Қазақ әйелдерінің ортасындағы жұмыс туралы біздің керекті мақсұтымыз (пікір білдіру) “Әйел қырық шырақты” деп қазағым бекер айтпаған. Халқымыз әйел адамды сұлулықтың символына балап, «әлемді құтқаратын»
Байланысты: Қазақ әйелдерінің ортасындағы жұмыс туралы біздің керекті мақсұтымыз
Қазақ әйелдерінің ортасындағы жұмыс туралы біздің керекті мақсұтымыз (пікір білдіру) “Әйел қырық шырақты” деп қазағым бекер айтпаған. Халқымыз әйел адамды сұлулықтың символына балап, «әлемді құтқаратын» тартылыс күші бар әдемілікке теңеген. Әйел баласы расында үйдің сәнін де, әнін де жалпы айтқанда берекесін кіргізіп отыратын аяулы жанның бірі. Әйел адам бағасын білгенге – патшайым, бағаламайтындар үшін жай ғана дәрменсіз тіршілік иесі болып көрінеді. Ежелгі тарихымызға көз салсақ, әйел адамның рөлі, статусы әрқашанда жоғары тұрғанын көреміз. Алайда жылдар өте әйелге деген құрметтілік жоғала түсті. Дәл осы нәрсе мақаланың жазылудағы басты мақсаты деп ойлаймын. Автор мақалада бұрынғы мәселелердің қазіргі таңда да көрініс табуына жеке пікір білдіріп, оны қалай тоқтатуға болатынына ұсыныстар жазады. Сонымен қоса, әр заманды талдап, әр дәуірде еркек пен әйелдің рөлін мысалдармен салыстырады.
Отарлық өкіметтің билігі, жүргізген саясаты бірте-бірте біздің менталитетіміз бен ұлттық санамызға кері әсерін тигізіп үлгерді. “Кейінгі ретте ақсақалдар мен билеуші адамдардың көзқарастары қызды сату һәм сатып алу, күйеуі өлгеннен кейін жесір атандырып, артынан әмеңгерлікке беру өзгертілмейтін рәсім болды”- дейді автор. Мен толықтай келісемін. Себебі, баяғының адамдарында отбасылық жағдайда заң қолдану аса қатты маңызға ие болмады. Қыз расымен де тұрмыс құрғысы келеді ме, әлде білім алғысы келеді ме деген сұрақтар оларды мүлде толғандырмады. Балиғат жасына толмай жатып, өзінен 40 жас үлкен адамға тұрмысқа беру секілді көп қиянаттар орын алды. Сондағысы атақ-даңқ үшін, ақша үшін қыз баланың жағдайын аяққа таптап, көз жасына қалуы еді.
Құлдық дәуір басталғаннан кейін, жаппай сауатсыздық басталды. Менің ойымша бұл нәрсенің барлығы сол білімнің жетспегенінен. Тарихқа тағы бір зер салсақ, зиялы өкілдеріміздің өзі орыс немесе басқа ұлттардан оқыған-тоқыған азаматшаларды әйелдікке алған. Себебі, ол кезде қазақ қыздары үйдің тірлігі, бала-шағаның қамы деп отырып қалды. Тіпті әріп білмей, хат танымады. Билікке өз пікірлерін білдіретін мұршалары да болмады. Соғыс басталған күндер де ең ауыр, ең азапты жұмыстарды істеп, еркектіңде қызметін көрді. Үйді де, қара жұмысты да қатар алып жүруге мәжбүр болды. 19 ғасырдың ортасына қарай Ыбырай Алтынсарин сияқты тұлғаларымыздың арқасында сауатсыздықпен күрес басталды. Қазақ қыздары да басқа ұлттың әйелдері секілді өз құқықтарын тануға әрекет етті.
“Мен білетін қазақ әйелі – қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы...” –деп Баубек Бұлқышев жазғандай қазақ әйелі бойына жиған аналық асыл қасиеті мен қоса қоғамдық мәселелерге де өз пікірін айта алғаны, өз орнын қалыптастыра алғаны дұрыс деп санаймын. Қазіргі уақытта зорлық-зомбылық, қыз сату, алып қашу, қыз ұрлау секілді қылмыстық істер өте көп белең алуда. Сондықтан ең бірінші заңды қаталдатып, қыздардың құқықтарын қорғауды күшейткен жөн.