«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен ДӘрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері



бет16/33
Дата10.12.2023
өлшемі260,05 Kb.
#135902
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақс-emirsaba.org

Көркем шығарманы талдау жолдары

Талдау жұмыстарына әсіресе оқушылардың өз бетімен жұмыстарын көбірек қолдануға болады, онда шығармашылық жұмыс істеуге, әдіби талдау машығын дамытуға мол мүмкіндіктер бар. Тек оларға дұрыс бағыт беріп, қажетті әдебиеттер туралы ұсыныс беру керек: баяндама, реферат дайындау, жоба қорғау – осындай талдаулардың нәтижесін көрсетеді.


Әдеби шолуларда әдеби даму процесі мен сол кезең әдебиетінің жайы туралы қоғам өмірімен тығыз байланыста қарастырылған сипаттама беріледі. Оқушыларға тақырып бойынша әдебиеттер тізімі ұсынылады. Оқушылардың білім аясы өз бетімен ізденумен толықтырылатыны белгілі. Өз бетімен жұмысқа тақырыптар ұсынылады. Сол тақырыптар бойынша оқушылар баяндама, реферат жазып, әдеби талдаулар жүргізеді.
Эпикалық шығармаларды меңгертуде проблемалық оқытудың тиімділігі зор. Проблемалық сұрақтар қою, ситуация туғызу нәтижесінде іздену, зерттеу жұмыстарына негіз салынады. Оқушылардың өз бетімен жұмыстарының ізденістік бағыттылығына, олардағы өзіндік көзқарастар басымдылығына қол жеткізеді.
Проблемалық сұрақтар оқушыларды ойлауға жетелейді. Қойылған проблемаға байланысты әркімнің оны шешу жолдарын қарастыру, өз пікірін дәлелдеу, орнықты аргументтер келтіру, логикалық жүйе мен баяндау шеберлігін жетілдіреді. Мәселені дәлелдеудегі анализ жасау, байланыстару, жинақтау машығы қалыптасып, дамиды. Проблемалық ситуацияларды шешуде ой белсенділігі өте маңызды, әр түрлі болжамдарды ғылыми негізде саралау, жүйелеу қажет. Бұл тұрғыда түрлі ғылыми болжамдар, ой-пікірлердің дәйектілігін дәлелдеу, қайшылықтарды көрсету, арқылы проблемаларды ашуға қол жеткізіледі.
Көркем шығарманың көркемдік құндылығы жан-жақты шығармашылықпен талдау арқылы ашылады. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасаудың жолдарын оқушы толық меңгеріп шығуы керек. Әрбір көркем шығарманың мазмұндық идеялық табиғатын танумен қатар, міндетті түрде оның композициялық құрылымын, сюжеттік желісін аша білу оқушыдан талап етіледі. Сондықтан мұны мұғалімнің өзі жете меңгеруі шарт.
Көркем шығарманы талдау – әдебиет сабақтарында жүргізілетін білімдік және тәрбиелік жұмыстың құрамдас бөлігі және ең маңыздысы. Көркем шығарманы талдау шығарманы практикалық сабақта оқу (үзінділер), үйден оқуға тапсыру, ауызша, жазбаша мазмұндату, жоспарын жасату, мазмұны мен көркемдігін ұғындыруды көздейді. Әуелі мәтінді оқытып, мазмұнын меңгерту – басты шарт. Одан соң мәтінді талдап оқу міндеті тұрады. Бұл тұста кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманың композициясы мен тілін талдау, суреттеу тәсілдерін анықтау, жанрын анықтау, т.б. жұмыстар жүргізіледі. Бұлардың бәрін әдебиетті оқытудың тұтас жүйесі деп қарау шарт. Бұл жұмыстар негізінен практикалық (семинар) сабақтарда жұргізіліп, студенттердің әдеби талдау машығы қалыптастырылады.
Көркем мәтінмен жүргізілетін кіріспе жұмыстарға шығарманың тақырыбы, идеялық, көркемдік болмысы, әдебиет тарихынан алар орны, әдеби сында бағалануы сынды негізгі мәселелер қамтылады. Шығармаға жай, күрделі сюжеттік-композициялық, мінездемелік әр түрдегі жоспар құру, әдеби сұрақтар мен тапсырмалар түзу, т.б. жұмыстар орындалады. Талдау жұмыстарында мұғалімнен гөрі оқушының жұмыстары негізгі орынға қойылады. Мұғалім талдауды ұйымдастырып, тек оған бағыт беріп отырады. Ол үшін әрбір міндетке сай өз тұсында арнаулы тапсырма, өздік жұмыс тақырыптары, жекелеген тақырыптарға баяндама, реферат тақырыптары беріледі Осы жұмыстар сыныпта талқыланып, өзгелер оларға пікір айтып, ой қосып отырады.
Талдаудың арнайы сабақтық әдістері мыналар:
Мәтінді бірлесе талдау – мұғалім басшылығымен жүргізілетін талдау сабағының алғашқы формасы. Бұл әдетте оқушыларды дағдыландыру үшін орта буындарда жүргізіледі. Мұғалім сұрақтар мен тапсырмалардың үлгісін жасап, талдау жоспарын жасап әзірлейді. Талдау үстірт болмауы үшін оны шығарманың жеке элементтеріне, мәтінге негіздейміз. Басты мәселелермен қатар, неғұрлым жеке детальдарды таныту – талдау дағдысының орнықты, айқын болуына көмектеседі.
Баяндама. Реферат. Бұл жоғары сыныптарда жүргізіледі. Олар жалаң сөзге емес, нақты нақты талдауға құрылады. Оған арнаулы сұрақ, жоспар беріледі. Оқушы бірер сөйлеммен кіріспе береді де, тікелей талдауға көшіп, өз ойын үзінді, фактімен дәлелдейді. Бұл белгілі бір компоненттің мәнін, қызметін анықтайтын күрделі жұмыс. Баяндама, реферат шығарма ерекшелігін тануға көмектесетін, пікір алысуға қолайлы болуы керек.
Аралас әдіс. Талдау сабақтары жанрға байланысты түрленіп отыратындықтан, барлық компоненттері бір ғана шығарма үстінде талданбай, бірде анау, бірде мынау элементі басым талданып отырылады. Сол сияқты талдау сабақтарында ылғи бірыңғай әдіс қолданылмай, бірлесіп талдау мен әңгіме, баяндама мен әңгіме әдісі аралас келе береді. Бұл әсіресе көлемді шығармаларға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет