Автоматтандыру туралы жалпы мағлұмат



бет3/6
Дата29.03.2023
өлшемі0,84 Mb.
#77321
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
“Аурухана жұмысын автоматтандыру22

Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал екіншісі – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.

Fields панелінен керек деген өрісті таңдап аламыз. Стрелкасы бар кнопка арқылы сол өрісті Child Fields қосымша кестелер тізіміне қосамыз. Осыдан кейін ОК кнопкасын басамыз.Нәтижесінде 9-суретте көрсетілген терезе ашылады. Сілтеме деңгейіндегі бүтінділік сақталады.



BDE Administrator – да мәліметтер қоры драйверлерін және жалған аттарын құру және көру.
Delphi қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.



BDE Administrator программасы түрлі типтегі BDE мәліметтер қорының жаңа драйверлерін көруге, құруға, түзетуге мүмкіндік береді. Ол төмендегі 10-суретте көрсетілген:

Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бір қолданушылық режимде жұмыс істейді. Standart драйверлері үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және Path – деректер базасына жол.


Бұл программа терезесі екі беттен тұрады:
Databases-мәліметтер қоры және Configuration- конфигурация. Сол жақ панельде мәліметтер қорының жалған аттарының бұтақшасын көре аламыз. Кез келген бір жалған атты ерекшелеп, оң жақ панельде Definition драйвері сипаттамаларын көре аламыз. Paradox мәліметтер қоры үшін Standard драйвері қолданылады және минималь сипаттамалары: Type-драйвер аты, Path- мәліметтер қорына жол. Path параметрлерін ерекшелеп көп нүктелі кнопканы көреміз. Ол кнопканы басқанда жаңа каталогын таңдауға мүмкіндік беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет