Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



бет63/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
Байланысты:
керек дүние

Оқу-білім, ӛнер тақырыбы қай ғасырда болсын ӛзектілігін жоймайтын мәңгілік дүниелер екені белгілі. Мектеп бағдарламасында кең орын алған тақырыптың бірі оқу-білім мен ӛнер тақырыбы. Әсіресе Абай шығармалары арқылы аталған тақырып кең қамтылған. Оның ӛзіндік себебі де жоқ емес. Абай ӛмір сүрген кезеңде оқу-білім, ӛнер тақырыбын қозғау аса маңызды еді.
Қоғамдық сананы ояту Хакім Абайдың ең биік мақсатының бірі болды. Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ӛкінішті кӛп ӛмір кеткен ӛтіп», «Біреуден, біреу артылса», «Білімдіден шыққан сӛз», «Ӛлең – сӛздің патшасы», «Біреудің кісісі ӛлсе, қаралы – ол», «Мен жазбаймын ӛлеңді ермек үшін», «Ӛзгеге кӛңілім тоярсың», «Кӛңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құр айқай бақырған», «Құлақтан кіріп, бойды алар» сияқты ӛлеңдерінде оқу-білім, ӛнер тақырыбын тереңнен қозғады.
Абай кӛптеген шығармаларында ғылымның мәнін ашып кӛрсетеді, яғни «Ғылымсыз дүние жоқтығын», ғылымның «дүние де ӛзі, мал да ӛзі» екендігін баса айта отырып, оған жетудің жолдарын да ұсынады. Ғылымға жетудің бір жолы — талап, еңбек екендігін
«Еждиһатсыз, михнатсыз,
Табылмас ғылым сарасы» немесе:
«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге» — деп баса айта отырып, мақсатқа бағытталған еңбектің ғана жеміс беретінін айқындай түседі. Ғылымға жетудегі мақсат — алған білімді ӛзіңе ғана жарату емес, сол үйренгеніңді басқаға да үйрету, яғни Абай сӛзімен айтқанда: «Біреу білмей, сен білсең, Білгеніңнің бәрі — тұл» — немесе — «Ӛзің үшін еңбек қылсаң, ӛзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың...», «Әкесінің баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың» деп ӛнер, білімді үйренудің қоғамдық мәнін ашып, оны келешек ұрпақ мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. «Ғылымды ақиқат мақсатпен білмек үшін үренбек керектігін» баса айтады. Абай «Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңінде адамгершілік қасиеттерді:
«Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, кӛнсеңіз» — деп екі жікке бӛле отырып, саралап кӛрсетеді. Бұлар адамшылықтың екі жағы, адам қасиеттерінің екі қыры іспетті. «Адамшылықтың алды — махаббат, ғаділет, сезім. Бұл ғаділет, махаббат, сезім кімде кӛбірек болса, ол кісі — ғалым»— деп, ақын ғылым жолында да адамшылықтың жетекші екендігін аңғартады.
Адам жаратылысында жақсылықтың да жамандықтың да дәні бар. Адамның ӛзін сынға алуы, бойын билеуі — жақсылыққа жетудің де кепілі.
Сондықтан да Абай:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бӛлек» – дейді. Ақын үшін ар, иман, әділет маңызды. Абай оқу-білім, ӛнер үйрену ӛмір атты құрылыста «кетігін тауып қаланудың» бірден-бір жолы деп біледі. Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған ӛнер емес,
Еңбектің бұдан ӛзге бәрі жалған, – деп, жастарға ӛнегелі жол сілтейді.
Абай ӛнер түрлерінің ішінде сӛз ӛнерін ерекше қастерлейді.
Ӛлеңге қойылатын биік талап пен талғамды «Ӛлең – сӛздің патшасы, сӛз сарасы» дей отырып, алғаш ӛлеңнің «қиыннан қиысқан» үздік ӛнер екенін саралап кӛрсетеді. «Қазаққа ӛлең деген бір қадірсіз» деп, сол замандағы ӛнерді мал табудың амалына айналдырған топты сынайды. «Туғанда дүние есігін ашады ӛлең,
Ӛлеңмен жер қойнына кірер денең.
Ӛмірдегі қызығың бәрі ӛлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең», – деп ән құдіретін асқақтатады. «Мақсатым – тіл ұстартып, ӛнер шашпақ, Наданның кӛзін қойып, кӛңілін ашпақ» деген ақын, ӛнер-білім туралы терең таным мен тың ой-түсінік қалыптастырды, үлгілі ӛрнек қалдырды.
Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңінде оқу-білім тақырыбын кеңіте түседі. Абай ғылым, білімді адамшылықтың негізі ретінде таныта отырып, кемел адам болу (толық адам) идеясын ұсынады. Абай ӛзіне дейінгі шығыс ғылымында белгілі болған адам болудың философиялық негіздерін түсіндіреді. «Мұны жазған білген құл – Ғұламаһи Дауани» деп шығыс ғұламасына сілтеме жасайды.
«Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңінде ғылымның қоғам мен адам ӛміріндегі мәнін «дүние де ӛзі, мал да ӛзі» дей отырып, оған жетудің жолдарын ұсынады. Ғылым жолында мақсатқа бағыттылған еңбектің ғана жеміс беретінін айқындай түседі. Ғылымға жетудегі мақсат — алған білімді ӛзіңе ғана сіңіру емес, сол үйренгеніңді басқаға да үйрету, яғни Абай сӛзімен айтқанда: «Біреу білмей, сен білсең, Білгеніңнің бәрі — тұл» – деп ӛнер, білімді үйренудің қоғамдық мәнін ашып, оны келешек ұрпақ мүддесі тұрғысынан түсіндіреді.
Абай Құнанбайұлының «Адамның кейбір кездері» ӛлеңі – ӛнердің сиқырлы жаратылысы жайлы толғам. Абай – сӛз ӛнерін терең зерттей айтқан ақын. Ӛлең – сӛздің патшасы, сӛз сарасы...», «Мен жазбаймын ӛлеңді ермек үшін», «Біреудің кісісі ӛлсе, қаралы – ол» сияқты бір қатар ӛлеңдерінде ақын ӛнер құдіретін зерделейді. Ӛлең жылтыр сӛзбен ғана шырайлы болмайтынын, әділет пен шынайылықты жеріне жеткізе айтқанда, құнарлы ой «сырты алтын, іші күміс сӛз жақсысына» айналғанда ғана ел кӛкейіне қонатынын түсіндіреді. Абай «Адамның кейбір кездері...» ӛлеңін шабытының шырқау кезі 1886 жылдары жазған. Кӛркем сӛз табиғатын түйсінген ақын шығармашылық тұлғаның бірнеше қасиетін бағалайды. Ақынның ар таразысы – әлілет пен ақылы. Ақын қоғам ісіне кӛкірек кӛзімен қарап, халықтың арман-тілегін, мұң-зарын жеткізе алуы керек. Ақын заман абызы сияқты. Арғы-бергіні болжау, дӛп түсіп айту – тек ақындық шабыт қана емес, әділет пен ақыл жемісі. Ақынға жүректің кәусар тазалығы да қажет, рухтың алмас қылыштай ӛткірлігі де қажет деген ой түйеді. Ақын ӛлеңнің туу сәтін бойдан ӛткізіп, түйсіндіре сипаттай отырып, ақындықты «тәңірінің берген» кемел ӛнері деп таниды.
Мектеп бағдарламасында Абай шығармашылығынан қамтылған ӛлеңдердің біразы адамдық мұрат, «толық адам» тақырыптарын тереңдете түсетін сүйікті ұлы Әбдірахманға арналған жоқтау ӛлеңдері. Абай сүйікті ұлы Әбдірахманға бірнеше ӛлең арнаған. «Я, кұдай, бере кӛр...», «Алланың рахматын...», «Тілім саған айтайын...» ӛлеңдері айықпас дертке шалдыққан ұлына тағат таппай қиналғанда хат түрінде жазылған. Ӛлең ӛзегінде әкенің үміт, қайғы, зар үні қатар ӛріледі. Ал, «Кешегі ӛткен ер Әбіш...», «Тұла бойың ұят-ар едің...», «Талаптың мініп тұлпарын...», «Арғы атасы қажы еді...», «Жиырма жеті жасында...», «Орынсызды айтпаған...», «Бермеген құлға, қайтесің...» сияқты ӛлеңдері ӛмірден ерте үзілген сүйікті ұлының қазасына айтылған әке азасы, жоқтау ӛлеңдері деуге болады. Әбдірахманға арналған бұл ӛлеңдердің мағыналық ауқымы жоқтау ӛлеңдерінен әлдеқайда кең.
Автор ӛлеңде ӛз баласы дүниеден ӛткен сәттегі ауыр қайғысын, күйінішін ғана жеткізіп қоймайды, адам бойындағы асыл қасиеттерді барынша жарқырата кӛрсетеді. Білімге құштар, талапты жастың ерте қиылып, жарқын істердің, халық игілігіне қажет дүниелердің ӛліп бара жатқанын күйіне жырлайды. Ақын Әбдірахман бойынан «толық адам» қалпына сиятын барлық қасиеттерді кӛреді. Адам барлық қасиетімен кемел, толық болуы үшін «қайрат», «ақыл», «жүрек» бірлігінің болуы шарт деп түсіндіреді. Әбдірахманның «жүрегі жылы», «бойы құрыш», «туысы жаннан бӛлек-ті», «ғылымға кӛңілі зерек-ті» дей отырып, ақын Әбіштің бар қасиетімен кемел екендігін танытады. Әбдірахман тұлғасының кең ашылуы, ақынның ішкі толғанысы мен қайғы қасіретінің терең екендігін айқындай түседі.
Абай Құнанбайұлының «Талаптың мініп тұлпарын» ӛлеңі Әбдірахман қазасына арналған ӛлеңдер топтамасына жатады. Автор ӛлеңде ӛз баласы дүниеден ӛткен сәттегі ауыр қайғысын, күйінішін ғана жеткізіп қоймайды, адам бойындағы асыл қасиеттерді барынша айқын кӛрсетеді. Білім жолындағы жастың жетекшісі – талап. Талапты жастың еңбекқорлығы қажырқайраттың беріктігінде болса, адами қасиеттері әділетті сүюінен, ақыл, парасатының кемелдігінен деген ой қорытындысына жетелейді. Ақын Әбдірахман бойынан «толық адам» қалпына жататын барлық қасиеттерді кӛрсетеді. Адам барлық қасиетімен кемел, толық болуы үшін «қайрат», «ақыл», «жүрек» бірлігінің болуы шарт деп түсіндіреді. Әбдірахманның «жалғандыққа ермеуі», «кӛкірегін кермеуі» жүректегі иманның бекемдігінде деген түсінік тудырады. Ақын Әбіштің бар қасиетімен кемел екендігін танытады. Әбдірахман тұлғасының кең ашылуы, ақынның ішкі толғанысы мен қайғы қасіретінің терең екендігін айқындай түседі.
Абайдың 1889 жылы жазылған «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» ӛлеңіндегі ой он жетінші қара сӛзімен мазмұндас. «Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті» деп ақын үш қасиетті ерекшелей отырып ӛзіндік болмысын ашады. Әр қайсысының ӛзіндік қасиеттері бар. Мысалы ақылдың нұрлы болуы, қайраттың ыстық болуы, жүректің жылы болуы «толық адам» болудың кепілі. «Жеке-жеке біреуі жарытпайды», үш қасиеттің Абай айтқан нұсқасы кісіде қатар болуы кемелдікке жеткізеді. Абай «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» дей отырып, адамға шыдамдылықты, сабырлқты дарытатын қайрат және ыстық жүрек бірігіп тұтасқанда ғана ғылымға қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды.
Алғашқы шумағы қара ӛлең ұйқасымен, кейінгі екеуі кезекті ұйқаспен жазылған үш шумақты шағын ӛлеңде терең мағына, философиялық тұжырым бар. Абай «толық адам» ілімін «Ғылым таппай мақтанба» сияқты білім, ғылым тақырыбындағы шығармаларында және Әбдрахманға арналған ӛлеңдерінде толықтыра түскен.
Мектеп бағдарламасында Абайдың махаббат лирикасынан бірнеше шығарма қамтылған. «Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар» дегеніндей ақын махаббат тақырыбын тың ӛрнекпен, кӛркем айшықпен, ӛзгеше мағына бере жырлаған. Абайдың махаббат лирикасының жаңалығы мол. Ақын ӛлеңдерінде қазақ аруының кӛркем бейнесін, образын сомдайды. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Білектей арқасында ӛрген бұрым» ӛлеңдерінде қазақ қызының кӛркем портретін, сын-сипатын, болмысын танытады. Абай махаббат тақырыбындағы ӛлеңдерінде адам басында болатын сезім-күйдің алуан белгісі мен кӛріністерін шынайы суреттейді. «Қыз сӛзі», «Жігіт сӛзі» ӛлеңдерінде махаббат ләззаты кӛбірек жырланса, «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің?», «Жарқ етпес қара кӛңілім не қылса да», «Мен сәлем жазамын», «Кӛзімнің қарасы» ӛлеңдерінде махаббаттың азабы, тауқыметі, сағыныш пен күйініш сезімдері «қуатты ойда бас құраған» шебер тілмен кестеленеді. Махаббатқа адалдық, қазақ әйелінің жанының тазалығы, жігіттің саналы, тұрақты болуы ақын ӛлеңдерінің идеялық мазмұнында айқын кӛрінеді. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» ӛлеңдері арқылы жастарға үлгі-ӛнеге, тәлім-тәрбие береді.
Абай лирикасында махаббат тақырыбы қазақ әдебиетінде ӛзіне дейін болмаған дәлдікпен, терең психологиялық күйде, тың сипатта жырланады. «Қызарып, сұрланып» ӛлеңінде құмарлы екі ғашықтың жай күйі қалтқысыз қаз-қалпында, бастан кешкендей терең түйсікпен, сезімталдықпен жеткізілген. Махаббат жүректің ерекше күйі, жан ләззаты деп түйетін ақын, адамның іс-әрекетін жүйелеп тұрған ақыл-ойдың да ұлы сезім – махаббаттың алдында дәрменсіздігін кӛрсетеді. «Жүйрік тіл, терең ой,
Сол жерде қайда едің?
Ғашыққа мойын қой,
Жеңілдің, жеңілдің!... – дейді Абай. Абайдың махаббат тақырыбындағы ӛлеңдері құрылымы, құрылысы, ұйқас түрлері жағынан сан алуан болып келген.
«Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» ӛлеңін Абай 1889 жылы жазған. Абай махаббат тақырыбындағы ӛлеңдерінде адам басында болатын сезімкүйдің алуан белгісі мен кӛріністерін шынайы суреттейді. Адам жаратылысының құралмағы «екі нәрседен: бірі – тән, бірі – жан» деп түсіндіретін ақын «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» яғни ғашықтық сезім жүрек күйі, жан қажеті, «Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол» деп екіншісін кӛбірек тән қажетіне жатқызады. Ғашықтық «нұрына жан қуанатын», үміт үзілсе адамның тұла бойын түгел дерт меңдегендей күй кешетін, ақыл-сананы, жан мен тәнді түгел жаулайтын сиқырлы сезім екенін түйсіне жырлайды. Ақын
ӛлеңнің бастапқы, соңғы шумағын қара ӛлең ұйқасымен, екінші шумағын кезекті ұйқаспен жазған.
Байқап отырғанымыздай мектеп бағдарламасына енген лирикалық шығармалардың тақырыбы алуан түрлі. Тіпті бір тақырыптағы шығармалардың ӛзін тануда, танытуда терең пайым мен ізденіс керектігі байқалады. Лирикалық шығармалардағы пейзаж жанры.
Мектеп бағдарламасына енген лирикалық шығармалардың ішінде бір ғана пейжаздық ӛлеңдердің ӛзінің табиғаты бір-біріне ұқсамайтындай алуан түрлі. Мәселен, 5-сыныптағы И.Байзақовтың «Жазғы кеш» ӛлеңі таза пейжаз1. Кеш кӛрінісін тілдік бояумен салғаны айқын танылады. Шығарманың ӛн бойында пейзаж кірпіш ретінде қаланады. Кеш еді жаздың сұлу нұр тӛгілген, Жібектей жерге жасыл гүл себілген. Кӛк шатыр, Қызғылт теңбіл тақталанып, Жерге кеп алыс аспан тӛңкерілген.
Шымқаған кӛкжиекте қызыл арай, Кӛтерген күн шапағын қызыл тудай. Тарауы сан жамырап, кӛкке самғап, Серпілген кӛк теңізі әрмен қарай.
Иса Байзақов «Жазғы кештің» шапақты тууын «жасыл», «кӛк», «қызғылт», «қызғылт теңбіл» сияқты бояу ӛңдерінің атауымен кӛз алдымызға керемет кештің бейнесін әкеледі. Мұнда пейзаждық бейне түрлі бояулармен, тұтас ӛлең мәтініне реңк беріп тұр. Оқушыларға пейзаждық элементтерді таныту, сӛзбен салынған суреттің бояуын сездіру үшін «Ӛлеңде қандай түс кездеседі?» «Жиі ұшырасатын қай түс?», «Ӛлеңдегі бұлттың түсі қандай?» деген сұрақ қою арқылы анықтауға болады. Пейзажды нақты түстік реңкімен тани алған оқушы бұлттың түсі «қызғылт» екенін тап басып айтары анық. Ал дәл осы ӛлеңді сурет ӛнерімен ұштастырмауға болмайды. Дәл ӛлең мәтініндегі сӛзбен салынғанды суретте тап басып таба білу, тіпті ұсынылған кӛп суреттің ішінен ажырата алу қабілетінің ӛзі оқушылардың ӛнерді түсіне, түйсіне алу қабілеттерін дамытқан болар еді.
Оылайша пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мӛлдір, терең сырларын, сӛздің поэзиялық қасиеттерін жарқырата ашуға ұйытқы болса, екінші жағынан, шығарманың ішкі мазмұнын идеясын байытады.
Ал пейжаздық шығарма делінген Абайдың «Жазғытұры», «Жаздыкүн шілде болғанда», С.Торайғыроватың «Шілде» ӛзіндік ерекшеліктерімен ӛзгеше. Осыған қарап-ақ пейзаж жанрының ӛзіне тән белгілерін тануымызға болады.
Пейзаж кейде жаратылыстың кӛрінісін суреттейді, кейде кейіпкердің басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді, кейде оқиға қандай жағдайда болғанын кӛрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның тікелей

11 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., 102 б.
дамуымен қатынаста болады. Қандай пейзаж болсын бір нәрсеге негізделіп алынады. Пейзаж автордың негізгі мақсатына байланысты болады. Мысалы Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» ӛлеңінде жаздың әдемі кӛрінісін суреттеумен қатар, адамдар әлемінің ӛмір тіршілігін қаз-қалпында кӛрсетеді. Кейде пейзаж оқиғаға қатысушы қаһармандардың басында болған жағдайын кӛрсету үшін де қолданылады.
Мұнар да, мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,– деген үзіндіде Махамбеттің жай-күйін терең таныту үшін салыстырмалы түрде суреттейді.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» ӛлеңін алсақ, мұнда табиғат кӛрінісі мен адам сезімі сабақтастырыла ӛрілген: «Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп... ...Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа.
Ӛлеңдегі алғашқы шумақты оқи отыра кӛз алдымызға табиғаттық әсем пейзажын елестетеміз.
Ӛлеңдегі кӛркем пейзажды құраушы элементтер: «Желсіз түн», «терең сай», «арналы ӛзен», «жарық ай», «қалың ағаш жапырағы» т.б. барлығы жанды әрекетте түн пейжазын кӛріктендіріп, адамның ішкі жан-дүниесімен астасып, табиғат пен адам бір тұтастықта бейнеленеді. Осылайша оқушының қабылдауына әсер етеді.
Кӛркем пейзажды беруде І.Жансүгіров шығармалары ерекше кӛзге түседі. Ақынның мектеп бағдарламасына енгізілген «Ағынды менің Ақсуым» ӛлеңінде ақынның туған жерге деген ыстық сезімі табиғаттың әсем бӛлшегі болып отырған ӛзен суына да жан бітіре түскендей болады. Ақсу ӛзенінің табиғи ерекшелігі ақын жасаған кейіптеу арқылы еркін ашыла түседі1 .
...Тұнжыраған торғын түн
Тӛндім сұлу суына
Таңырқап тау, тас тамсанып, Жымиды жұлдыз мұныма.
Сүмиген сүңгі сұрша тал Шомылды таудың суына. Таймаңдаған тайпақ ай Желегі ме, туы ма!?
Шүйке шарбы бұлтты Қалақай қалды қылмиа. Аспанда, ай алтын құшағы, Қусыра қайың құшады...

11 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 7 сыныбына арналған оқулық. А., 72 б.
Итмұрыны мӛлдіреп, Қабағын түйіп қоңыр күз.
Қарағай, қайың қалтырап,
Талда аңырап әнші құс,
Таста суыр тантырап,
Жазыла есінеп жапан қыр, Маужырар сұлап, балбырап, Даладан, таудан кӛшті нұр, Салбырап, сам жамырап...
Тауды тұман бӛкселеп, Ӛзен тӛлі жамырайды...
Бұл ӛлеңде шебердің назарына ілінген кӛркем детальдар «торғын түн», «тау-тас», «жұлдыз», «сүңгі тал», «тайпақ ай», «шарбы бұлт», «қалақай», «қайың», «итмұрын», «әнші құс», «суыр», «жапан қыр» т.б. «Жалғыз жазғы бір кеште жағалаған жағасын» ақынның назарына ілінген кӛркем бейне ақынның сезімімен жанды дүниеге айналады. Ақын кӛңіл-күйімен «жұлдызы жымияды», «қалақайы қылмиса», аспандағы ай алтын құшағымен сұлу «қайыңды құшады», қайың мен сәуле сүйіседі. Пейзажды жасауда суретші мен кӛркем сӛз шеберінің нысанындағы заттық элементтер ортақ болғанымен, әр шебер оны ӛзінше түрлендіреді, ӛзінше бояумен әрлейді. Кӛркемсӛз шеберінің бояуы кӛркем бейне, кӛркем деталь. Кӛркем пейжаздың фонында автордың ішкі әлемі, сезімі, ой-түсігі мен ӛзіндік құндылықтары бедерлене түседі.
Ӛз шығармаларында пейзажды нысан етпейтін ақын-жазушы сирек. Бірақ сол кӛркем бейнені беруде әр қаламгердің ӛзіндік ерекшелігі байқалады. Мәселен, 5-сыныпта ақынның «Шілде» ӛлеңінде.1 Ән салды таңды мақтап сансыз торғай, Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай.
Шайқалып таң желіне тербетілді. Кӛкмайса кӛзі ілініп тұрған сондай.
Асыл шӛп, жасық шықтың иісі аңқып, Батқандай мелдегінен нұрға қалқып, Күлімдеп кӛктің жүзі кӛңілі шат: Жауһардай күн шығар деп бізге балқып..
Мақтанып қара түнде нұрын шашқан Айдың да ӛлеусіреп түсі қашқан.
Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң,
Бірі жоқ, тәмам жұлдыз бетін басқан...
Жайылып тӛрге қарай таңның ағы, Кӛрінді ауыл – ауыл маңайдағы.
Қарайып, ӛрген сиыр түйеменен
Ауылдың малға толды әрбір жағы.
Ыңыранып қой қотанда таңды кӛріп, Күн шықса, жайылысқа кетпек ӛріп. Тӛбеттер үй алдына жаңа жатты,
Түн бойы қой күзеткен, ұйқы бӛліп...
Осы ӛлең шумақтарының әрқайсысында бір жанды қимыл-әрекет бар. Енді ғана «кел, шық» деп сібірлеп атып келе жатқан таң бейнесін беруде автор «торғайларға ән салдырып, бәйек қылса», «кӛзі ілініп тұрған кӛк майсаны тербеп оятып», «шығар күн үшін кӛктің жүзін күлімдетіп, кӛңіліне шаттық орнатса», «жердің буы мен кӛктің суының кӛкке қарай ұмтылуы», «қамыстар суда күйге билеп, құстар домбырамен ән салып» тұрса алғашқы шумақтарда, енді «шығарын сұлу күннің сезгеннен соң» «мақтаншақ айдың» түсі қашып, «тәмам жұлдыз бетін басқандығы» берілсе, келесі шумақтарда таң атқаннан кейінгі ауыл кӛрінісі беріледі: «ӛрген сиыр», «жайылысқа ӛруге дайын тұрған қотандағы қой» т.б.
Сонымен қатар пейзаждық бейнелерді беруде кез-келген ӛлеңде болсын не прозалық шығармаларда болсын этникалық дәстүрден ауытқымай, белгілі бір тұрмыс күйін суреттеуде ықпал етеді. Осы сӛзіміздің дәлелі жоғарыдағы «Шілде» ӛлеңінің соңғы шумақтарында «таяқты, жалаң аяқ шалдардың тұрып, үйге сүйкенген қойларды ұруы», «бір молданың шәугім ұстап тысқа шығып, арба айналуы», «ауылдағы қисайған қос секілді қара және дара үйге» «Әптиек» пен «Құрандарын» құшақтаған балалардың жиналуы тұтас бір ауыл тұрмысының таңертеңгілік қозғалысын, әрекетін кӛз алдымызға елестетіп отыр. Пейзажды құраушы заттық детальдарды кӛру бар да, оның ӛзіндік белгісін тану бар. Мәселен, «жасық шық» деген бір ғана заттық ұғымның ӛзінен терең мағынаны тануға болады. Неліктен басқа эпитетті емес, ақын «жасық» сӛзін қолданған? Бұл сӛзді тағы қандай тіркесте қолдануға болады? Жаздың түніндегі, әсіресе таң алдындағы шықтың салқын болмай, жасық болуының ӛзі шілде айы түнінің қаншалықты жылы екенін байқата түседі.
Ал С.Сейфуллин ӛлеңдерінде табиғат кӛбінесе кӛтеріңкі кӛңіл-күй әсерімен суреттеледі:
Мен келем тау ішінде түнделетіп, Аймақты күңірентіп ӛлеңдетіп. Астымда ақбоз атым сылаң қағып, Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Ақынның кӛтеріңкі кӛңіл-күйін ӛлеңнің ішіне ӛзі қосыла бойлай отырып, «түн ішіндегі тау» арқылы, сонымен қатар «астындағы ақ боз атының сылаң қағып, құлақтарын елеңдетуі» арқылы жеткізеді.
Лирик, кең құлашты ақынның 6-сыныптарға арналған оқулықта берілген «Далада» ӛлеңінде пейзаж бейнелерін алты жасар асаудың мінезін беруде салыстыра пайдаланған. Ақырды асау- Жаңғырды дала.
Тулады, орғыды асау- Дүбірлеп, күңіренді дала, Қиырсыз дала... Орғыды асау айнала- Дүбірледі айдала.
Асаудың жүйіткіген мінезін әрі қарай жалғастыра отырып, ӛлеңнің ӛн бойына автор ӛзі енеді:
Жаңғыртып кең даланы Салдым күшті дауыспен ән. Әніме қосылды: кең дала, Аққулы-қазды шалқар кӛл, Қамысты-құрақты кӛк ӛзен...
Ӛлеңнің құрылысында асау – кең дала, ақын – кең дала, яғни негізгі ойға оқырманды кең даланың ерке мінезін беру арқылы әкеліп отыр. «Жаңғырған дала», «күңіренген дала», «қиырсыз дала», «дүбірлеген дала» барлығы да бір даланың әрқилы бейнесі.
Сәкен Сейфуллин ӛз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты асқақтата жырлайды. Сондай-ақ ақынның «Ақсақ киік» атты ӛлеңінде «Арқаның Бетпақ деген даласы бар» деп бастап сол даланың «ел жоқ, күн жоқ» бейнесін, «ӛзенсіз, кӛлсіз» шӛл дала келбетін кӛрсетеді1.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды, Ел жайлау, ӛзен яки кӛл болмайды. Бұтасы қу баялыш, қара жусан, Кӛгала бетегелі бел болмайды.
Енді енсіз жатқан айдаланы суреттеп, сол далаға бойлай ішкі құрылысына тоқталып, сол даланы мекендеуші жан-жануарларға, атап айтсақ шӛлдің тағылары құлан, киік жайлы ӛрбітеді: Бетпақта елсіз-кӛлсіз ӛсіп-ӛнген, Жалғыз-ақ құлан, киік шӛлге кӛнген.
Келесі шумақтарда шӛл даладағы шӛптермен таныстырса, Бетпақтың кӛкпек, жусан, шӛбі сұйық, Сол шӛпті қорек қылған байғұс киік.
Әрі қарай киіктің «қап-қара екі кӛзі мӛлдіреген, әдемі екі танау желбіреген» деп кӛріктілігін суреттейді де, ӛлеңнің соңына қарай кеудесіне мергеннің оғы тиген ақсақ киіктің бейнесі, яғни негізгі ой осымен қорытылады да, жапанда жалғыз келе жатқан ақсақ киіктің мүшкіл халі мына шумақ арқылы да аяныштылығын дәлелдей түседі:
Қиырсыз, Бетпақдала... қураған шӛл...
Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай...
Ел қайда? Ел алыста – шулаған ел!
Мағжанның да стиль ерекшелігіне сай табиғат тақырыбындағы ӛлеңдерінде ӛзіндік торығу, күйіну т.б. басымдығы назар аудартады. Атап айтсақ, «Жаралы жан» ӛлеңінде ақын даланы ӛлікке балайды: Сар дала бейне ӛлік сұлап жатқан, Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, ӛзенде жоқ, Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Зерттеуші С. Қирабаев: «Қазақ даласының табиғатын Мағжан таза, пәк күйінде кӛргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды. Табиғатта адам сияқты кейде кӛңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да оны әр күйде суреттейді. Бірде ол дала бетін жапқан жасыл шӛптер мен асқар тау, балдан тәтті сулар кӛрсе, кейде сол даланы кебін оранған ӛлікке теңейді. ...Олар да ойда, сезім де еркін, сыршыл, нәзік, мұңды кӛңіл күйі аралас жүреді»,1 - деп байқатады.
Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Кӛк күңіренеді, мен де кӛктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған
Жер жүзіне нұр беремін, күн берем,– деп ақын ӛзін «таң», «күңіренген кӛк», «қараңғылық», «нұр беретін күн» болып шығады соңында.
Байқап отырғанымыздай кӛркем сӛздегі пейзаждың атқаратын қызметі әралуан. Ол бірде кӛркем шығарма мәтініне бояулық реңк ғана үстеп тұрса, бірде алдағы орындалатын оқиғаларға оқырманын психологиялық тұрғыдан дайындап отырады. Енді бірде автордың шығармаға деген ӛзіндік кӛзқарасын беріп тұрады және мәтін идеясының тұтастай ашылуына арқау болады.
Сондықтан лирикалық шығармаларды оқытудың негізгі ұстанымдары мен бағыттарын айқындай отырып, әр мәтінді талдаудың ӛзіндік жүйесін жасау қажеттігі туындайды. Мұғалім мәтінді талдап тану арқылы автор ойына, болмысына жақындайды. Сол арқылы оқушыларды да дұрыс арнаға бағыттай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет