Қазақ қазынасы Қазақта қазына мол қазылмаған,
Қағазға қасиеті жазылмаған.
Қарусыз қазынасын қазған бар ма?
Құр қолмен, құр даурықпен бажылдаған.
Сан сыр бар айналада айтылмаған,
Сарыннан аулақ жатыр тасырлаған.
Кілті жоқ сыр сақталған сандық жатыр,
Дей түсіп: «Малым да аман, басым да аман».
Төмен түр әлі көзге шалынбаған,
Сан сурет әлі соны салынбаған.
Сәулесі самаладай айна керек,
Жұрт құмар, жүйрік жаны жалындаған.
Миллион үн әлі естілмей жатыр жырақ,
Иесі есітерлік күйін бірақ,
Ол үннің есітетін иесі сол,
Елегі елдікінен ерек құлақ.
Інжу көп әлі жіпке тізілмеген,
Көрместен кім тереді кежгігенмен.
Бұқа ма інжу көрер, маржан көрер,
Күл шашып көрінгенге күжілдеген.
Сөз керек солырқатып сөйлейтұғын,
Көз керек көр қыңырға «ой» дейтұғын,
Кекеспей кен кеулеуге кел, жолдастар!
Көп түртпей «кедейлермен» қой - қой түбін.