бағыты;
• ақпараттың сапалық құрамы.
Жүйені ақпараттық талдауды орындау үшін ақпараттық жүйені қосалқы жүйелерге бөліп, ақпараттық ағымдардың бағытын жəне олардың сипаттамаларын айқындау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет