Қазақ әйелі Назира бейнесін кестелеу арқылы талай ойлар айтылады. Роман соғыс алапатына түсіп қалған жас келіншек Назираның атынан баяндалады. Соның көзімен берілетін соғыстың қатал шындығы оқырманды әр түрлі күйге түсіріп, адам тағдырының ойыншыққа ойналғанынақынжылтады. Адамның өмір үшін күресі бас қаһарманның бастан кешкендері арқылы әсері ашылады. Бұл шығармада Назира атты әйелдің өмірін баяндайды.Бастапқыда өмірдегі күңгей жақтарын ғана көріп,жеңгесіне еркелеп, жігіт сүйіп бақытты жүрген бойжеткен Назира еріксіз соғыс жағдайының бел ортасына түседі. Ол күйеуінен айырылған соң басынан көп зорлық-зомбылық,қатыгез заманның әділетсіздігін,еріксіз соғыс жағдайларын көреді.Ол қай жаққа қашпақ болса да алдынан аңталап соғыс шығады.
Әйелге тән әлсіздіктен қаншама шыға алмаса да, барған сайын ширап, қатая береді. Бірақ қиын жағдай болса да,әу бастағы адамгершілігін, инабаттылығын жоғалтпайды. Романда Назирадан басқа да әйелдер бейнесі әр қырынан “Шырағың сөнбесін” романында соғыстың қатал шындығын суреттеумен шектеліп қалмай, адам өміріндегі күрделі құбылыстарды психологиялық тұрғыдан тарқатып бас кейіпкер Назираның апасы айтқан“адам баласы ең алдымен шырағын сөндіріп алмау керек”,- деген сөздері Назираға күш-қуат бере алды.
Махаббат үшін елден жыраққа кеткен басты кейіпкеріміз,қазақ қызы Назира-Отанымыздың Батыс шекарасына жүрген Қасымбек Еділбаевқа ұзатылады.Жаңа ортаға үйренісе бастаған жас жұбайлар енді көндігіп келе жатқанда соғыс басталып кетеді.Жау тылында қалған келіншек өзінің жүкті екенін біледі.Жолдасы жоқ,офицер əйелдері үшін тағдыр салған сан қилы шырғалаң жолдар басталады.Қорғансыз əйелдер жау тылында қалып қояды.Ал ерлері жауға төтеп береді.Бытырап жүріп жан сауғалайды.Ал Назираның қасындағы жол серігі Света жарты жолда қазақ қызын тастап кетеді.Назира орыс ауылдарына кіріп,ел жауының апасы,қартайған әженің қолында құпия қоныстанады.Орыс ауылын қырған кезде де көп қиыншылық көріп,қашып құтылады.Қашып жүріп ұл босанып(Дулат),күйеуі Қасымбекпен кездеседі.Енді партизандар өміріне бас сұққан отбасы неше түрлі қиындықтар көреді.Шығарма осылай жалғасады.
Тақырыптар:
Әйел теңсіздігі
Махаббат тақырыбы
Саяси әлеуметтік
ЕДС
Туған жер