Күз ханшайымы: Балалар, Жауын қайда кетті?
Балалар: орманға
Жүргізуші: балалар сендер күзгі орманға барғыларың келе ме?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Онда көздеріңді жұмып орманды елестетейік.(Орман дыбыстарын естиміз)
Балалар күз мезгілінде орманда саңырауқұлақтар шығады.
Би: «Саңырауқұлақтар» (ұлдар) Жүргізуші: саңырауқұлақтар жеуге жарамды, және жеуге жарамсыз болады.
Ойын «Саңырауқұлақтарды ажырат» Шарты: екі сапқа тұрайық, жерде саңырауқұлақтар. Оң жақтағы себетке жеуге жарамды, сол жақтағы себетке жеуге жарамсыз саңырауқұлақтарды орналастырамыз. ... Тексерейік (Көрсетемін балалар саңырауқұлақты атайды, жеуге жарамды, немесе жарамсыз екенін айтады).
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, орманда аңдар не істеп жүр екен?.
Жүргізуші: көрейік
Көрініс: «Мақтаншақ қоян» Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Сендердің бүгінгі мерекелерің қатты ұнады маған. Мен себетімдегі жемістерді сендерге сыйлыққа әкелдім. Топта жейсіңдер.
Жүргізуші: Рахмет, Күз ханшайымына әсем әнімізді орындап берейік. Қанекей ортаға келіңдер.
Ән «Алтын күз» Күз ханшайымы: Керемет, балалар. Бүгінгі менің құрметіме ұйымдастырған мерекелерің маған қатты ұнады. Рахмет сендерге, енді мен кетейін. Сау болыңдар!
(Күз ханшайымы музыкамен кетеді) Жүргізуші: Рахмет, балалар, бүгін сендер тақпақ-ән айтып, би билеп өз өнерлеріңді жақсы көрсеттіңдер. Қонақтар біз сіздермен келесі күз мерекесіне дейін қоштасамыз!
Назарларыңызға рахмет!