Есім тұрақты теңеулердің образдары зат есімнен, -дай/-дей жұрнақты сын есімнен және –дай/-дей, -ша/-ше жұрнақты үстеулерден болады да, өз маңайына тұрақты белгілерді үйіріп тұрады.
Теория
Мысалдары:
1) Бір кезде өзінің ата-бабасы жайлаған таудың ұңғыл-шұңғыл, бұта қарағанын бес саусағындай білетін ол, көк тайыншаның қарасы көрінбеген сайын, күдерін үзе бастады. [Оралхан Бөкей «Көк тайынша» 7-бет] (түгел,толық)
2) Ортада отыр Зарлық хан,
Аш арыстандайыңыранып. [«Мұңлық-Зарлық»] (долдану)
Етістік тұрақты теңеулер
Етістікті тұрақты теңеулердің барлығы да есім тұрақты теңеулер сияқты тілдік штампқа айналып кеткен тұрақты тіркестер болып табылады.Бірақ бұлар басқа тұрақты тіркестерден өздерінің теңеулік мағыналарымен ерекшеленеді. себепті де бұлардың бейнелілігі, эмоционалды-экспрессивті басқа тұрақты тіркестерден анағұрлым артық.
Қайратым қара тастай қайда кетті? [Ілияс Жансүгіров. «Күйші»] (мықты)
Толық тұрақты теңеу болу үшін үш мүшелі теңеулік конструкцияның кем дегенде екі мүшесінің бір-біріне қатынасы тұрақты тіркестің қатынасындай болуы керек.Мұндай тұрақты қатынас міндетті түрде теңеудің образы мен белгісінің арасында орнауы қажет.