ҚАЗ
ҚОРҒАУДЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ –
ЕУРОПА
ОДАҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУЫ
I. МАҚСАТЫ
1. Құқық қорғаушыларды қолдау – Еуропа Одағының адам құқығы
саласындағы сыртқы саясатының бұрыннан келе жатқан элементі. Бұл
Нұсқаудың мақсаты – осы мəселеге қатысты Еуроодақтың қызметін
жақсарту жөнінде практикалық ұсыныстар беру. Бұл Нұсқаулықты үшінші
елдермен барлық деңгейдегі жұмыс кезінде, сондай-ақ адам құқығын
қорғау құқығының сақталуын жылжыту жəне нығайту үшін Еуроодақтың
ағымдағы күш салуын қолдау жəне нығайту үшін, адам құқығы жөніндегі
көп жақты форумдар аясында пайдалануға болады. Сондай-ақ Нұсқау,
қауіп төнген жағдайда құқық қорғаушыларды қорғау үшін Еуроодақ
тарапынан араласуды көздейді жəне құқық қорғаушыларды қолдаудың
жəне көмек көрсетудің практикалық тəсілдерін ұсынады. Нұсқаудың
маңызды элементі БҰҰ Құқық қорғаушылар жөніндегі арнайы өкілін жəне
құқық қорғаушыларды қорғаудың тиісті өңірлік тетіктерін қоса, БҰҰ Адам
құқығы жөніндегі комиссиясының арнайы рəсімдерін қолдау болып
табылады.
Бұл
Нұсқау
Еуроодақ
миссияларына
(Еуроодаққа
мүше-мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтары жəне Еуроодақ
Өкілдіктері) құқық қорғаушыларға олардың тəсілін əзірлеу процесінде
көмектесуге
арналған.
Бұл
Нұсқаудың
бірінші
міндеті,
құқық
қорғаушыларға қатысты алаңдаушылық туғызатын мəселелерді қарау
болып табылады, сондай-ақ бұл Еуроодақтың адам құқықтары жөніндегі
жалпы саясатын нығайтуға өз үлесін қосады.
ҚАЗ
II. АНЫҚТАМА
2. Бұл Нұсқаулықта құқық қорғаушыларды айқындау үшін «Қоғамның
жекелеген адамдарының, топтары мен органдарының адамның көпшілік
мойындаған құқықтарын жəне негізгі бостандықтарын ынталандыру жəне
қорғау құқығы мен міндеттемелері туралы декларацияның» 1-параграфы
(1-қосымшаны қара) негізге алынған, онда «Əр адамның жеке жəне
басқалармен бірге адамның құқығы мен негізгі бостандықтарын ұлттық
жəне халықаралық деңгейде ынталандыруға жəне қорғауға жəне жүзеге
асыруға тырысуға құқығы барын» белгілейді.
3. Құқық қорғаушылар - адамның көпшілік мойындаған құқықтарын жəне
негізгі бостандықтарын мақұлдайтын жəне қорғайтын қоғамның
жекелеген адамдары, топтары мен органдары болып табылады. Құқық
қорғаушылар азаматтық жəне саяси құқықтарды мақұлдауға жəне
қорғауға, сондай-ақ экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтарды
мақұлдауға, қорғауға жəне жүзеге асыруға қол жеткізеді. Сонымен қатар
құқық қорғаушылар байырғы тұрғындар қоғамдастығы сияқты топтар
мүшелерінің құқықтарын ынталандырады жəне қорғайды. Бұл анықтамаға
зорлық-зомбылық жасайтын немесе насихаттайтын жекелеген адамдар
мен топтар кірмейді.
III. КІРIСПЕ
4.
Еуроодақ Қоғамның жекелеген адамдарының, топтары мен органдарының
адамның көпшілік мойындаған құқықтарын жəне негізгі бостандықтарын
мақұлдау жəне қорғау құқығы мен міндеттемелері туралы декларациядағы
ҚАЗ
қағидаттарды қолдайды. Адам құқығын бірінші кезекте ынталандыру жəне
қорғау міндеті мемлекет мойынында болса да Еуроодақ, адам құқығы ісін
жылжытуда қоғамның жекелеген адамдары, топтары мен органдары
барлығы бірге маңызды рөл атқаратынын мойындайды. Құқық
қорғаушылардың қызметіне мыналар кіреді:
-
бұзушылықтарды құжаттамалау;
-
мұндай
бұзушылықтар
құрбандары
үшін
құқықтық,
психологиялық, медициналық немесе өзге көмек көрсету
арқылы сотта қорғау құралдарына жүгіну; жəне
-
адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүйелі жəне
қайталанатын бұзушылықтарды жабуға пайдаланылатын жазасыздық
мəдениетімен күрес.
5.
Құқық қорғаушылардың жұмысына мемлекет жүзеге асыратын саясат пен
іс-əрекеттерді сынау жиі кіреді. Бірақ, мемлекеттер оны теріс
қабылдамауға тиіс. Мемлекеттің саясаты мен іс-əрекеттеріне қатысты
тəуелсіз ойлау жəне еркін пікіртартыстар үшін орын беру қағидасы – негіз
қалаушы, тексерілген жəне адам құқығын қорғаудың жоғарырақ деңгейін
белгілеудің өзін өзі танытқан тəсілі. Құқық қорғаушылар мемлекеттерге
адам құқықтарын ынталандыру жəне қорғау процесінде көмек көрсете
алады. Консультативтік процеске қатыса отырып, олар адам құқықтары
жөніндегі тиісті заңнаманы əзірлеу жəне ұлттық жоспарлар мен
стратегиялар құруда негізгі рөл ойнауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл рөл де
танылу жəне қолдауға ие болу керек.
6.
Еуроодақ, құқық қорғаушылар қызметінің уақыт өткен сайын қадірі
өскенін мойындайды. Кез келген бұзушылыққа ұшыраған адамдарды
қорғау дəрежесінің артуын қамтамасыз етуде олардың мəні өсті. Бірақ бұл
прогресске жету қымбатқа түсті: құқық қорғаушылардың өздерінің
шабуыл нысанасы болуы көбейіп келеді жəне олардың құқықтары көптеген
ҚАЗ
елдерде бұзылуда. Еуроодақ құқық қорғаушылардың қауіпсіздігін жəне
олардың құқықтарын қорғау аса маңызды деп есептейді. Бұл тұрғыдан
құқық қорғаушылар мəселесін қарау кезінде гендерлік тұжырымдаманы
қолдану маңызды.
IV. ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
7.
Бұл Нұсқаудың практикалық бөлігі Жалпы сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
саясаты мəнмəтінінде құқық қорғаушыларды үшінші елдерде ынталандыру
мен қорғауға бағытталған тиімді жұмыс тəсілдері мен құралдарын
анықтауға арналған.
Мониторинг
, есептілік жəне бағалау
8.
Еуроодақ миссияларының басшыларынан, олар тіркелген елдердегі адам
құқықтары жөніндегі жағдай туралы кезеңдік есеп беру талап етіледі. ЕО
Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобы (The Council Working
Party on Human Rights, COHOM) осы міндетті орындауға ықпал етуге тиіс
істердің нақты жағдайы туралы баяндама жазбалардың жалпы жоспарын
жуырда мақұлдады. Осы баяндама жазбаларға сəйкес, миссиялар өз
есептерінде құқық қорғаушылардың жағдайын, атап айтқанда құқық
қорғаушыларға қатысты орын алған кез келген қорқыту не шабуылды
көрсетуге тиіс. Бұл түпмəтінде Миссиялар басшылары, институционалды
шеңбер құқық қорғаушының өз жұмысын қауіпсіз жағдайда орындау
қабілетіне айтарлықтай əсер ете алатынын білуге тиіс. Бұл тұрғыдан заң,
сот, əкімшілік жəне кез келген зорлық-зомбылық, жаза қауіпі, де-факто
немесе де-юре жағымсыз кемсітушілік, қысым немесе БҰҰ Құқық
қорғаушылар
жөніндегі
декларациясында
ескерілген
кез
келген
құқықтарды жүзеге асыру салдары ретінде өзге озбырлық актісіне қарсы
адамдарды қорғау үшін мемлекеттер қолданатын басқа тиісті шаралар
сияқты кез келген сұрақтар маңызды.
ҚАЗ
Қажет болғанда Миссиялар басшылары құқық қорғаушыларды қорқытуды
жəне оларға қарсы шабуылды айыптауды, сондай-ақ құқық қорғаушылар
үшін тікелей немесе айтарлықтай қауіп төнген жағдайда демарштар мен
жария мəлімдемелерді қоса, Еуроодақтың ықтимал іс-əрекеттері бойынша
ЕО Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобына (COHOM)
ұсынымдар беруге тиіс. Сондай-ақ миссиялар басшылары өз есептерінде
Еуроодақ іс-əрекеттерінің тиімділігі туралы баяндауға тиіс.
9.
Миссиялар басшыларының есептері жəне басқа тиісті ақпарат, мысалы
БҰҰ Құқық қорғаушылар жөніндегі Бас хатшының Арнайы өкілінің,
Арнайы баяндамашысының жəне Халықаралық шарттар органдарының
есептері мен ұсынымдары ЕО Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі
жұмыс тобына (COHOM) жəне басқа да тиісті жұмыс топтарына Еуроодақ
тарапынан іс-əрекет жасауды талап ететін жағдайларды айқындауға жəне
қабылдауға қажет іс-əрекеттерді айқындауға немесе, егер ол орынды болса
мұндай іс-əрекеттер бойынша ұсынымдарды Кеңестің Саясат жəне
қауіпсіздік комитетіне (PSC) ұсынуға мүмкіндік береді.
Құқық
қорғаушыларды қолдаудағы жəне қорғаудағы Еуроодақ рөлі
10. Көптеген
үшінші
елдерде
Еуроодақ
миссиялары
(Еуроодаққа
мүше-мемлекеттер елшіліктері жəне Еуроодақ өкілдіктері) Еуроодақ пен
оның Мүше-мемлекеттерінің құқық қорғаушылармен түйісуінің бастапқы
орыны болып табылады. Осыған орай, олар құқық қорғаушыларға
қатысты Еуроодақ саясатын практикалық іске асыруда маңызды роль
ойнайды. Сондықтан Еуроодақ миссиялары құқық қорғаушыларға
қатысты белсенді саясат қабылдауға тырысуы тиіс. Сонымен қатар, олар
Еуроодақ
қабылдаған
іс-əрекеттер
белгілі
жағдайларда
құқық
қорғаушыларға қарсы қорқытуға жəне шабуылға апарып соғатынын білуі
тиіс. Сондықтан, орынды болған жағдайда олар қарауға болатын
ҚАЗ
іс-əрекеттерге қатысты құқық қорғаушылармен кеңесуі тиіс. Еуроодақ
миссиялары қабылдай алатын шараларға мыналар кіреді:
-
қауіп-қатер төнгендерін қоса, құқық қорғаушылар туралы
ақпаратты тығыз үйлестіру жəне алмасу;
-
миссияларда оларды қабылдауды жəне олардың жұмыс орнына
баруды қоса, құқық қорғаушылармен тиісті байланыс ұстау;
олармен байланыс ұстауға жауапты арнайы адамдарды тағайындау
мүмкіндігін – қажет болса – осы мақсаттарда жүктемені бөлу
қағидаты негізінде қарау;
-
тиісті жағдайларда құқық қорғаушыларды тиісті жариялылық, ресми
түрде бару жəне шақыру арқылы тиісінше таныстыру;
-
құқық қорғаушыларға қатысты сотта істі қараған тиісті
жағдайларда бару жəне қадағалау.
Үшінші
елдермен қарым-қатынаста жəне көп жақты форумдар
аясында
құқық қорғаушыларды құрметтеуге ынталандыру
11. Еуроодақ міндеті құқық қорғаушылар құқықтарына қатысты жəне оларды
мемлекеттік емес қатысушылар тарапынан шабуылдан жəне қорқытудан
қорғау үшін өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші елдерге ықпал ету
болып табылады. Еуроодақ үшінші елдермен өз байланыстарында, қажет
болған жағдайларда барлық елдерге қажеттілік білдіреді жəне тиісті
халықаралық нормаларды, атап айтқанда БҰҰ Декларациясын ұстанады
жəне сақтайды. Жалпы міндет - құқық қорғаушылар еркін жұмыс істей
алатындай орта құру. Еуроодақ адам құқықтары саласындағы оның
саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын өз міндеттері туралы
жариялайды жəне құқық қорғаушыларды қорғауға беретін мəнін атап
көрсетеді.
Осы міндеттерді қолдайтын іс-əрекеттерге мыналар кіреді:
ҚАЗ
-
Еуроодақ Президенттігінің өкілдері, Жалпы сыртқы саясат жəне
қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкіл немесе Еуроодақтың
арнайы өкілдері мен елшілері немесе Еуроодақ өкілдері елдерге ресми
бару кезінде орынды болса, олар құқық қорғаушылардың жеке
жағдайларын үшінші елдерге олардың ресми баруының ажырамас
бөлігі ретінде көтеретін болады.
-
Еуроодақ пен үшінші елдер жəне өңірлік ұйымдар арасындағы саяси
пікіртартыстарда құқық қорғаушылар туралы компонентке тиісті
жағдайларда құқық қорғаушыларға қатысты істер жағдайы кіреді.
Еуроодақ қорғаушылардың өздерін жəне олардың жұмысын
қолдайтынын атап көрсетеді жəне қажет болғанда алаңдаушылық
туғызатын жекелеген жағдайларды көтереді;
-
ұқсас көзқарасты ұстанатын, атап айтқанда БҰҰ Адам құқығы
жөніндегі комиссиясының жəне БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы
пікірлес-елдермен тығыз ынтымақтастық;
-
Адам жəне халықтар құқығы жөніндегі Африка комиссиясындағы
құқық қорғаушылар жөніндегі байланыс орнататын адам жəне Адам
құқықтары
жөніндегі
Америкааралық
комиссиядағы
құқық
қорғаушылар
жөніндегі
арнайы
бөлімше
сияқты
құқық
қорғаушыларды қорғайтын қолданыстағы өңірлік тетіктерді күшейтуге
ынталандыру; олар жоқ өңірлерде тиісті тетіктер құру.
ҚАЗ
Құқық
қорғаушылар жөніндегі арнайы өкілді қоса, БҰҰ Адам
құқықтары
жөніндегі комиссияның арнайы рəсімдерін қолдау
12. Еуроодақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының арнайы рəсімдері
(арнайы баяндаушы, арнайы өкілдер, тəуелсіз сарапшылар жəне жұмыс
топтары) тəуелсіз жəне қасақана еместігіне, бүкіл дүниежүзінде құқық
қорғаушыларға қарсы жасалған бұзушылықтар жағдайында əрекет ете жəне
жария сөз сөйлей алатынына жəне басқа елдерге ресми сапарларға бару
мүмкіндігі болғанына байланысты құқық қорғаушыларды қорғауға қатысты
қабылданып жатқан халықаралық күш салуларда өте қажет екенін
мойындайды. Құқық қорғаушылар жөніндегі арнайы өкіл осыған қатысты
ерекше роль ойнаса, басқа Арнайы рəсімдер мандаттарының да құқық
қорғаушыларға қатысы бар. Еуроодақтың Арнайы рəсімдерді қолдаудағы
əрекеттеріне мыналар кіреді:
-
БҰҰ Арнайы рəсімдерінің шеңберінде елдерге ресми сапарлартуралы
сұрауларды түбегейлі қабылдауға мемлекеттердіынталандыру;
-
Еуроодақ миссиялары арқылы БҰҰ тақырыптық механизмдерін адам
құқықтары саласындағы жергілікті қоғамдастықтардың мен құқық
қорғаушылардың пайдалануын жылжыту, одан басқа мұндай
тақырыптық механизм өкілдері мен құқық қорғаушылар арасында
байланыс орнатуға жəне ақпаратпен алмасуға көмектесу;
-
Арнайы рəсімдер тиісті қорлар болмаса өз мандатын орындай
алмайтындықтан, Еуроодаққа мүше-мемлекеттер Адам құқықтары
жөніндегі Жоғарғы Комиссар Қызметінің ортақ бюджетінен қаржы
бөлуді қолдайды.
Даму
саласындағы саясат шеңберін қоса, құқық қорғаушыларды
практикалық
қолдау
13. Еуроодақтың жəне Мүше-мемлекеттердің демократиялық процестер мен
институттардың дамуына көмек көрсетуге, дамушы елдерде адам
құқықтарын ынталандыру мен қорғауға бағытталған бағдарламалары
ҚАЗ
құқық қорғаушыларға көмек көрсетуге арналған практикалық тəсілдердің
кең спектіріне кіреді. Бұдан басқа, мұндай тəсілдерге даму саласындағы
ынтымақтастық жөніндегі Мүше-мемлекеттердің бағдарламалары кіреді.
Практикалық қолдауға мыналар кіруі мүмкін:
-
Еуроодақтың жəне Мүше-мемлекеттердің адам құқықтары мен
демократияландыру
саласындағы
екі
жақты
бағдарламалары
демократиялық процестер мен институттардың дамуына, дамушы
елдердегі адам құқықтарын ынталандыруға жəне қорғауға көмек
көрсету, бұдан басқа əлеуетті өсіру жөніндегі қызмет пен халыққа
арналған ақпараттық кампаниялар шеңберінде құқық қорғаушыларды
қолдау қажеттігін ескеруге тиіс.
-
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттарды, Адам құқықтары
жөніндегі уəкілеттінің офистерін жəне Адам құқықтары жөніндегі
комиссияларды қоса, Париж қағидаттарына сəйкес құрылған адам
құқықтарын жылжыту жəне қорғауға арналған ұлттық органдарды
құру жəне оның жұмысын мадақтау жəне қолдау;
-
құқық қорғаушылардың кездесуіне ықпал етуді қоса, халықаралық
деңгейде құқық қорғаушылар желісін құруға көмектесу;
-
қаржыны қоса, шетелдегі қорларға үшінші елдердегі құқық
қорғаушылар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысу;
-
БҰҰ Құқық қорғаушылар туралы декларациясын, оның ішінде адам
құқықтары жөніндегі білім беру бағдарламалары шеңберінде
жылжытуды қамтамасыз ету.
ЕО
Кеңесінің Жұмыс топтарының ролі
14. Өзінің мандатына сəйкес, ЕО Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі
жұмыс тобы (COHOM) Құқық қорғаушылар жөніндегі нұсқаулыққа
қатысты іске асыру барысын жəне кейінгі іс-əрекеттерді Кеңестің басқа
тиісті Жұмыс органдарымен тығыз үйлесімде жəне ынтымақтастықта
жүзеге асыратын болады.
ҚАЗ
Бұл жұмысқа мыналар кіреді:
-
құқық қорғаушылар мəселесін Еуроодақтың тиісті саяси шараларына
жəне іс-əрекеттеріне енгізуге ынталандыру;
-
Нұсқаулықты іске асыру барысын жеткілікті аралықтарда шолуды
жүзеге асыру;
-
БҰҰ-мен жəне басқа халықаралық жəне өңірлік механизмдермен құқық
қорғаушыларды қолдаудағы ынтымақтастықтың одан арғы тəсілдерін,
орынды болған жерде зерттеуді жалғастыру;
-
Саясат жəне қауіпсіздік комитетіне (PSC) жəне Мүше-мемлекеттердің
тұрақты өкілдерінің комитетіне (COREPER) Нұсқаулықты іске асыру
барысында қол жеткізген прогресс туралы мəн-жайларға сай жыл
сайынғы негізде есептер беру.
ҚАЗ
I қосымша
Қоғамның
жекелеген адамдарының, топтарының жəне ұйымдарының
адамның
көпшілік мойындаған құқықтары мен негізгі бостандықтарын
ынталандыру
жəне қорғау құқығы мен міндеттері туралы декларация
Бас Ассамблея,
адамның барлық құқықтарын жəне əлемдегі барлық елдердегі барлық
адамдардың негізгі бостандығын ынталандыру жəне қорғау үшін Біріккен
Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарының маңызды мəнін
растай отырып,
сондай-ақ адам құқықтарын жалпыға бірдей құрметтеуге жəне сақтауға ықпал
ету жөніндегі халықаралық күш салудың негізгі элементтері ретінде Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын жəне Адам құқықтары туралы
халықаралық пактілердің маңызды мəнін жəне Біріккен Ұлттар Ұйымы
жүйесінің шеңберінде, сондай-ақ өңірлік деңгейде қабылданған адам құқықтары
туралы басқа шартардың маңызды мəнін растай отырып,
халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелері бірлесіп жəне жеке, барлығы
үшін айырмашалықсыз, оның ішінде нəсіл белгілері, түсі, жынысы, тілі, діні,
саяси жəне өзге сенімдері, ұлттық немесе əлеуметтік тегі, мүліктік, сословиелік
немесе өзге жағдайға қарамастан адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын
құрметтеуді ынталандыруға жəне көмектесуге өзінің салтанатты міндеттемесін
орындайтынын атап отырып, жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына
сəйкес осы міндеттемені орындау үшін халықаралық ынтымақтастықты
қамтамасыз етудің ерекше мəнін растай отырып,
ҚАЗ
адамның құқықтарын жəне халықтар мен жекелеген адамдардың негізгі
бостандықтарын барлық бұзушылықтарды, соның ішінде оқшаулау саясатының,
нəсіл бойынша кемсітудің барлық нысандарының, отаршылдық, шетелдік
үстемшілік немесе басып алу, агрессия немесе ұлттық егемендікке, ұлттық
бірлікке немесе аумақтық тұтастыққа қауіп төндіру нəтижесі болатын,
сондай-ақ халықтардың өзін өзі билеу құқығын жəне əр халықтың өз
байлықтарына жəне табиғи қорларына толық егемендікті жүзеге асыруға
құқығын жаппай, өрескел немесе жүйелі бұзушылықтарды тиімді жоюға
көмектесу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызды ролін жəне
жекелеген адамдардың, топтар мен ассоциациялардың бағалы жұмысын
мойындай отырып,
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жəне адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын жүзеге асыру арасындағы өзара байланысты мойындай
отырып жəне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің болмауы оларды
сақтамауға ақтау болып табылмайтынын қабылдай отырып,
адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтары əмбебап, бөлінбейтін,
өзара тəуелді жəне өзара байланысты екенін əрі осы құқықтар мен
бостандықтардың əр қайсысын зиянсыз жүзеге асыру үшін əділ жəне тең
құқықты негізде ынталандыруға жəне жүзеге асыруға тиісті екенін қайтадан
мəлімдей отырып,
адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ынталандыру жəне қорғау негізгі
жауапкершілігі мен міндеті мемлекетке жүктелетінін атап отырып,
жекелеген адамдардың, топтардың жəне бірлестіктердің адам құқықтары мен
негізгі бостандықтарын ұлттық жəне халықаралық деңгейлерде құрметтеуді
ынталандыру жəне тереңірек түсінуге көмектесу құқығын мойындай отырып,
мəлімдейді:
ҚАЗ
1-бап
Əр адамның жеке жəне басқалармен бірлесіп адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын ұлттық жəне халықаралық деңгейлерде ынталандыруға жəне
қорғауға ұмтылуға əрі жүзеге асыруға құқығы бар.
2-бап
1.
Əр мемлекет адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын
қорғауға, ынталандыруға жəне, атап айтқанда оның қарамағындағы барлық
адамдар жеке жəне басқа адамдармен бірлесіп барлық осы құқықтармен
жəне бостандықтармен практикада пайдалана алатындай барлық қажетті
əлеуметтік, экономикалық жəне саяси жағдайларды жасау үшін қажет
болатын шараларды қабылдау арқылы жүзеге асыруға жауапты жəне
міндетті.
2.
Əр мемлекет осы Декларацияда ескерілген құқықтар мен бостандықтардың
тиімді кепілдігін қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін заң, əкімшілік
жəне өзге де шалараларды қабылдайды.
3-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен жəне мемлекеттің адам
құқықтары
мен
негізгі
бостандықтары
саласындағы
халықаралық
міндеттемелерімен келісілетін ішкі заңнама заң шеңберін құрады, онда адам
құқықтары мен негізгі бостандықтары жүзеге асырылуы тиіс жəне осы
Декларацияда ескерілген барлық осы құқықтар мен бостандықтарды
ынталандыру, қорғау жəне тиімді жүзеге асыру жүргізілуге тиіс.
ҚАЗ
4-бап
Осы Декларация мəтіні Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары
мен қағидаттарына зиян келтіретін немесе қайшы келетін не Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Адам құқықтары туралы
халықаралық пактілердің жəне осы салада қолданылатын басқа да халықаралық
шарттар мен міндеттемелердің ережелерін шектейтін немесе төмендететін
ретінде түсіндіріле алмайды.
5-бап
Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ынталандыру жəне қорғау
мақсатында əр адамның жеке жəне басқалармен бірлесіп, ұлттық жəне
халықаралық деңгейде мыналарға құқығы бар:
a) бейбіт кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
b) үкіметтік емес ұйымдар, ассоциациялар немесе топтар құруға, оларға
кіруге жəне қызметіне қатысуға;
c) үкіметтік емес немесе үкіметаралық ұйымдармен байланыс жасауға.
6-бап
Əр адамның жеке жəне басқалармен бірлесіп:
a)
адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы ақпаратты
білуге, іздеуге, табуға, алуға жəне өз еркінше қолдануға, сондай-ақ осы
құқықтар мен бостандықтар ішкі заңнамада, сот немесе əкімшілік жүйелерде
қалай қамтамасыз етілетіні туралы ақпаратқа қол жеткізуге;
b) адамның құқықтары туралы халықаралық шарттарда жəне басқа қолданылатын
халықаралық шарттарда көзделгендей, адам құқықтары мен негізгі бостандықтары
ҚАЗ
туралы білімді басқалардың арасында еркін жариялауға, табыстауға немесе
таратуға;
c) заңнамада сияқты, сондай-ақ практикада адамның барлық құқықтары мен негізгі
бостандықтарын сақтауға қатысты пікірлерді оқуға, талқылауға, жасауға жəне өз
ойы болуға жəне де басқа тиісті құралдары пайдалана отырып осы сұрақтарға
қоғамның назарын аударуға құқығы бар.
7-бап
Адамның құқығына қатысты жаңа идеялар мен қағидаттарды жеке жəне
басқалармен бірлесіп дамытуға жəне талқылауға əрі оларды мойындауға қол
жеткізуге əр адамның құқығы бар.
8-бап
1.
Əр адамның жеке жəне басқалармен бірлесіп, дискриминациялық емес
негізде өз елін басқаруға жəне мемлекеттік істер жүргізуге қатысуға
құқығы бар.
2.
Бұған, атап айтқанда жеке жəне басқалармен бірлесіп үкіметтік ұйымдар
мен мекемелерге, сондай-ақ мемлекеттік істер жүргізумен айналысатын
ұйымдарға олардың қызметін жақсарту жөнінде сыни ескертулер мен
ұсыныстар беру, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын
ынталандыруды, қорғауды жəне жүзеге асыруды қиындататын немесе
тоқтататын олардың жұмысының кез келген аспектісіне назар аудару
құқығы кіреді.
9-бап
ҚАЗ
1.
Осы Декларацияда ескерілген адам құқықтарын ынталандыруды жəне
қорғауды қоса, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыру
кезінде əр адамның жеке немесе басқалармен бірлесіп, құқықтық қорғаудың
тиімді құралдарымен пайдалануға жəне осы құқықтары бұзылған жағдайда
қорғалуға құқығы бар.
2.
Осы мақсатпен құқығы немесе бостандығы бұзылған тəрізді əр адамның
жеке немесе заңды уəкілетті өкілі арқылы тəуелсіз, əділ жəне құзыретті
сот немесе заң негізінде құрылған өзге органға арыз жолдауға, ашық
тыңдау кезінде осы органның оны шұғыл қарауына сенуге жəне осы
адамның құқығы немесе бостандығы бұзылған жағдайда, кез келген
тиісті өтемақыны қоса, жағдайды түзету жөніндегі шараларды заңға
сəйкес көздейтін шешім алуға құқығы бар, сондай-ақ осы шешімді немесе
қаулыны кідіріссіз мəжбүрлі орындатуға құқығы бар.
3.
Сол мақсатпен əр адамның, жеке жəне басқалармен бірлесіп, атап
айтқанда мыналарға:
a)
жекелеген лауазымды адамдардың жəне мемлекеттік органдардың
саясаты мен іс-əрекеттері нəтижесінде адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын бұзушылықтармен байланысты арызды немесе өзге
тиісті өтініштерді құзыретті ұлттық сот, əкімшілік немесе мемлекеттің
құқықтық жүйесінде көзделген, кідіріссіз осы арыз бойынша шешім
шығаруға тиіс кез келген басқа құзыретті органға беруге;
b) ашық тыңдауларға, істі қарауларға жəне сот рəсімдеріне, олардың
ұлттық заңнамаға жəне қолданылатын халықаралық міндеттемелер мен
қағидаттарға сəйкестігі туралы өз пікірін қалыптастыру үшін қатысуға;
c) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау ісінде кəсіби білікті
құқықтық көмек жəне өзге тиісті консультациялар мен көмек ұсынуға
жəне көрсетуге құқығы бар.
ҚАЗ
4.
Сол мақсатпен жəне қолданылатын халықаралық шарттар мен рəсімдерге
сəйкес əр адамның жеке немесе басқалармен бірлесіп, адам құқықтары мен
негізгі бостандықтары мəселелері бойынша хабарламаларды алуға жəне
қарауға жалпы немесе арнайы құзыреті бар халықаралық органдарға
кедергісіз кіруге, сондай-ақ олармен байланыс жасауға.
5.
Қарамағындағы кез келген аумақта адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын бұзушылық болды деуге ақылға қонымды негіздер болған
əр жағдайда, мемлекет шұғыл жəне əділ тексеру жүргізеді немесе тексеру
жүргізуді қамтамасыз етеді.
ҚАЗ
10-бап
Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын іс-əрекет жасау немесе талап
етілген іс-əрекетті жасамау арқылы бұзуға ешкім қатыспауы тиіс жəне бұған
қатыспағаны үшін ешкімге кез келген жаза немесе қудалау қолдануға болмайды
11-бап
Əр адамның жеке немесе басқалармен бірлесіп, заң негізінде өзінің қызмет
түрімен айналысуға немесе кəсібі бойынша жұмыс істеуге құқығы бар.Өз
кəсібінің түріне қарай адамның абыройына, құқығына жəне басқа адамдардың
негізгі бостандықтарына əсер ете алатын əр адам осы құқықтар мен
бостандықтарды қадірлеуге тиіс жəне қызметтің немесе кəсіптің түрімен
байланысты тиісті ұлттық жəне халықаралық стандарттарды сақтауға тиіс.
12-бап
1.
Əр адамның жеке жəне басқалармен бірлесіп, адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын бұзуға қарсы бағытталған бейбіт іс-əрекетке қатысуға
құқығы бар.
2.
Мемлекет құзыретті органдардың көмегімен жеке немесе басқалармен
бірлесіп шыққан адамды, кез келген зорлық-зомбылықтан, қорқытудан,
жазадан, де-факто немесе де-юре теріс кемсітушіліктен, қысымнан немесе
оның осы Декларацияда ескерілген құқықтарын заңды жүзеге асырумен
байланысты өзге кез келген жөнсіз іс-əрекеттен қорғау мақсатында барлық
қажетті шараларды қабылдайды.
ҚАЗ
3.
Осыған байланысты əр адамның, жеке немесе басқалармен бірлесіп,
нəтижесінде адам құқықтары мен негізгі бостандықтары бұзылатын,
мемлекетке жүктелетін əрекетсіздікті қоса, іс-əрекеттерге немесе
іс-қимылдарға қарсы бейбіт құралдарды пайдаланумен жауап шаралар
қабылдаған немесе сөз сөйлеген жағдайда, сондай-ақ топтар немесе
жекелеген адамдар жасайтын жəне адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын жүзеге асыруға қатысты зорлық-зомбылық актілеріне
қарсы ұлттық заңнама аясында тиімді қорғауға құқығы бар.
13-бап
Əр адамның, жеке немесе басқалармен бірлесіп, осы Декларацияның
3-бабына сəйкес адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ынталандыру
жəне қорғау мақсатында қорларды сұратуға, алуға жəне пайдалануға құқығы
бар.
14-бап
1.
Қарамағындағы барлық адамдардың өз азаматтық, саяси, экономикалық,
əлеуметтік жəне мəдени құқықтарын түсінуіне ықпал ету мақсатында заң,
сот, əкімшілік немесе өзге тиісті шаралар қабылдауға мемлекет жауапты.
2.
Мұндай шараларға мыналар, атап айтқанда
:
(a)
ұлттық заңдар мен ережелерді, сондай-ақ адам құқықтары туралы
негізгі қолданылатын халықаралық шарттарды жариялау жəне
кеңінен тарату;
(b)
адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарға, өзі
қатысушы болып табылатын адам құқықтары туралы халықаралық
шарттар негізінде құрылған органдарға мемлекеттің кезеңдік
баяндамаларын қоса толық жəне тең қолжетімділік, сондай-ақ осы
ҚАЗ
органдардың талқылау туралы қысқаша есептері мен ресми
баяндамалары;
3.
Қажет болған кезде мемлекет омбудсмендер, адам құқықтары туралы
комиссиялар немесе ұлттық мекемелердің басқа нысандары сияқты оның
қарамағындағы барлық аумақта адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын ынталандыру жəне қорғау мəселелері жөніндегі жаңа
тəуелсіз ұлттық мекемелерді құруды жəне дамытуды қамтамасыз етеді
жəне қолдайды.
15-бап
Мемлекет білімнің барлық деңгейлерінде адам құқықтары мен негізгі
бостандықтары сабақтарын беруді ынталандыруға жəне көмектесуге əрі
заңгерлерді,
құқық
қорғау
органдарының
қызметкерлерін,
əскери
қызметшілерді жəне мемлекеттік қызметшілерді даярлауға жауапты барлық
адамдар өз оқу бағдарламаларына адам құқықтары сабақтарын берудің тиісті
элементтерін енгізуді қамтамасыз етуге жауапты.
16-бап
Жекелеген адамдар, үкіметтік емес ұйымдар жəне тиісті мекемелер білім
беру, кəсіби даярлау жəне осы салалардағы зерттеулер арқылы, атап айтқанда
мемлекеттер арасындағы жəне қызметін жүзеге асыратын қоғамдар мен
ұжымдарға тəн түрлі ерекшеліктерді ескере отырып, барлық нəсілдік жəне дін
топтарының арасындағы төзімділікті, бейбітшілікті жəне достық қатынастарды
тереңірек түсіну жəне нығайту мақсатында адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын қоғам тереңірек түсінуіне ықпал етуде маңызды рөл атқарады.
ҚАЗ
17-бап
Осы Декларацияда ескерілген құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырған
кезде жеке немесе басқалармен бірлесіп əрекет ететін əр адамға, тиісті
халықаралық міндеттемелерге сай келетін жəне заң оларды басқа адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын лайықты тану жəне құрметтеу жəне
демократиялық қоғамда əділ адамгершілік, қоғамдық тəртіп жəне ортақ
əл-ауқат талаптарын қанағаттандыру мақсатында ғана белгіленген шектеулер
қолданылады.
18-бап
1. Əр адамның қоғам алдында міндеттері бар жəне мұндай қоғамда ғана
оның еркін жəне толық дамуы мүмкін
.
2.
Жекелеген адамдар, топтар жəне үкіметтік емес ұйымдар демократияны
қамтамасыз етуде, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын
ынталандыруда жəне демократиялық қоғамдарды, институттар мен
процестерді ынталандыру мен дамытуға көмектесуде маңызды роль
ойнауға жəне жауапкершілікте болуға тиіс.
3.
Сондай-ақ жекелеген адамдар, топтар, мекемелер жəне үкіметтік емес
ұйымдар да Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында жəне
адам құқықтары саласындағы басқа шарттарда бекітілген құқықтар мен
бостандықтар толық іске асырыла алатын, əлеуметтік жəне халықаралық
тəртіпке əр адамның құқықтарын ынталандыруға, тиісті жағдайларда
көмектесу ісінде маңызды рөл ойнауға жəне жауапкершілікте болуға тиіс.
ҚАЗ
19-бап
Осы Декларацияда ештеме қоғамның кез келген адамы, тобы немесе ұйымы
осы Декларацияда ескерілген құқықтар мен бостандықтарды бұзуға
бағытталған кез келген қызметпен айналысу немесе кез келген іс-əрекеттер
жасау құқығына ие деп түсіндіре алмайды.
20-бап
Осы Декларацияда ештеме мемлекеттерге жекелеген адамдардың, адамдар
топтарының, мекемелердің немесе үкіметтік емес ұйымдардың Біріккен Ұлттар
Ұйымы Жарғысының ережелеріне қайшы келетін қызметін қолдауға жəне
ынталандыруға рұқсат ететін ретінде түсіндіріле алмайды.
ҚАЗ
II қосымша
Тиісті
халықаралық құралдар
-
Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларация
-
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакт
-
Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пакт
-
Азаптауларға жəне басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын жəне
-
ар-намысты қорлайтын iс-əрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы
-
конвенция
-
Балалар құқықтары туралы конвенция
-
Əйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы
конвенция
-
Нəсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық
конвенция
-
Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенция, оған хаттамалар жəне
Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотының тиісті істері
-
Еуропа əлеуметтік хартиясы / Еуропа əлеуметтік хартиясының жаңа
редакциясы
-
Адам жəне халықтар құқықтары жөніндегі Африка Хартиясы
-
Адам құқықтары жөніндегі Америкалық конвенция
-
Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясы жəне оған
хаттамалар, сондай-ақ қарулы шиеленістер кезінде қолданылатын əдеттегі
адамгершілік құқықтары
-
1951 ж. Босқындар мəртебесі туралы конвенция жəне оған 1967 ж. хаттама
-
Халықаралық қылмыстық соттың Рим Мəртебесі
-
Қоғамның жекелеген адамдарының, топтарының жəне ұйымдарының
адамның көпшілік мойындаған құқықтары мен негізгі бостандықтарын
ынталандыру жəне қорғау құқығы мен міндеттері туралы декларация
Достарыңызбен бөлісу: |