Қазақ әдебиеттану ғылымындағы ең күрделі саланың бірі абайтану. Се­бебі, ол тек сөз өнерін тану ғана емес, қа­зақ халқының рухын, жан-дүниесін тану



Дата07.06.2023
өлшемі6,46 Kb.
#99439
Байланысты:
абайтану


Қазақ әдебиеттану ғылымындағы ең күрделі саланың бірі – абайтану. Се­бебі, ол тек сөз өнерін тану ғана емес, қа­зақ халқының рухын, жан-дүниесін тану. Абай өз шығармаларында филосо­фия, мораль, дін, жантану қатарлы күр­делі ғылым түрлерін аса шеберлікпен ұштастырып, поэтикалық жолмен берген ғой, сондықтан Абайды жалаң көркемдік тұрғыдан талдау жеткіліксіз болар еді. Салыстырмалы түрде айтқанда абай­тану ғылымында екі бағыт бар. Бірі – Абай­­дың ақындық ортасын тану. Бұл – ақынның өміріне, шәкірттеріне, туыс-ту­ғандарына қатысты деректердің жи­­налуы мен зерттелуін қамтиды. Екін­­­шісі – Абайдың ақындық үлгісін тану. Ақын ойының тереңіне бойлап, поэ­­­тикалық күш-қуатын жан-жақты ба­­ғам­­дау, философиялық ойларын, дү­ние­­танымының қайнар көзін ашу. Осы атал­ған екі бағыттың да негізін салу­шы – М.Әуезов екені баршаға аян. Абай­­дың өмірбаяндық деректерін жи­нау М.Әуезовке қиынға түспегені бел­гілі. Өйткені өзі Абай ауылында туып өскен, ұлы ақынды көрген, ел аузын­да­ғы Абай туралы айтылатын әр алуан сөзге жаста­йынан қанық, көз көрген үлкендерден Абай жайында небір сырға толы әңгімелерді естіген кісі. Бізге жеткен деректер бойынша бала кезінде Абай өлеңдерін жатқа білген көрінеді. Қыс­қасы, Абайдың өмірі, өлеңдерінің табиғаты Мұхаңа жат болмаған ғой. Алайда деректерді жинау қиынға соқпаса да, кеңестік саясаттың қылышынан қан тамып тұрған заманда Абай тура­лы шындықты айту қиямет еді. әр жазушының өзінің жанына жақын тақырыбы болатын болса, М.Әуезов үшін мәңгілік-мәнді тақырып - Абай тақырыбы. Хакім Абай жазушы шығармашылығының өмірлік мән-мағынасына айналды. Абайды тани отырып, Әуезов халық жүрегіне бойлап,халықтың тума талантын, адамгершілігі мен әдемілікке ғашық жанының нәзік иірімдерін , ән-жырының сырын ұғынады. Қалай десек те, Абай қазақ әдебиетінің сан ғасырлық өрлеу-өркендеу жолында өлшеусіз үлес қосып, «алтын ғасырдың» көз жетпес көркем биігі болғандығы баршамызға аян.Абайдың рухани мұралары, Абай әлемі, абайтану тарихы хақында өнімді зерттеу жүргізіп, Абай болмысын, ақын есімін өзекті тақырып етіп, ғылыми айналымға айналдырмаған зерттеуші-ғалымдар кемде-кем. Соның ең бастапқы санатында «Қазақстан үшін екінші Абай» атанған Мұхтар Әуезовтің тұғырлы тұлғасы бірінші тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет