Аяулы күз, Алтын күз



Дата02.12.2023
өлшемі27,87 Kb.
#132586
Байланысты:
Күзгі бал


1-жүргізуші
Қайырлы кеш, қымбатты ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі біздің “Аяулы күз, Алтын күз” атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
Берекелі де мерекелі алтын күз құтты болсын. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық,молшылық!
2-жүргізуші
Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі балдың» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
1-жүргізуші
Ендеше байқауымызды бастамас бұрын ортаға осы салтаннатты кешімізді ашуға 2022 жылы «Алтын күз» байқауында бас жүлдеге ие болған Мұқаш Абылай мен Тұрағалдиева Гүлназды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші
Салтанатты кешімізді ашып бергендеріңізге алғысымыз шексіз, сіздерді бүгін өтіп жатқан сайысымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз.
1-жүргізуші
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа.
Бүгінгі сайысымыздың әділқазылары:
2-жүргізуші
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!
Бірінші жұбымыз
1. “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”
Екінші жұбымыз
2. “Вышка” жұбы
Үшінші жұбымыз
3. “Алау” жұбы
Төртінші жұбымыз
4. “Lovely” жұбы
Бесінші жұбымыз
5. “Аққулар” жұбы
Алтыншы жұбымыз
6. “Белла донна”
1-жүргізуші
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтейік:
1-кезең
Кел танысайық (би,көрініс,видео,ән ұзақтығы 3минут)
2-кезең
“Өнерлі өрге жүзер” (көрініс,ән,би,өлең жұптарымыздың өз қалауында 5минут ішінде өнерін көрсетулері қажет)
3-кезең
“Ұшқыр ойдан ұтымды жауап “
Сұрақ жауап сайысы
Қатысушыларымызды кезекпен ортаға шақырамыз (әр жұпқа 1 минут беріледі)
4-кезең “Күзгі сән үлгісі”дефиле
Қатысушыларымыз Күзгі сән үлгісіне құраған образдарын көрсетулері қажет ұзақтығы (3минут)
5-кезең “Күзгі вальс”
Ұйымдастырушылар таңдаған бір әнге жұптарымыз өздері дайындаған билерін көрсетулері қажет.
2-жүргізуші
Әр сайыс сайын әділқазы алқалары баға беріп отырады.
Ендеше жұптарымызға сәттілік тілеп сахна сыртына шығарып салайық.
1-жүргізуші
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
«Ән көңілдің ажары» деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші
Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға -дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.
1-Жұп-“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”
2-Жұп-“Вышка”
3-Жұп-“Алау”
4-Жұп-“Lovely”
5-Жұп-“Аққулар”
6-Жұп-“Белла Донна
Ендігі кезекте әділқазыларлың бірінші кезеңге қойған ұпайларымен таныс болайық.
Әділқазы алқаларына рахмет.
1-жүргізуші
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші өнерлілер, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп-дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
1- Жұп-“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”
2-Жұп-“Вышка”
3-Жұп-“Алау”
4-Жұп-“Lovely”
5-Жұп-“Аққулар”
6-Жұп-“Белла Донна
2-жүргізуші
Ендігі кезекте әділқазылардың бірінші кезеңге қойған ұпай сандарымен таныс болайық.
1-жүргізуші
Табылсыншы ақыл, білім ұл мен қыздан
Өнерімен, білімімен аты озған
Әдеп-ғұрпын жоғалтпай еліміздің
«Ұл мен қызы» деген атқа ие болған.
Келесі кезең “Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”сұрақ жауап кезеңі қатысушыларымыз бір бірден шығып сұраққа жауап беретін болады.
1-Жұп-“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”
2-Жұп-“Вышка»
3-Жұп-“Алау”
4-Жұп-“Lovely”
5-Жұп-“Аққулар”
6-Жұп-“Белла Донна
Әділ қазы алқалары үшінші кезеңге баға қойып жіберсеңіздер.
2-жүргізуші
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен — деп ақын ағаларымыз жырлағандай …. ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көсетеді өз әнімен-дей келе келесі кезекті сән үлгісін көрсетуге береміз.
1-Жұп-“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”
2-Жұп-“Вышка»
3-Жұп-“Алау”
4-Жұп-“Lovely”
5-Жұп-“Аққулар”
6-Жұп-“Белла Донна
Әділ қазы алқаларымыздың ұпай санын көрсек.

2-жүргізуші


Шалқып, тасып бүгін міне әніміз,
Жадырасын барша жандар жанымыз.
Бүгінгі аяулы күз кешінде
Би билейік,би билейік бәріміз, - келесі кезеңіміз “Күзгі вальс” барлық жұптарды өздерінің керемет биін көрсетуге ортаға шақырамыз.
Жұп-“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”
2-Жұп-“Вышка»
3-Жұп-“Алау”
4-Жұп-“Lovely”
5-Жұп-“Аққулар”
6-Жұп-“Белла Донна
Әділ қазылар алқасы 5-ші кезеңге қойған әділ бағаларыңызбен таныс болсақ.
1-жүргізуші
Әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып жеңімпазын анықтағанша биші қыздарымыздың биін тамашалайық.
2-жүргізуші
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей келе бүгінгі сайсымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі!
1-жүргізуші
Осылайша «Аяулы күз-алтын күз» сайысы өз мәресіне жетті. 2022 «Алтын күз» байқауының жеңімпаздары -Абылай мен Гүлназды ортаға биылғы 2023 “Аяулы күз-алтын күз”жеңімпаздарына жүлде орындарын табыстауға ортаға шақырамыз.
Бас жүлде:
қошеметпен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші
Ең бастысы біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Аяулы күз-алтын күз» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.
«Күз ханзадасы»:
«Күз ханшайымы»:
1-жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен «Аяулы күз-алтын күз» атты кешіміз аяқталыпта қалды.
2-жүргізуші
Иә,бүгінгі өнерлі жұптарымызға қарап тамсанумен уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамайда қалыппыз.
1-жүргізуші
Ендеше бүгінгі кеш өздеріңзге үлкен сезім қуаныш сыйлады деген ойдамыз.
Көріскенше, қош - сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет