Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата03.02.2023
өлшемі220,16 Kb.
#65101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми жобаның құрылымы. 
Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жобаның 
соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. 


І бөлім
1.1. Қазақ антропонимдеріндегі (есімдеріндегі) гендерлік ерекшілектер 
Соңғы кездегі жаңа антропоцентристік бағыттағы зерттеулер кісі 
аттарының тек тілдің тарихын білу үшін ғана емес, белгілі бір ұлттың немесе 
мемлекеттің де тарихын білу үшін де маңызы зор екендігін дәлелдеуде. 
Осыған орай Е.Керімбаев былай дейді: «Провозгласив тезис «имя есть 
порождение и отражение культуры», логично утверждать, что онимия 
каждого отдельного языка (народа) глубоко национальна, так как 
характеризует присущие ей неповторимые черты, обусловленные 
спецификой каждой отдельной национальной культуры» [1,13]. Ал 
этникалық жалқы есімдердің лингвомәдени негіздерін қарастырған 
Г.Әубәкірованың пікірінше: «Этнокультурная информация собственных 
имен заключена не только в лексической семантике самого онима, она 
формируется и аккумулируется в качестве фоновых знаний, находящихся за 
пределами лексического значения онима. Факторы, детерминующие и 
формирующие 
этнокультурную 
(энциклопедическую) 
информацию 
собственного 
имени, 
являются 
экстралингвистическими, 
т. 
е. 
внеязыковыми» 
[2,8]. 
Демек 
кісі 
есімдерінің 
қойылуында 
экстралингвистикалық негіздер жиі кездеседі. Мұндай негіздер ретінде жан- 
жануарлар, тӛрт түлік мал, аң- құстар, гүлдер мен ӛсімдіктер, діни ұғымдар, 
адамның әр түрлі ішкі жақсы қасиеттері, асыл тастар, аспан денелері 
атаулары, табиғат құбылыстары т. б. алынады. Халқымыздың танымында 
қалыптасқан белгілі бір аң, жануар, құс, туралы ұғымдар ұлттық мәдени 
стереотиптерге айналып, нәтижесінде этностың, жеке тілдік тұлғаның аялық 
біліміне енеді. Тіліміздегі Аюбай, Қасқырбай, Арыстанбек, Жолбарыс
Ақбота, Ақтоты, Ақмарал, Қозыбақ, Бүркіт, Лашын, т. б. аттар осылай пайда 
болған. Мұндай есімдер Ақмола ӛңірінің антропонимдеріне де ӛте кӛп 
кездесіп, бүгінгі күндері қолданылыста. Қазақ халқының дүниетанымы мен 
ұлттық болмысынан мүлдем хабарсыз, қажетті мәдени – танымдық ақпарат 


«аялық білім» кӛлеміне енбеген ӛзге мәдениет ӛкілдеріне олар түсініксіз, кей 
жағдайларда қисынсыз, күлкілі кӛрінуі әбден мүмкін. Алайда, ата- 
бабаларымыз кӛшпелі ӛмір салтын ұстанып, мал шаруашылығымен 
айналысқандықтан, аталған есімдер біздің санамызға сіңіп, қалыптасқан, 
ӛзімізге әбден түсінікті, орнықты болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет