«Қазақ әдебиеті» пәні 4-тоқсан БЖБ №1 Бөлім «Қиял мен шындық» Сыныбы:8 Шығарма: Т.Ахтанов «Күй аңызы». Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ»
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу ;
8.2.1.1-композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әдеби шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық ерекшелігін көрсетеді;
• Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану
1-тапсырма. Ойыңызды жеткізіңіз. «Қарағым Оразымбет, маған ергеніңе жыл болып калды. Құлағың сақ, қолың жүйрік жігітсің. Түбі, жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе!» деген Естеміс сөзінен нені аңғаруға болады?
2. Шығарманы ұлттық мүдде тұрғысынан ашуға тырысыңыз. «Күйшінің саусағы домбыраның сағағына таман келіп, безек қағып, күй аз бұлқынып, жоғары өрледі де, суырылып барып асқақтап жүре берді». Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осыншама тебіреніп жазды?
2-тапсырма. «Айдағы жасырынбақ» шығармасындағы сюжеттік құрылымын анықтап жаз.