11
Дескриптор
Білім алушы
- риторикалық сұрақтар арқылы автордың көңіл-күйін анықтайды;
- автордың ойын түсіндіреді.
Оқу мақсаты
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы
көрінісін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарма оқиғасындағы автор бейнесін анықтайды
Жоғары
деңгей дағдылары
Тапсырма
А.Құнанбаевтың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңіндегі риторикалық сұрақтарға
талдау жүргізіңіз.
Риторикалық сұрақтар
Автордың көңіл-күйі
Айтқысы келген ойы
Сол қасқырша алақтап түк
таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел
кеткен бе?
Берген бе тәңірім саған
өзге туыс?
Шарықтап
шартараптан
көңіл сорлы
Таппаған бір тиянақ неткен
қуыс?
12
Дескриптор
Білім алушы
-
жарлай арнау, риторикалық сұрауды анықтайды;
- көркемдегіш құралдың қолданылуын көтерілген мәселемен,
авторлық мақсатпен, негізгі идеямен байланыстырады.
Оқу мақсаты
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш
құралдардың орны мен
қызметін талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын
анықтайды
Қолдану
Тапсырма
А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі
айшықтауға талдау
жүргізіңіз.
- Автор өлеңді кімге қарата жырлаған? Бұлай жырлауының мәні неде?
- Өлеңде қолданылған сұраулы сөйлемдердің ерекшелігі неде? Ол арқылы не айтқысы келді?
13
Дескриптор
Білім алушы
- көтерілген мәселені анықтайды;
- қайраттың сөзін талдайды;
-
ақылды жақтап сөйлейді;
- жүректің маңызын түсіндіреді;
- ұсынысын айтады.
Оқу мақсаты
10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау
жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби
және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармада көтерілген мәселеге сүйеніп, шығармашылық
жұмыс жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Төмендегі сұрақтарға сүйеніп, шығармада көтерілген мәселелерді анықтаңыз.
1. Он жетінші қара сөзінде қандай мәселе көтеріледі?
2. Қайраттың сөзін талдаңыз.
3. Ақылды жақтап көріңіз.
4. Жүректің маңыздылығын басқа қандай мысалдармен түсіндірер едіңіз?
5. Үшеуінің айтысын сіздер қалай шешер едіңіздер?
2. Тақырыптардың бірін таңдап әңгіме жазыңыз.
1. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек»
2.
Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.