Қазақ Әдебиеті бөлімінің білім алушыларына кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда «диуани хикметтің» маңыздылығЫ



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата05.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#60477
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
611-Текст статьи-2650-1-10-20221228

 


Материалдар және әдіс-тәсілдер 
Бұл зерттеу жұмысында тәжірибені зерттеу, ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттерді талдау және Синквейн әдісі сияқты әдістер қолданылды. 
Тәжірибелік оқыту әдісі – бұрыннан қолданылып келе жатқан 
педагогикалық зерттеу әдісінің бір түрі. Кең мағынада бұл тарихи тәрбиелік 
байланыстарды орнатуға және білім беру жүйелерінің ортақ және тұрақты 
белгілерін анықтауға бағытталған ұйымдастырылған оқу қызметі. Ұзақ уақыт 
бойы қолданылып келе жатқан педагогикалық зерттеудің бұл әдісі нақты 
мәселелердің шешімдерін талдау және оларды жаңа тарихи жағдайларда 
қолданудың орындылығы туралы қорытынды жасау үшін қолданылады [4]. 
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау зерттеудің ең қолжетімді және 
сонымен бірге көп уақытты қажет ететін әдісі болып табылады, өйткені ол 
орындаушыдан жоғары тиімділікті және таңдалған зерттеу тақырыбына 
қатысты оқылғанды сыни тұрғыдан бағалай білуді талап етеді. Бұл әдіс 
әдебиетпен жұмыс істеуде белгілі бір дағдыларды қажет етеді: жұмыс 
жоспарына сәйкес үзінді жасау, конспект жүргізу, материалды топтастыру [5, 
42 б.].
«Синквейн» әдісі – кез келген шет тілін оқытуда әдебиетті пайдалана 
отырып, белсенді оқыту әдісі [6]. Синквейн — сын тұрғысынан ойлау 
технологиясының тәсілі, яғни нақты бір тақырып бойынша оқу материалын 
бірнеше сөздермен баяндау және оны терең ұғынуға жету. Бұл тәсілді барлық 
пән бойынша қолдануға болады. Сонымен қатар, мәтінді өз ойын қысқа, нақты 
және дәл, тура сөздерді қолдану арқылы түсіндіруге үйретеді. Синквейн сөз 
қорын байытады, қысқа түсінік айтуға дайындайды, идеяны тұжырымдауға 
үйретеді [7]. 
 
Нәтижелер мен олардың талқылануы 
Кәсіби бағытталған шет тілін оқыту – заманауи инновациялық тәсілдерді 
қажет етеді. Ондай тәсілдерге кейс-стади, симуляция, рөлдік ойындар, 
жобалау, сыни тұрғыдан ойлау технологияларын жатқызуға болады. Әр салаға 
байланысты шет тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Экономика мен 
бизнес саласында білім алып жатқан студенттерге оқу үдерісінде кейс-стади 
мен симуляция әдістерін қолданған абзал. Себебі, берілген тақырыпқа сай 
кейстер құрастырылып, сыни ойлау арқылы олардың шешімдері анықталады.
Оқу жағдаятының проблемасы мен оның шешу жолдарын анықтай отырып, 
білім алушылар қажетті дағдыларын дамытады. Ал әдебиет саласында білім 
алып жатқан шәкірттерге шет тілін үйрету - басқа мамандық иелерімен 
салыстырғанда әлдеқайда жеңілірек болып келеді. Себебі тіл мен әдебиет бір-
бірінен ажыратуға келмейтін біртұтас ұғымдар секілді. Шет тілдерін оқытуда 
көркем шығарманы қолдану өте маңызды болып табылады. Өйткені әдебиет 
білім алушыларға көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, фразалық 
етістіктерді, мақал-мәтелдерді және дәйексөздерді меңгеруге көмектеседі [8]. 
Шынында да, ағылшын тілін оқытуда көркем мәтінді пайдалану қиялды 
оятады және студенттерге топтық талқылаулар мен жеке зерттеулерге 
мүмкіндік береді. Әдебиетті –тіл (сөздер, тіркестер, нақыл сөздер, мақал-


мәтелдер т.б.) жасайтыны белгілі, яғни «әдебиет – тілдің одақтасы» болып 
табылады. Оның үстіне әрқайсымыз әдебиетті күнделікті өмірде 
пайдаланамыз, әдебиет арқылы біз оқуды, тыңдауды, аударуды және сөйлеуді 
үйренеміз. Әдебиет – ескі салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды танытатын 
құрал. Әдебиет – тіл үйренудің құнды ресурстарының бірі. Тіл үйретуде 
әдебиетті пайдаланудың артықшылығы – білім алушылар мәдени ақпарат 
алады, ел мен халық туралы түсінігін кеңейтеді, мәдениетті, қоғамды және 
идеологияны түсініп, бағалау мүмкіндігіне ие болады, өздерін ынталандырады 
және интеллектуалдық жағынан дамытуға тырысады.
Бұл зерттеудің мақсаты – ағылшын тілін оқыту үдерісінде «Диуани 
Хикметті» Синквейн әдісі арқылы оқытудың маңыздылығын зерттеу болып 
табылады. Яғни зерттеу барысы арнайы кезеңдерден құралды: бастапқы 
(дайындық) кезеңі, оқу үдерісі кезеңі және қорытынды кезең. Әрбір кезеңнің 
өзіндік мақсаттары белгіленіп, білім алушылар оны толығымен орындауға 
тырысты. Қысқа мерзімді экспериментке «Туран-Астана» университетінің 
«Қазақ тілі және әдебиеті» оқу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан
білім алушылары қатысты.
Дайындық кезеңі зерттеуге сәйкес идеяларды қалыптастыру және 
ұйымдастыру үшін маңызды болып табылады. Сондықтан бұл үдеріс 
барысында білім алушылар оқу мақсатымен танысты. Яссауидің сопылық 
поэзиясын және Синквейн әдісін талқылады. Оқу үдерісі кезеңінде шәкірттер 
оқылым, жазылым, тыңдалым және сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған 
тапсырмалармен практикалық жұмыс жасады. Қорытынды кезеңде зерттеу 
нәтижесінің деректері жиналды, білім алушылар арасында сауалнама 
жүргізіліп, ағылшын тілі сабақтарында әдебиетті пайдаланудың қаншалықты 
тиімді екендігі анықталды.
Сурет 1 - «Диуани Хикмет» жинағын қолдану арқылы ағылшын тілін оқытудағы маңызды үш 
кезең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет