Қазақ елі идеясының Қалыптасуы мен даму тарихы


Ислам өркениеті және «Ел» ұстанымының жаңа



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата10.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#66637
1   2   3
Байланысты:
Қазақ елі идеясының қалыптасуы мен даму тарихы

Ислам өркениеті және «Ел» ұстанымының жаңа
мазмұнға ие болуы. 
Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді.
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын
алады. Қазақ жерінде бел алған ислам бірте-бірте христиан дінінде, будданы, зороастризмді және
жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастайды.Тарихшылардың айтуынша
исламның қабылдану уақыты — 960 жыл. Бұл дерек Бағдат қаласында кездеседі, алайда ол туралы
ешқандай нақты құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде Ислам дінін бірінші Қарахандықтар
қабылдаған. Ол кезде, яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар Қашғарды билеп тұрды, Бұхара
мен Самарқанды жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі 1043 жылы қабылдады . Бірқатар
деректерде түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы X ғасырдан бастау алды десе, бір деректер VIII
ғасырдан басталған дейді, өйткені 751 жылғы Атлах шайқасында мұсылмандардың Аллаһтың
көмегімен жеңіске жетуі түркілердің ислам дінін қабылдауын тездетті.X ғасырдың басында Қарахан
әулетінің негізін салушы Сатук ислам дінін қабылдап, оның ұлы Боғра хан Харуб б. Мұса 960 жылы
ислам дінін мемлекеттік деп жариялады.Ислам діні бірінші кезекте қалаларда жақсы
таралды.Археологиялық зерттеулер нәтижесінде және Құйрықтөбеге жақын жерден Х-ХІ ғасырларға
жататын ең ертедегі мұсылман қабірлері, қаланың орнынан Х - ХІІІ ғасырларда салынған мешіттердің
қалдығы және басқа да ірі қалалардан моншалардың болғандығы дәлелденді. Осы сияқты көптеген
қазба жұмыстарынан ислам дінінің таралғанын айқын дәлелдейтін заттар анықталды.


CHMI | Q4 2020
Ұлттық «Қазақ елі»
идеясының өмірге келуі.


Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед
Хайдар Дулаттың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы
баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде
жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды
билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік
дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи
оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы
туралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ
хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ
хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты
жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды.
Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне
моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін,
құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған.


Қасым хан
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің
баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы
саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы
қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне
қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б.
деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық
территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында
біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-
байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың
шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы
қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу,
Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте
Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін
жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды


footer
Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы
Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай
ханның баласы, атақты Тәуекел хан]ның туған інісі. Есім
хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер,
дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер
Есім» деп ардақтайды.
Есім хан 


1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі
Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен
шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері
таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай
осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол
бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын
Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған
10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып
тиісуге тиіс еді.
Абылай хан


«ЗАР ЗАМАН» АТАЛҒАН
ҚОҒАМДЫҚ ОЙ
АҒЫМЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚ
ЕЛІ» ИДЕЯСЫ.
Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда
жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте,
(Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен,
Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар
заман кезеңі басталды.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман »
жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы
М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды
«Зар-заман» мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.Еркіндікпен
бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және
Мурат сияқты «зар – заман» ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады.Зар–заман мектебінің аса ірі өкілдерінің
бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) «зар – заман» атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан
алынған.Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін, көптеген
қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын, әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын
шығармаларының басты тақырыбы етіп алады.


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет