Қазақ-АҒылшын тіліндегі «АҚЫЛ» концептісін бейнелейтін тілдік бірліктер



Дата06.01.2022
өлшемі26,73 Kb.
#11398
Байланысты:
Документ (2)


ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ «АҚЫЛ» КОНЦЕПТІСІН БЕЙНЕЛЕЙТІН ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

Амирханова Н. Летчикова Н.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Концептология ғылымының негізгі зерттеу обьектісі- концепт. Концепт, біздің түсінігіміз бойынша, ұжымның (халықтың, ұлттың) білімі мен танымының бірлігі, ұғымдық жүйенің негізгі бірлігі, ол этномәдени ерекшеліктерді бірден таныта алатын тілдік бірлік. Концепт сөздің, сөз тіркесінің, тұрақты орамдардың мазмұндық формасы арқылы актуалданады. Тілдік тұрғыдан келгенде, концептіге тіл иесінің әлемді, қоршаған ортаны қарапайым түсінісуін білдіретін лексемалар жатады, бұндай лексемалардың жиынтығы ұлт мәдениетін, ұлттық таным-түсінігін шоғырландырып көрсететін концептосфераны құрайды.

«Ақыл» деген тілдік бірлікті қарастырып анықтап алсақ. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ақыл ұғымына екі түрлі анықтама берген.



  1. Адамның ойлау қабілеті, сана-сезім.

  2. Түйінді ой, пайдалы кеңес.

Тұрақты сөз тіркестерінде кездесетін адамның ойлау қабілеті туралы халықтық түсініктер осы уақытқа дейін жиналып, лингвистикалық зерттеудің нысаны болғаны сөзсіз. Бұған үш тілде кездесетін ақыл концептісіне мына фразеологизмдерді келтіруге болады. Қазақ тілінде: Ақылға салды-Пайымдап көрді, ойланды. Ақыл көрді-Жөн көрді. Ақыл құрды- ақылдасты, кеңесті. Ақыл сұрады- ақылдасты, пікірлесті. Ақыл қосты- кеңес берді, пікір айтты. Ағылшын тілінде: Cross one's mind.Mind for the mind comes. Tenacious mind. Bring to mind. One thing on your mind. incomprehensible to the mind.

Әр бағыттағы «ақыл» концептісінің түсінігі мен баламаларына жеке-жеке тоқталайық. Біз мақаламыздағы басты назарды екі тілдегі, яғни ағылшын және қазақ мақалдарындағы ақыл сөзінің қолданылу ерекшелігі мен олардың арасындағы мағыналық байланысын ашқымыз келеді. Мысалы, қазақ тілінде: «Адамның жүзі ақылдың айнасы», «Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», «Ақыл айнымас,алтын шірімес», «Ақыл-арман, ой-өріс», «Ақыл-дария, ой-теңіз», «Ақыл айтсаң, батыл айт», «Ақыл азбайды, әділдік тозбайды», « Ақыл шыңы-даналық», «Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз», Ашу-дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос», « Жау жоқта батыр көп, дау жоқта ақыл көп», «Ағадан ақыл,атадан нақыл», «Жаманға айтқан ақыл, жапанға атқан оқпен тең», « Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу», «Ақыл ауыздан, мерей көзден», « Ақыл — ауыс, ырыс — жұғыс», «Ақылдан ашу көп болса — ақыл кетер, Ашудан ақыл көп болса — ашу не етер?», «Ақыл — алтын сандық, адамына қарай ашылар». Ағылшын тілінде: «Wit is better than wealth», «A fool may give a wise man counsel», «A fool may throw a stone into a well which a hundred wise men cannot pull out», «A wise man will hit at the edge of his wit»,«A wise man changes his mind, a fool never will», «A word (is enough) to the wise», «Be wise with speed, a fool at forty is a fool indeed», « No man is wise at all times», «One good head is better than a hundred strong hands», «Penny wise and pound foolish», «Some are wise and some are otherwise», « Success makes a fool look wise».



Екі тілдің де классикалық афористикасында ақылға қатысты келесі афоризмдер бар. Қазақ тілінде: Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.(Мөңке би), Адамның ең ұлы көркі - оның ақылы деп санаймын.(Мұхтар Әуезов), Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.(Бауыржан Момышұлы), Зерек ақыл - суық мұз.(Абай Құнанбайұлы), Ақыл иесі - сөз иесі.(Тоныкөк), Ашу қысса - ақылың ғайып болады.(Махмұд Қашқари),Ақылға кішілік жүрмейді.(Нұржан Наушабаев), Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.(Әйтеке би), Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.( Шал ақын), Ағылшын тілінде: Commonplace minds usually condemn what is beyong the reach of their understanding( La Rochefoucauld), Little things affect little mind( Disraeli), A word(is enough) to the wise. Intelligence is the ability to adapt to change (Stephen Hawking).

Қорыта келе, қазақ , ағылшын тілдерінің фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал-мәтелдер мен афоризмдерін талдай отырып, мынадай қорытындыға келдік. Қазақ тілінде ақыл ұғымы адамның бойындағы ең қымбат қасиет. Ақылдың көмегімен жақсы мен жаманды айырып, қиындықтан жол таба алады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Ы.Ысқақов. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.Алматы-1974.-157б.

  2. Қазақ мақал-мәтелдері.Құраст.Ж.Малайсарин.А. «Ана тілі»баспасы, ЖШС,2007.1-б.

  3. www.zharar.kz.Қазақша портал.

  4. Ү.Кеңесбаева. Ағылшынша-қазақша фразеологиялық сөздік.Алматы.

  5. Қ.Әбдуәли. Қазақтар ана тілі әлемінде:этнолингвистикалық сөздік.Алматы: “Сардар”баспа үйі,2013.Адам.-2013.-608б.



Ғылыми жетекші: ф.ғ.д.,профессор Исакова С.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет