Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда мектеп оқушыларының аналарына мен ұстаздарына арналған «Анам -күн шуағым менің!»атты кештің сценариін ұсынамыз: Мерекелік кештің басты мақсаты



бет2/3
Дата13.06.2023
өлшемі25,1 Kb.
#100778
1   2   3
Байланысты:
8 наурыз

Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп 8 сынып оқушыларыңыздың орындауындағы «Аққулар ұйықтағанда» атты қойылымын қарсы алыңыз.


Жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті 1 сыныптың мың бұралған бишілерге береміз.Гүлдер биі.
Жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып 4 сынып оқушыларының орындауында «Мама мен бақытты баламын»атты тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: 
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті 1сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз. Жаяу биі.
Жүргізуші:
Қамымды ойлар күн - түні,
Анам - менің көктемім.
Ақтай алсам үмітін,
Арманыма жеткенім, – дей отырып 7 сынып оқушыларының орындауында
«Соқыр ана» қойылымын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада «Шамаханская царица» биін қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,7 сынып оқушыларын «Анашым аман жүрші» әнімен ортаға шақырайық.
Жүргізуші: 
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай әнші қыздарымыздың орындауындағы «Сен сұлу» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:


Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұл-қыздарыңыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық! - дей «Менің анам - алтын» әнімен 5 сынып оқушыларын қарсы алайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет