WWW.ENU.KZ
ҚАЗАҚ ЕСКІЛІКТЕРІНДЕГІ КИЕЛІ «ЖЕТІ» САНЫНЫҢ
СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ
Қайрбаева А.М.
3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор Ф.Р. Ахметжанова
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Ӛскемен қаласы
Ең алғашқы сандар б.з.д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа
жүгінсек, дерек кӛздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын
айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған деген түсінік бар.
Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты
ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге
бӛлген. Ол ӛз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.
Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның
мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым – сандар ілімін ашқан.
Ол арқылы әр санның шығу тӛркінін, мән-мағынасын, оның адам ӛміріне
деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр
адамның жаны ӛзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол
кодты шеше білген адам ӛз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап
отырсақ, әркімнің ӛзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады.
Біреудің бақытты саны – 13, бақытсыз саны – 9 делік. Мұндайға шын кӛңі-
лімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске
асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, тӛрт
қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cӛйтіп, ол
13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Ӛзіміздегі
«жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары
жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сӛзін талдай білген, әр сӛзіне мән берген
халық. Қазақ үшін әр сӛздің ғана емес, әр санның ӛзіндік қасиеті, шариғатқа
қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны белгілі. Расында қазақ бір санынан
бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, ӛзіне тән ерекшелігін
саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда ӛзіндік мақсаты
мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Қазақ тілінде сандарды әртүрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады.
Мысалы, сандардың ішінен киелі сандарды бӛліп алып қарастыру үрдісі бар,
сондай-ақ сан тӛңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы,
сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, кӛркемдік
ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі
де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І.Кеңесбаевтың
еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған
сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар кӛне замандағы діни
WWW.ENU.KZ
сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды
жасайды [1; 3]. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әртүрлі
мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілуде [2]: Базен Л., Тенишев
Э.Р., Чернышев В.И., Умаров Э.А., Уаңкі М. және т. б. Сан есім мәселесіне
арнап 1927 жылы Ленинград қаласында «Сандарға қатысты тілдік
мәселелер» атты үлкен конференция ӛтті. Бұл конференция ғалымдарды
сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап
айтқанда, дүниетаныммен байланысты зерттеу керектігін түсінгенідігін
кӛрсетті. Конференция негізінде жарық кӛрген мақалаларда «санға
байланысты мәселелер шешуі қиын, ӛзекті, болашақта тынымсыз ізденуді
талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді»
деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды
тілдік тұрғыда зерттеп жүрген ғалымдардың «Сандар тобы» құрылған.
Жалпы түркі тілдеріндегі сан есімдер ХVІІ ғасырдан бері қаралып келеді:
В.В.Бартольдтың сандарға қатысты «Система счисления Орхонских
надписей в современном диалекте» еңбегін де атап кетуге болады. ХІХ
ғасырда жазылған еңбектердің ішінен Г.И.Рамстедтің еңбектерін де айта кету
керек. Рамстедтің сандар саусаққа қатысты шыққан деген тұжырымын
әсіресе бес сан есімінің этимологиясын білекпен байланыстыруын сол тұста
ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта ізденістер жүргізді. Қазақ тіл
білімінде
сандар
І.Кеңесбаев,
Ә.Хасенов,
Ә.Қайдар,
Н.Уәлиұлы,
Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Н.Оралбаева, Т.Сайрамбаев, Ж.Байзақов,
Ф.Ахметжанова, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы, Г.Шаһарман,
Қ.Тажиев,
Қ.Дүсіпбаеваның
еңбектерінде
әртүрлі
аспектілерде
қарастырылды. Жердің жүзін мекендеген халықтар ерте кезден-ақ жеті
санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да
ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-
түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атайды.
Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта
жеті саны 500 рет қайталанады.
Сондай-ақ біздің таным – түсінігімізде ерекше аталатыны: Жеті ата. Бұл –
қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін
таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы ӛзінен бастап жеті атасының
аты-жӛнін білуге міндетті. Ӛйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды,
оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен
жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6.
Түп ата. 7. Тек ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан тӛмен қарай атағанда былайша ататек
жалғасады: ата, әке, бала, немере, шӛбере, шӛпшек, немене. Мұнан соң
туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат,
жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл
халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке
ие.
WWW.ENU.KZ
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті
ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның
айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді ӛсиет, аманат етіп айтып
кеткен. Қазақтар бала, немере, шӛбере, шӛпшек, немене, туажат, жүрежатты
«Жеті пұсты» деп те атайды.
Жеті қазына. Ол жӛнінде түрлі пікір бар. Алайда қазақтар ертеде жеті
қазынаға мыналарды жатқызған : 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4.
Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды
жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің
жары). 4. Бала (ӛмір жалғасы). 5. Кӛңіл (кӛңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ,
береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»). 7. Ит.
Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Қыдыр
(қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратылған
құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. 3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).
4. Денсаулық. 5. Ақ жаулық. 6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-
жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені). 7. Ит. (Адам Ата мен Хауа
Ананың алғашқы серігі).
Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық.
2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Кӛк ӛгіз. 7. Жер. Жаратылыстың
сегізінші қабаты – тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу
тақтасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған
тәңірлер әлемінен тұрады.
Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ
халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым
ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру
арқылы осынау заң жүйесін ӛмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін
қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы
заңдарға енгізген жеті ӛзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар [3; 32-
48].
Жеті жұт. Бұлар: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қы-рылу). 3. Ӛрт. 4. Оба
(ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде ӛлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3.
Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда
сүт жоқ. 7. Жылқыда ӛт жоқ.
Жеті жетім. Бұл жӛнінде мынандай даналық сӛздер бар: Тыңдамаған сӛз
жетім, Киюсіз тозған бӛз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел
жетім. Аққу, қазсыз кӛл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы
қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада
кездеседі: а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир –
Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ. ә) Ләйлі – Мәжнүн,
Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Бәдіғұл,
Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы – Ғайын).
WWW.ENU.KZ
Жеті қат кӛк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш
мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп
жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын кӛрмедіңдер
ме?» (Құран Кәрім, 72-сүре, 14-аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты
атау. Олар: Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһра), Күн, Марс (Миррих
немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі:
ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық
ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.
Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт,
анартас және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп,
Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм
шәріп (Құран). Жеті тозақ: 1. Сағир. 2. Лазо. 3. Сақар. 4. Жахим. 5.
Жаһаннам. 6. Хауия. 7. Хатома.
Ӛлімге себепкер жеті күнә: 1. Тамақсаулық. 2. Жалқаулық. 3.
Нәпсіқұмарлық. 4. Ӛркӛкіректік. 5. Ашу. 6. Қызғаншақтық. 7. Сараңдық.
Әлемнің жеті кереметі. Алғашқы жеті керемет: 1. Египет пирамидасы. 2.
Вавилонның аспалы бағы. 3. Ертедегі Артемида храмы. 4. Олимпиядағы
Зевстің мүсіні. 5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 6.
Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған
мүсіні. 7. Александрия маягі.
Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет: 1. Рим колизейі. 2.
Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар. 3. Қытайдың
ұлы қорғаны. 4. Англиядағы алып тас қорған. 5. Италиядағы Пиза қисық
мұнарасы. 6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара. 7.
Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.
Жеті континент. Олар: Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа,
Солтүстік және Оңтүстік Америка.
«Жеті саны – бақытты сан, ол – адамзаттың сүйікті саны». Кӛп халықтың
түсінігі осындай.
Қазақ халқында 7 саны – ерте замандардан киелі сан болып есептеледі.
Ол дегеніміз – 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің
7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы
жұлдызы т.б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз…т. с. сияқты
болып кездеседі. Бастапқыда балалар қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске
түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен
кейін тойлап, адам дүниеден ӛткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін ӛткізеді.
Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі.
Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім ӛз жанында жайсыздық сезінетін
болса, ӛзінің немесе жақындарының ӛміріне қауіп тӛніп тұрғанын сезініп,
киелі жұма күні – 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру
керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам
«Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Ӛлі разы болмай, тірі
байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса
адамның ӛмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген
WWW.ENU.KZ
мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан
болып есептеледі.
Ақыртас жӛніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы
кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті тӛбе пайда болған. Ал,
«Алпамыс батыр» эпосында Байбӛрі мен Аналық бір бала кӛтеру үшін
дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп
армандарына жеткен…
Иә,шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар ӛте кӛп
кездеседі. Ал,тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама
десеңізші!
Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың
жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек.
Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», – деген қағидасын ұстанған
абзал.
Пифагор болса: «Әр сан ӛзіндік ерекшелікке ие» деген екен.
Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің ӛз еркінде. Басқа
ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін.
Дей тұрғанмен, әр санның адам ӛмірінде белгілі бір маңызға иеленетінін
жоққа шығару оңай емес.
Пайдаланылған әдебиет
1.
Кеңесбаев І. «Жеті», «үш», «тоғыз», «қырық» пен байланысты ұғым //
Қаз. ССР Ғылым акад. Хабарлары. Филология сериясы, 1946, 4-шығар., 3-14
б.б; Сол автор. О некоторых особенностях фразеологических единиц в
казахском языке // Известия АН Каз. ССР. Серия филологическая. 1934, вып.
1-2, с.6-27; Сол автор. Қазақ тілінің идиомдары мен фразалары туралы //
Халық мұғалімі, 1946. - № 1-4; Сол автор. Қазақ тілінің фразеологиялық
сӛздігі. Алматы: Ғылым, 1977. – 712б.
2.
Елешова А. Кейбір сан есімдердің фразеологиялық тіркестер
құрамындағы семантикасы жӛнінде // Қаз. ССР Ғылым Академиясының
хабарлары. Филология сериясы. 1983.-№ 1 -31-37б.б. Чернышев В.О. О
стержневых именах числительных в русском и казахском языке // Известия
АН Каз. ССР. Серия филологическая, 1946. -№ 4-с.47-52. Ғабитханұлы Қ.
«Жеті» саны қайдан шыққан?// Зерде, 1994.-№5. Мұқанұлы Қ. Әлімсақтан
«қырық сақ» // Zaman-Қазақстан, 1996.-№2. Кенжеахметұлы С. Қазақтың
салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы, 2010. – 384б.
3.
Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. Қасиетті сандар қатысқан қазақ
ескіліктері. Ғылыми басылым, Ӛскемен: ШҚТУ Баспасы, 2001. – 112б.
Достарыңызбен бөлісу: |