2-билет
Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру мәселелеріне талдау жасаңыз
. Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ əліпбиінің ғалымдар, тілтанушылар, журналистер жəне жалпы қоғам мүшелерінің талқылауға ұсынылған жобалары беріліп, əліпби нұсқаларындағы кейбір таңбалардың қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Жаңа əліпбиге көшу барысында болатын қазақ фонетикасының өзіне тəн заңдылықтарындағы ұтымды тұстары ғалымдар пікірлері арқылы дəлелденген. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне байланысты емледе қиындық туғызатын мəселелерге қатысты ұсыныстар жасалды.
1 Латын әліппейіне көшу ең бірінші кирилл қаріпіне үйренген халықымыз үшін үлкен ауыртпашылық болғалы тұр себебі 70жыл бойы жазып келе жатқан әліппені бірден латынға үйрету өте қиын тіпті газет журнал оқитын егде тартқан ата әжеміздің ақпарат көзінен хабардар болуына қиындық тудырады.
2 Латын әліппейіне көшкенен кейін барлық маңдайшалар мен құжаттар ауысып барлық іс қағаздарды латын әліппейіне ауыстыруға тура келеді.Бұл мемлекет тарапынан үлкен қаражат талап етеді сондықтан бұлда бір қиындық
Бірақ бұл қиындықтарға қарамастан латын әліппейіне көшу еліміздің қарқынды дамуына үлкен ықпал болары анық
Сингармонизм ұғымына талдау. А. Байтұрсыновтың сингармонизм туралы зерттеуін талдаңыз.
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.
А. Байтұрсынов ерін сингармонизімің негізін ғылыми ізденістер жүргізбеген, оның себебі, біздің ойымызша, ерін сингармонизімінің қазақша сөйлесім процесінің мәні мен қызметінің әлсіздігінде, сондықтан қазақ индивидінің есту қабілетінің (фонологиялық елегінің) айқын қабылдамауында.
«Сингармонизм» терминін тіл білімінде бірінші болып қолданған Х. Досмұхамедұлы. Сингармонизмді (әлем тіл білімінде) тұңғыш болып «дауыстылар гармониясы» ұғымында емес, жалпы «дыбыстар гармонисы» ұғымында түсініліп зерттеулер жүргізілген.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» термиін қолданбаған, бірақ қазақ тілінің әліпбиін жасағанда дыбыс жүйесін зерттегенде «сингармонизм – сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі» ұғымында нық тұрған. Яғни, А. Байтұрсынов пен Х. Досмұхамедұлының сингармонизмді түсінулері, қазақ дыбыс жүйесін зерттеулері бір ғылыми теорияға негізделген.
Қазіргі қазақ тілі фонологиясы А. Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан мынадай ғылыми ұғымдарды қабылдап, дамытты.
1. Сингармонизм – қазақша тілдесінің негізгі қасиеті.
2. Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың).
3. Жуандық – жіңішкелік корреляция (қарама - қарсы).
4. Сингармониялық дыбыс – сөз мағынасын өзгертетін тіл құралы.
5. Поэзия түсінігі (дыбыстың сөз құрамындағы орны, өзінен ілгері және кейін тұрған дыбыстармен қарым - қатынасы).
Осы фонологиялық ұғымдар қазақ тіл білімінде күрделі ғылыми интерпретацияға ие болып, т.б. сингармониялық ұғымдармен, категориялармен, принциптермен қоса зерттеліп, сингармониялық және акцентті – фонемалық теориялардың пайда болып, қалыптасуына ғылыми негіз болды.
Сингармонизм – гректің Sun “бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.
Мәтінді емле ережесін сақтай отырып, латыннегізді жаңа әліпбимен жазыңыз
Tіrі adamnyń júrekten aıaýly jerі bola ma? Bіzdіń qazaqtyń júrektі kіsі degenі - batyr kіsі degenі. Onan basqa júrektіń qasıetterіn anyqtap bіle almaıdy. Raqymdylyq, meıіrbandylyq, ártúrlі іste adam balasyn óz baýyrym dep, ezіne oılaǵandaı olarǵa da bolsa ıgі edі demek, bular - júrek іsі. Asyqtyq ta - júrektіń іsі. Tіl júrektіń aıtqanyna kónse, jalǵan shyqpaıdy. Amaldyń tіlіn alsa, júrek umyt qalady. Qazaqtyń «júrektіsі» maqtaýǵa syımaıdy. Aıtqanǵa kóngіsh, ýaǵdada turǵysh, boıyn jamanshylyqtan tez jıyp alǵysh, kóshtіń sońynan ıtshe ere bermeı, adasqan kópten atynyń basyn buryp alýǵa jaraǵan, ádіlettі aqyl moıyndaǵan nársege, qıyn da bolsa, moıyndaý, ádіlettі aqyl moıyndamaǵan nársege, ońaı da bolsa, moıyndamaý - erlіk, batyrlyq osy bolmasa, qazaqtyń aıtqan batyry - ánsheıіn júrektі emes, qasqyr júrektі degen sóz