Аягөз ауданына



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата21.03.2017
өлшемі13,25 Mb.
#10091
1   2   3   4

Жылдың 

айшықты 

мезеттері

5

№ 1 (10401) бейсенбі 1 қаңтар 2015 жыл.



Шілде  айында  Шығыс  Қазақстан 

облысы кәсіпкерлік палатасының Аягөз 

филиалы ашылды. 

Байқошқар 

ауылдық 

округінің 

«Горный»  орта  мектебінің  11-сынып 

оқушысы 


Кимерсан 

Наурызбай 

«Дарын» 

республикалық 

ғылыми-

тәжірибелік  орталығының  ғылыми 



жобалар  байқауында  II-орынға  ие 

болып, күміс медальмен марапатталып, 

облыс  әкімі  стипендиясының  иегері 

атанды. 


Аягөзде 

Елбасының 

ұсынған 

«Үдемелі  индустриялық-инновациялық 

даму» бағдарламасы аясында жобалық 

құны  340,0  млн.  теңге  болатын  қызыл 

кірпіш шығаратын завод ашылды. 

2013-2015  жылдарға  белгіленген 

ірі 

жобалардың 



бірі—Қабанбай 

батыр  көшесінде  4  жолақты  жолды 

құрылымдау басталды. 

Майлин  ауылдық  округінің  «Жаңа 

талап»  (төрағасы  О.Ұзақов)  шаруа 

қожалығының    қойы  асыл  тұқымды 

шаруашылықтар арасында Бас жүлдеге 

ие  болып  «Шыңғыстау»  жәрмеңкесінің 

чемпионы атанды. 

Қазақ  журналистикасының  Аягөз 

өңіріндегі  қара  нары,  Қазақстан 

Журналистер 

Одағының 

мүшесі, 


Аягөз  аудандық  газетінде  ширек 

ғасыр 


редактор 

болған 


Рысхан 

Дүйсенғазиннің  90  жасқа  толуына 

орай,  салтанатты  шара  және  жастар 

арасында жыр мүшайрасы өткізілді. 

Аудандық  Мәдениет  сарайында 

тұңғыш рет «Бақытты отбасы» байқауы 

өтті. 

Қаламызда  қазақ  эстрадасының 



жұлдыздары  Ернар  Айдар,  Еркін 

Нұржанов,  «Меломен»  тобының  ән 

кештері өтті.

Қазақстанда  алғаш  рет  қыркүйек 

айының  соңғы  күні  «Еңбек  күні» 

мерекесі  деп  атап  өтілетін  болды. 

Осыған  орай,  биыл  облыста  «Еңбек 

күні» аталып өтті. Аудан намысын «Өз 

мамандығының  үздігі»  номинациясы 

сайысына:

--«Ең үздік дәнекерлеуші»--«Қамқор 

Локомотив» 

ЖШС-нің 

филиалы—


Аягөз  локомотив  жөндеу  депосынан  –

Есмұхаметов Манарбек Бертысұлы.

--«Ең  үздік  слесарь-жөндеуші» 

--«Қамқор 

Локомотив» 

ЖШС-


нің  филиалы  --Аягөз  локомотив 

жөндеу  депосынан  –Құлжанов  Саят 

Сарқытқанұлы  жүлделі  үшінші  орынға 

ие болды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш 

Сыртқы  Істер  Министрі,  жерлесіміз 

Төлеутай  Сқақұлы  Сүлейменовтың 

жүлдесіне 

бокстан 

Халықаралық 

турнир өтті. 

Ақшатау  ауылының  А.Көшкімбаева 

атындағы  орта  мектеп  оқушысы 

Ақбота Амангельдина I-Республикалық 

балалар  фестиваліне  қатысып,  Бас 

жүлдені жеңіп алды. 

Қазақтан  шыққан  тұңғыш  мал 

дәрігері, 

жерлесіміз 

Бейсенбай 

Тойсаринге 

Мәдениет 

ауылында 

ескертіш  тақта  қойылып,  Е.Рахмадиев 

атындағы  мектепте  атаулы  кабинет 

ашылды. 


Шыңғожа  ауылында  орта  мектепте 

ұстаз  Дина  Уатаеваның  атындағы  

кабинет ашылды. 

Қазан  айында  орталық  мешіт 

ауласында  «Рухани  келісім»  аллеясы 

бой көтерді. 

Гір 

тасын 


көтеруден 

Аягөз 


ауданының  құрама  командасы—облыс 

чемпионы атанды. 

№1  орта  мектептің  химия  пәнінің 

мұғалімі  Аяулы  Қанағатова  облыстық 

олимпиаданың жеңімпазы болды. 

Баршатас ауылында Нұралы батыр 

мешіті салынып, пайдалануға берілді. 

Әлем 


чемпионатында 

«Танк 


батальоны»  10810  әскери  бөлімінің 

экипажы екінші орынды иеленді.



Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 

жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай 

діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама 

заңдылығына негізделген болу керек. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау 

алады. Келер 2015 жыл қой жылы.

Астрологиялық деректер 2015 жыл оның алдындағы жылдарға қарағанда тыныш әрі бейбітшілікте 

өтеді дейді. Екінші жартыжылдық жағымды өзгерістер мен сәтті шешімдерге толы болады. 2015 

жылы үш ғаламшар – Юпитер, Сатурн және Уран Зодиак белгілерін өзгертеді. Сондықтан 

қоғамның ниеттері де өзгереді. Жаңа істер бастауын алып, жаңа мұраттарға жетелейді. 

Бастысы қиындықтарға мойымай, оларды жеңіп шығу. Төзімділік танытқан адамдар міндетті 

түрде табысқа кенеледі.

Қой жылынан не күтеміз?



Уа, ағайын, уа, халқым жасанайық, 

Жаңа жылды нұрлы жолда қарсы алайық. 

Асықпасақ жаңа бақыт бастауына, 

Жаңа жыл той бастарынан кеш қаламыз! 

Жаңа жылға жаңа сенім арттып тың

Жер жаңғыртып би билейік, уа, халқым. 

Әр шаңыраққа шашып жұпар гүл исін, 

Жағып кетсін мәңгілік ел шыршасын! 

Жаңа жылым жаңа сыйы Алланың, 

Аспандатқан Қазақстан атағын. 

Кетсін алтын-сап күміске қапталып, 

Сұңқарлармен асқақ ұлық тауларым! 

Бүгін байрам, сауық-сайран, думаным, 

Бағым жанып, жарқырап тұр маңдайым. 

Қуаныштан ешкім қалыс қалмасын, 

Ешкімнің де қабағын мұң шалмасын! 

Таңдай қағып талайыма таңданам, 

Ата жастан бала жасқа айналам. 

«Қартайдым» деп уайымдайтын мен емес, 

Жаңа жылда жасарамын қайтадан! 

Жаңа жылым жайна жарқын қабақпен, 

Ақ батаңмен төрлет құтты аяқпен. 

Жаңа табыс, жаңа шабыт бағыштап, 

Жырларымды жаңғырт дербес ырғақпен! 

Тәуелсіздік—табынатын құраным, 

Тәуелсіздік-иман тілім айбарым. 

Аймалаған алтын күн...көк қыраным! 

Көркі болсын мәңгі  бейбіт аспанның! 

Болсадағы өмір деген қас-қағым

Айтқаным жоқ тағдырыма еш шағым. 

Әр жыл сайын  қартайсам мен жасармай, 

Бұл өмірге жаралмас ем, боп ақын. 

Бір-біріңді аялаңдар, аяңдар, 

Жалқыларға жар болыңдар, жараңдар.

Сыңары жоқ—жүпсіздерді жүптейтін, 

Мұқтаждарға нар болуға жараңдар! 

Кеткен жоқ па, сәл алыстап араңдар, 

Жақындауға асығыңдар, самғаңдар. 

Жеткен де бар, жетпеген де бұл күнге, 

Кім бар, кім жоқ?! Айналаңа қараңдар! 

Жаңа жылға жеткендер ең бақытты, 

Тек тірілер ғана соған лайықты. 

Бір-біріңді құттықтаңдар тірілер, 

Шүкір деп бақ талайыңа боп разы! 

Ассалаумағалейкум Жаңа жылым, 

Дүркін-дүркін қуантасың мені күн-түн. 

Мәңгілік құт-берекемнің Бисмилләсі

Бүгініңнің қалқаны –Нұр болашағым.

...Ассалаумағалейкум, азат елім!

 

 

 

21.12.2014ж.

Баһор Рәһим (Идеқұт) 

Құт-берекем боп 

төрлет

 

Қамшының  сабындай  ғана 



қысқа  ғұмырында  адам  баласы 

ғасырға  жетерлік  іс  тындырады, 

артына  өшпес  із  қалдыруға 

тырысады.  Бұл  заңды  құбылыс. 

Балғын  балалық  шақтан  кейін 

жалындаған жастық кезең келеді. 

Міне,  осы  тұстан  бастап—туған 

жерінде еліне қызмет етуді, мақсат 

    АРДАГЕР ТІЛЕГІ

Адам ұрпағымен мың жасайды

тұтып, еңбек ете бастайды. 

Ақшатау  ауылының  тумасы 

Сіләмғазы  Өміртайұлы  әскери 

борышын  өтеп  келген  соң, 

туған  ауылында  еңбек  жолын 

бастады.  1977  жылы  қазіргі 

Ақшәулі 

ауылына 


қоныс 

аударып,  табан  аудармай  34 

жыл еңбек етіп, зейнетке шықты. 

Жаратылысынан 

жайдары 

мінезді  Сіләмғазы  Өміртайұлы 

құда-жекжат, 

ауылдастары, 

жора-жолдастары, 

туыстары 

арасында  беделді,  сыйлы  еді. 

Зайыбы  Күміс  Смағұлқызымен  5 

ұл, 2 қыз тәрбиелеп, олардан 19 

немере,  3  шөбере  көрді.  Барлық 

балаларының 

жоғары 


білім 

алуына  жағдай  жасады.  Бүгінде 

Сіләмғазы  Өміртай  әулетінде—

дәрігер,  мұнай  саласы  мен 

құрылыс  және  қоғамдық  тәртіп 

күзеті  саласының  мамандары, 

ұстаз  да  бар.  Шаңырағы  биік, 

босағасы 

берік, 

жапырағын 



жайған  алып  бәйтеректей  үлгілі 

әулет. 


Мен ұзақ жылдар Сіләмғазымен 

үзеңгілес  дос  болдым.  Өмірлік 

ұстанымыз,  мақсатымыз  бен 

арманымыз  да  бір  арнаға 

тоғысып  жатушы  еді.  «Жан 

жолдас»  --деген  сөздің  қасиетті 

ұғым  екенін  өмір  өткелдерінде 

жақсы  түсіндік.  Қуаныш  пен 

қиындықты да бір кісідей көтердік. 

Тектінің  тұяғы—асыл  азаматтың 

қысылған  кезеңде  саған  иығын 

тосар  мәрттігін  де,  мейірімі 

мен  адамгершілігін  де  көрдік.  

Сіләмғазы  Өміртайұлы  өмірден 

өткенімен, «адам ұрпағымен мың 

жасайды» деген емес пе, Ақшатау 

мен Ақшәулінің аралығында адал 

еңбегімен  әкесі  салған  соқпақ 

жолды 

жалғастырып 



жатқан 

ұрпақтары бар. 

Жастарға  айтарым,  бүгінгідей 

алмағайып 

заманда—адами 

құндылықтарды, 

әсіресе, 

достықты 

бағалай 

біліңдер. 

Бірлік,  ынтымақ—баға  жетпес 

қазына. 


 

 

 



Т.Ахметов, 

Ақшәулі ауылының тұрғыны.

ШҚО  мәдениет,  мұрағаттар  және 

құжаттама  басқармасының  «Мемлекеттік 

мұрағат»  КММ-нің  Аягөз  филиалы  1963 

жылы 4 маусымда құралған. 

Бүгінгі  таңда  мұрағатта  он  төрт  адам 

еңбек етеді, оның жетеуі мұрағатшы. 

Үш  мұрағатшы  жоғары  білімді,  біреуі 

жоғары  санатты,  қалғандары  орта  санатты 

мұрағатшылар.

Аягөз  мұрағатында  63157  сақтау  бірлігі 

бар.  Аса  мақтанатын  қорлар  бұл  соғыс, 

еңбек  және  білім  саласында  қызмет  еткен 

ардагерлердің  жеке  тектік  құжаттары 

олар  С.Сабитов,  Б.Бародин,  С.Жунусов, 

И.Айнажаров 

Қ.Қалиев, 



С.Абенов, 

У.Байшашев, М.Жанжигитовалар.

Сонымен қатар, аудан көлемінде мұрағат 

қызметкерлері 

көптеген 

мекемелерге 

методикалық  көмек  көрсетеді.  Биыл  отыз 

жеті мекемеге методикалық көмек көрсетіліп, 

отыз  бір  мекеменің  істер  номенклатурасы 

бекітіліп берілді.

Аудан бойынша жүз үш мекеме мұрағат 

қорын толықтыру көздері болып табылады.

Осы  жылдың  ішінде  аудан  халқы  мен 

мекемелерден  және  алыс-жақын  шет 

елдерден 1583 әлеуметтік - құқықтық негіздегі 

өтініштер түсіп қанағаттандырылды.

Мұрағатшылар  тарапынан  түсіндірме 

үшін  екі  рет  аудан  көлемінде  семинар  - 

кеңестер  өткізілді.  Қызметкерлеріміздің 

шама  -  жарқынша  аудан  және  облыс 

көлеміндегі 

барлық 


мәдени 

және 


қайырымдық іс- шараларына ат салысуда.

Осы  жыл  көлемінде  талай  жылға 

табысты еңбектері үшін  бір мұрағатшымыз 

(Ж.Кенжебекова) 

Облыстық 

басқарма 

тарапынан  марапатқа  ие  болса,  екі 

мұрағатшы 

(Т.Тағаев, 

Б.Бостанова) 

Облыстық 

мұрағат 


тарапынан 

марапатталды,  бұл  мамандар  он  жеті, 

жиырма  жылдай  еңбек  етіп  келе  жатқан 

тәжірбиелі мамандар.

Жастар  жағы  да  заман  талабына  сай, 

кәсіби  деңгейлерін  жоғарлатып  отыр. 

Олар: 

А.Ахмешов, 



А.Ахметқалиева, 

С.Оразалинов,  С.  Тұрарбековалар.  Енді 

алдағы      жылы  аталып  өтілетін  Ұлы  Отан 

Соғысының 75 - жылдығына көлемді көрме   

ұйымдастыруды  қолға  алудамыз,  -  дейді 

мекеме  директоры  Куренкеев  Қанағат 

Селеубайұлы.  Қазақ  Ұлттық  Әл-Фараби 

атындағы мемлекеттік университетінің тарих 

факультетін  тарихшы-архивист  мамандығы 

бойынша бітірген. Жанұялы, екі баласы бар.

Шағын ғана ұжым еңбек ететін, мыңдаған 

жандардың құжаттары шоғырланған мекеме 

Жаңа 2015 жылды үлкен жетістіктермен зор 

үмітпен қарсы алып отыр.



С.Сағындыққызы.

Аягөз мұрағатында 63157 сақтау бірлігі бар

Спорт  мектебі  және    мектеп-

гимназияның 

спортзалдарында 

«Жаңа  Жыл»  мейрамына  арналған 

волейболдан  ерлер  командалары 

арасында  аудандық  турнир  өтті. 

Ашылу салтанатында аудандық дене 

шынықтыру  және  спорт  бөлімінің 

басшысы 


– 

Ш.Нұрмұхаметов 

жарысқа  қатысыушыларды    «Жаңа 

Жыл» 


мейрамымен 

құттықтап,  

сәттілік тіледі. 

 

Жарысқа  қатысқан  командалар: 



Білім  бөлімі,  Әскери  госпиталь, 

Д.Бабатайұлы  ОМ,  №  10810  ә/б,  № 

10181  ә/б,  Ақтоғай,  Қопа,  Ақшәулі, 

Өркен,  Бидайық    және  спорт 

мектебінен  2  команда  қатысты. 

Жарыс  қорытындысы  бойынша    I 

орын  Бидайық  ауылы,    II  орын 

БЖСМ  –  1  командасы,    III  орын  № 

10810  ә/б    иеленді.  Жарыста  жақсы 

ойын  көрсеткен  ойыншылар:  «Үздік 

қорғаушы» – А.Малкенов   (№ 10810 

ә/б), «Үздік доп беруші» – Б.Кумашев 

(Бидайық  а/о),  «Үздік  шабуылшы»  – 

Е.Мұхаметқалиев  (БЖСМ  –  1)  және 

үздік ойыншы – А.Балтабек (Бидайық 

а/о).  Жарыс  жеңімпаздары  мен 

жүлдегерлері және үздік ойыншылар 

аудандық    дене  шынықтыру  және 

спорт 

бөлімінің 



кубоктары, 

медальдары мен марапат қағаздары 

және 


бағалы 

сыйлықтармен 

марапатталды. 

Ауданымыздың 

спортына  ат  салысып  жүрген  ауыл 

әкімдері  мен  мекеме  басшыларын  

«Жаңа 

– 

Жыл» 



мерекесімен 

құттықтай  отырып,  алғысымызды 

жолдаймыз.

Аягөз аудандық 

дене шынықтыру 

және спорт бөлімі.

Мерекелік турнир


6

№ 1 (10401) бейсенбі 1 қаңтар 2015 жыл.



Жан біткеннің жанашыры, 

жоғары санатты ұстаз, 

«Құрмет» орденінің иегері, 

аяулы анамыз 

ГҮЛСІМХАН ТӨСТІКБАЙҚЫЗЫН 

58 жасқа толған туған күнімен 

және мәртебелі демалысы 

зейнетке шығуымен шын 

жүректен құттықтаймыз! 

Жалтақтатпай, жабырқатпай, 

жарқыратып жеткізген, 

Жанымызда сая болып, сан 

кезеңнен өткізген. 

Жанашыр жан, аналық тәлім, 

әкелік тәрбие бердіңіз, 

Жан анамыз, сізге айтар 

алғысымыз көп бізден. 

Қуанышыңыз толастамасын, 

біріне-бірі жалғассын,

Ақ әже болып, ұрпағың көбейіп, 

етегіңе жармассын. 

Бүкіл Қазақстанға атың әйгілі, 

мақтанышымыз сіз біздің, 

Жүзің жарқырап, жүз жасағайсыз, 

көңілсіз күн болмасын. 

Ізгі ниетпен: балалары 

Айдос-Әйгерім, 

Бақытжан-Арайлым, 

Айдана, немересі Айсезім.

Аудандық орталық 

аурухананың 

күндізгі стационар бөлімінің 

тазалықшысы 

ҚАБЫЛБАЕВА ГҮЛНАР 

ҚАЛИЛАҚЫЗЫН 

50-жасқа толуымен 

құттықтаймыз! 

Еңбегіңізге  табыс,  деніңізге 

саулық тілеймізз. 

Ізгі ниетпен: 

орталық аурухана ұжымы 

мен кәсіподақ ұйымы.

Бесжанов Ғабиден

ағамыз 60 жаста 

Асқарлы 60 жасыңыз құтты 

болсын

Әр күніңіз қуанышқа толы 

болсын.

60 жас асып 70-ке өрлеңіз,

Үйіңізде әрқашан той болсын.

Тілек білдірушілер: 

қалалық қазақ мектеп - лицейі 

және кәсіподақ ұжымы 

Қаңтар айының 1-і күні 58-ге 

толатын аяулы анамыз, 

сүйікті апамыз 

ШАЙЗА НҮРЕКЕҚЫЗЫН 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

Зейнеткерлік жасқа толды 

анамыз, 

Бәрімізге қамқор болған панамыз. 

Сенің арқаң осы күнге жеткізген, 

Еркелейді өзіңізге немере мен 

балаңыз. 

Аяулы Ана, қымбатты Ана, 

дарамыз, 

Тәліміңмен есейді ғой санамыз. 

Ақ сүтімен адалдықты 

дарытқан, 

Үлгі-өнеге өзіңізден аламыз.

Тілегіміз: әкемізбен аман-есен 

жүріңіз, 

Қызық көріп, жадыраңыз, күліңіз.

100-ге келген тойларыңды 

көрейік, 

Балалардың тілегі осы біліңіз. 

Игі тілекпен: жолдасы Айбол, 

қыздары-күйеу балалары: 

Жұлдыз-Бірлік, 

Жанар-Ахат, Шынар-Ержан, 

Айгерім, 

немерелері Бекнұр, Нұрәлі, 

Бекзат, Нұрасыл. 

Бозай ауылының тумасы, 

бір әулеттің атасы, 

Аягөз қаласының тұрғыны, 

құрметті азаматы, 

Отан соғысының ардагері, 

ағамыз 

ОРАЗБЕКОВ ЖҰМАҒАЛИДЫ

90 жылдық мерей тойымен 

құттықтаймыз! 

Ерғали-Қарлығаш, 

Гауһар-Қуаныш, 

Нұрғали-Гүлмира, 

Назым-Ғани, Қуандық-Айгерім, 

Аида. 

 

САТЫЛАДЫ

Тез 

арада 


Аягөз-Өскемен 

трассасының 

бойындағы 

«Медетжан» 

кафесі 

үйімен 


сатылады, ұ.т. 8 778 247 01 10.

 

 



 

2-2.


  ***

Тойота Карина Е, 1992 жылғы жеңіл 

автокөлігін сатамын, 4 200 у.е., 8 701 

605 49 82, 8 705 457 02 83.

  ***

Үй сатылады, 1,7 млн. ұ.т. 8 778 100 



98 01.

  ***


Живые цветы

Доставка на дом

Оптом и в розницу

тел: 8 702 704 26 81

адрес: базар “Тортай”

Мадина


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Уважаемые 

налогоплательщики!!!

Доводим 

до 

Вашего 

сведения 

согласно 

ст.645 

НК. 

индивидуальные 

предприниматели,  применяющие 

СНР  по  патенту,  вне  территорий 

открытых торговых рынков обязаны 

осуществлять 

деятельность 

с 

применением 



контрольно-

кассовых  машин  с  1  января  2015 

года,  а  с  1  января  2017  года  все 

остальные  ИП  будут  работать 

с 

применением 



контрольно-

кассовых машин. 



Управление 

государственных доходов по 

Аягозскому району. 

Дулат  Бабатайұлы  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп 

жанындағы «Еркетай» шағын орталығында «Құтты болсын, Жаңа жыл!» 

атты мерекелік ертеңгілік «Күншуақ» пен «Балбөбек» тобында өткізілді. 

Осындай  керемет  жаңа  жылдық  мерекеге  бүлдіршіндерімізбен  қоса 

ата-аналар да бір-бір кейіпкер болып киінді. 

Мереке  соңы  бүлдіршіндеріміздің  Аяз  атамыз  бен  Ақшақарға  арнап 

жаттаған  тақпақтарын  айтып,  сыйлықтарын  алып,  қуанышты  сәттері 

суретке түсірілді. 

Ата-аналар  атынан  тәрбиешілеріміз  Ахметова  Самал,  Акаева 

Бақытгүл, Карикполова Асем, Омарова Айгерімге алғысымызды айтамыз. 

«Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі 



Мұратқазина Асылжанның анасы 

Ахметова Меруерт. 

Уведомление 

о реорганизации 

в форме 

присоединения 

Товарищество  с  ограниченной 

ответственностью 

«Шығыс 


ақпарат»  (Республика  Казахстан, 

070300, 


г.Усть-Каменогорск, 

ул.Космическая, 

6/3, 

РНН 


181600263419, БИН 090140001255) 

уведомляет о том, что 12 декабря 

2014 года Восточно-Казахстанским 

областным  акиматом  вынесено 

постановление 

№332 


о 

реорганизации  товарищества  с 

ограниченной  ответственностью 

«Шығыс 


ақпарат» 

путем 


присоединения 

к 

нему 



товарищества    ТОО  «Аягөз 

жаналықтары»  аудандық  газеті» 

(Республика  Казахстан,  070200, 

Восточно-Казахстанская  область, 

г.Аягоз, 

Бульвар 


Абая,24а, 

РНН 


182000212283, 

БИН 


081240017543).

С  момента  присоединения 

все  права  и  обязанности  ТОО 

«Аягоз  жаналыктары»  аудандық 

газеті»  переходят  к  товариществу 

с  ограниченной  ответственностью 

«Шығыс ақпарат». 

Требования 

кредиторов 

могут  быть  предъявлены  в 

двухмесячный  срок  с  даты 

уведомления  о  реорганизации  по 

адресу:  Республика  Казахстан, 

070300, 


г.Усть-Каменогорск, 

ул.Космическая,6/3,  тел:  8(7232) 

75-19-25,  8(7232)  75-15-38,  эл. 

адрес: sa-buh@mail.ru.



УТЕРЯ

Утерянный  договор  приватизации 

жилья №2638, выданный 25.09.1992 

года  на  объект  квартиры  по  адресу 

ВКО,  Аягозский  район,  г.Аягоз, 

ул.  Дуйсенова,110,кв.2  на  имя 

Абдулиной  Валиды  Каримовны, 

считать недействительным. 

  ***

Утеряно 


водительское 

удостоверение  серия  ҒН  №012080 

от 13.10.2003г. РС ОО «Отан» на имя 

Бесжанову  Ержан    Гавиденовича, 

считать недействительным. 

  ***


Утеряно свидетельство ИП «Трушев 

Марат  Аблкасимович»  серия  08915 

№0186114,  выданное  19.01.2009г., 

считать недействительным.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет