Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы және дамуы жөніндегі ғылыми көзқарастар



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі113,24 Kb.
#81398
  1   2
Байланысты:
1-2апта ҚӘТТ

Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы және дамуы жөніндегі ғылыми көзқарастар

1-2апта

Дәрістің тақырыбы:


“Қазақ әдеби тілінің тарихы” пәні
Ф.ғ.к., доцент: Б.Қ.Мұратбек
Жоспары:
1.Қазақ әдеби тілі пәні, зерттеу нысаны,мақсаты мен міндеті
2.Тілші - ғалымдардың қазақ әдеби тілінің қалыптасуы, дамуы жөніндегі көзқарастары мен пікірлері.
Халықтың әдеби тілінің қалыптасып дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқанға дейінгі бірнеше саяси бөліктерге бөлініп жүрген феодалдық дәуірі мен ұлт болып қалыптасқаннан кейінгі әдеби тілі әлеуметтік қызметі мен стильдік тармақталуы жағынан бірдей емес.
Қазақтың әдеби тілі қалыптасу және дамуы жағынан көптеген дәуірді бастан өткізді. Әдеби тіл әбден зерттеліп, тексеріліп, ғылыми жағынан айқындалып жете қойды деп айтуға болмайды. Әдеби тіл – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері көптен бері ат салысты. Өйткені әдеби тіл бүкіл қазақ халқын біріктіруші, ұйымдастырушы, іске, еңбекке, ерлікке жұмылдырушы, ілгері бастаушы ең өткір құралдың бірі. Олай дейтін себебіміз – әдеби тіл қазақ мәдениеті өсіп, өнуіне жетекші болған, өнерге ұмтылуына қажет болған құралдың бірі. «Әдеби тіл дегеніміз – белгілі тарихи жағдайларға байланысты, кезеңдерге байланысты жасалған жасанды нәрсе. Нақтылы әдеби тіл дегеніміз – көркем әдебиеттің тілі ғана емес, ол ғылымның барлық саласын қамтиды, халыққа өнер – білім беретін, тәлім – тәрбие үйрететін баспасөздің тілі. Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің саласы ғана. 
Академик Р.Сыздықова «қазақ әдеби тілі», «қазақ жазба әдеби тілі», «қазақ ауыз әдебиетінің тілі», «қазақтың жалпы халықтық тілі» категорияларының нақты жеке анықтамаларға ие болып, бір бірінен ажыратылмай келе жатқанына қынжылыс білдіре келіп, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихына орай екіге бөліп көрсетеді:
қазақтың ұлт болып қалыптасқанға дейінгі әдеби тілі
қазақтың ұлт болып қалыптасуы мен байланысты деп есептейді.
Р.Сыздықова әдеби тілді үш топқа бөліп қарайды:
1. Ауыз әдеби тілі;
2. Жазба алдындағы әдеби тіл;
3. Жазба әдеби тілі.
Әдеби тілдің негізі, қоры болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенін ескере отырып, зерттеуші С.Аманжолов сол кезеңдегі ғылыми көзқарас бойынша әрбір тіл әдеби тіл сатысына жету үшін төмендегі үш даму жолымен қалыпқа келетінін айтады:
1. Роман – герман тілдеріндегі сияқты даяр материалдардан, тілдің тарихи дамуы арқасында, бір тілдің өзі – ақ ұлттық тілдің дәрежесіне жетуі бар.
2. Ағылшынның тіліндегі сияқты ұлттардың будандасуы, араласу арқылы жетуі бар.
3. Диалектілердің концентрациялануы (ұштасуы) арқылы бір ұлт тіліне айналуы бар.
Ғалым М.Б.Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:
1. ХІІІ ғасырдың орта тұсымен ХІХ ғасырдың І–ші жартысы.
2. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы.
3. ХІХ ғасырдың басы.
4. Совет дәуірі.
Тілші-ғалымдар М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов авторлығымен жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі болатынын айта келіп, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай дейді: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді – екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады».
Профессор А. Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүредi, оның бірі – жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың өкілдері ғана, сауатты байлар мен қожа – молдалар ғана пайдаланған «түркі тілі», яғни «кітаби тіл».
Ғалым Т.Қордабаевтың «әдеби тіл» жөніндегі пікірі ғалым С. Аманжоловтың пікіріне жақын, бірақ айқын емес, екіұшты мағынада қалып қойған. «Қазақ тілінің әдеби тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, - дейді ғалым Т. Қордабаев, - оның негізі өткен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қалана бастағанымен, тағы да, тек совет өкіметі тұсында ғана жеткенін көреміз»
Әдеби тіл мәселелерімен көбірек айналысқан ғалымдардың бірі – Қ.Өмірәлиев. Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: «Қазақ әдеби тілі тарихы, қазақ әдебиеті тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни қазақ әдеби тілі тарихы қазақ әдебиеті тарихының өзгеше үлгіде баяндалуы ғана». «Әдеби тіл дегеніміз әдебиеттің өзі деп тұжырымдайды. Осы ойының дұрыстығын дәлелдей түсу үшін ол В.В. Виноградовтың «әдеби тілді зерттеу, бұл сөздің кең мағынасында, әдебиетті зерттеумен тығыз байланысты», - деген пікіріне сүйенеді. Қ.Өмірәлиев Абайға дейінгі тілді ауызша әдебиет тілі деп атайды». Әдеби тілді жазбамен ғана байланыстыру бар халықтар үшін шартты емес дейді де, ол әдеби тілге мынадай анықтама береді: «Әдеби тіл – кең мағынада алғанда ауызекі сөйлеу тіліне қарама – қарсы тұрған, өзіндік жүйе – желісі, тақырыбы, формасы бар және өзіндік айту тәсілдері мен үлгілері, сөз өрнектері бар бір бүтін творчестволық туындының тілі, әдеби тіл – жеке бір индивидтің ақиқат жайды өз көңілінше ой қортындысынан, пікір түйіндеуінен өткізіп барып, өзгеше бір үлгі – формада беру тілі». Ал,тіл ауызша негізде жасала ма, я жазбаша формада жасала ма? – ол шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет