Қазақ филологиясы кафедрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет89/126
Дата10.05.2022
өлшемі1,06 Mb.
#33919
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
Байланысты:
аза филологиясы кафедрасы 5В011700 « аза тілі мен дебиеті»

Поэтикалық фигуралар.

Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл – айшықтау, яғни фигура (латынша келбет, бейне) – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшық пен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.

Айшықтаудың (фигураның) түрлері көп, біз солардың бірнешеуін ғана мысал ретінде ұсынамыз.

Мыс, солардың бірі арану – адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қату, олармен іштей кеңесуі. Арнауды А.Байтұрсынов жарлай арнау, сұрай, зарлай арнау. Кейін бұл үлгіге айналды.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз ауызыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың…

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі Дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың…

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.

(Абай)
Бұл жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.

- Шырағым-ау, шашың неге ағарды?

Әлде біреу кемітті ме бағаңды?

Сенің қара тұлымыңды сипаған,

Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды?

- Тентегім-ау, мұртың неге қыраулы

Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?...

(Қ.Бекхожин).


Бұлар – сұрай арнаудың үлгілері: ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Орай да борай қар жауса, Қаптай соққан боранда

Қалыңға боран борар ма? Қаптама киген тоңар мА?

Туырлығы жоқ тұл үйге Ту түбіне тұлпар жығылса,

Ту байласаң тұрар ма? Шаппаған нәмәрт оңар ма?

Бұлар да – аранаудың үлгілері; бірақ мұндағы өзгешелік – арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, аранаудың өн бойында өзінен-өзі анықталып жатыр. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік, яки риторикалық (грекше ділмар) – айшық деп атайды.

Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы.

Жылқысын көптігінен баға алмайды.

Өлгені Төлегеннің рас болса,

Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!
Жібектің зары, зарлай арнаудың үлгісі.

Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Жай қайталау, еспе қайталау үлгілері


Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім.

Мен де айрылдым елімнен.

Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

(Махамбет)


Бұл еспе қайталаудың үлгісі. Мұндайда ой мен сыр шынында да бір түрлі есіле тйдектеп, еселеніп кледі де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады.
Ұйқыдан соң-

Жапырақпын

Жаңбыр шайып жаңарған.

Ұйқыдан соң-

Құспын

Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған.

(С.Мәуленов)

Бұл - әдепкі қайталаудың, яғни анафораның (грекше биікке шығару) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолы немес әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады.


Күншілдер өледі Сұлулар өледі

Көңілін от қарып: Құшақта тұншығып.

Батырлар өледі: Арғымақ өледі

Борышын атқарып. Артында шаң қалып:

Бұзықтар өледі Ақындар өледі:

Пышаққа құлшынып: Бәріне таң қалып!

Бұл – кезекті қайталаудың , яғни эпифораның (соңынан алып жүру) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.

Фигураның бір түрі – шендестіру, яки антитеза (грекше қарама-қарсылық) – бір-біріне керреағар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылысттың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету.

Мысал үшін «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа:

Қара жерге қар жауар

Қарды көр де, етім көр.

Қар үстіне қан Тамар

Қанды көр де, бетім көр,-

деп тақапақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немес Абайдың «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен бүркіттің арпалысын суреттеп:

Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар – аппақ, бүрікт – қара, түлкі – қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға,-

деп жазған жақсы жолдары шендестірудің үлгісі.


Фигураның бір түрі – дамыту, градация (латынша бірден-бірге күшейте беру) – алдыңғы сөзбен соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсі. Мыс, «Қобыланды батыр» жырындағы Бурылдың шабысы.

Шырағым, Бурыл шу! – деді.

Құбылып бурыл гуледі.

Табаны жерге тиемді.

Тау менен тасты өрледі.

Төрт аяқты сермеді.

Құлақтың түбі терледі.

Тер шыққан соң өрледі

Адырды көзі көрмеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі…

Градациялық мұншалық қызық әсерлі өлеңдегі секілді прозалық шығармаларға да өзгеше рең береді. М.Әуезов өз эпопеясында дамытудың дәл осы қасиетін біліп қолданған:
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып, тарап жаты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып тарады. Бұл атырап, бұл сахара бұрын естімеген сарын есті. Ғасырлар бойы жұмбақтай үнсіз сұрақпен мелшиіп, мүлгіп тұрған далаға жел қанатымен жырдай жауап есті: Игі желдей… Жыл жетерін білдіретін көктем желіндей есті… Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып, көшіріліп, әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жаты. Даланың қоңыр желіндей, жай соққан самалындай лүпіп-толқып, тобықты жайлауларын түгел шарпыпөтті. Сырттағы Крейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы қаркесекке, Қуандыққа да кетті. Аягөз, Тарбағатай, Алтай, Наймандарына да жетіп жаты. («Абай жолы»).
Проф. Е.Ысмайлов градацияны 2 түрге бөледі. 1. Түйдектеу,2. Баяулату.

Түйдектету.



Адам ол – қайғырымпаз, қуанымпаз,

Жиіркенімпаз, сүйенімпаз, уанымпаз.

Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз.

Керкетімпаз, тасымпаз, суалымпаз.

(С.Мұқанов)

Баяулату:

Әм жабықтым, әм жалықтым,

Сүйеу болар қай жігіт,

Көңілден кеткен соң тынным?

Әм сүйіндім, әм түңілдім,

Үнемі неткен үміт,

Өткен соң бар жақсы жылым?

(Лермонтов - Абай)

Кейде бұл екеуі қатар жүреді.

Фигураның бір түрі – сөз орнын ауыстыру, яғни инверсия (латынша орын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматиклық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.

Мыс: Сен құрметте оны!



Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

(Ә.Сәрсенбаев)

Осы өлеңді әдеттегі заңды тіркестер тәртібімен құрсақ, былай болар еді: Ол аяғын тізіден кесіп, ақшаға сатқанжоқ; қолтықтағы ұзын таяғын еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, түсіндің бе, қарағым? Сен оны құрметте! Ал ақын осы тіркесті инверсия айшығына салған.

Фигураның бір түрі – сөз тастап кету, яки эллипсис (грекше – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.

Ақ көбігің… ақ жүзің Сол майдандар… қатты айқас

Айнам еді бір қарар Есіңде ме, ер Айдар?

Өткізген түнім… күндізім… Өшкен құрбан… аққан жас…

Тербентер мені, ой салар. Өтті жылдар… көп айлар…

(Ж.Сайн)

Эллипсис кейде эвфемизмнің орына да қолданыла береді: кейбір былапыт сөздерді бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетсе де түсінуге болады: Мыс:



- Шап, әкеңнің… - дедім мен оған ақырып («Мөлдір махаббат»).

Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яки параллелизм (грекше қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Мұның түрлері көп.



Көк ала бұлт сөгіліп

Күн жауады кей шақта

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта.

Жауған күнмен жаңғырып,

Жер көгеріп, күш алар.

Аққан жасқа қаңғырып,

Бас ауырып, іш жанар.

(Абай)

Бұл – адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра енгіздеудің, яки психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі.


Қыңыр болды не керк, - болайн деп болды ма?

Бір үн болды керемт, - болайн деп болды ма?

Бұл синтаксистік параллелизмнің бір үлгісі. Егіздеудің бұндай түрлері де ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нәтижесінде өлеңге кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.


5 дәріс сабақ. Тақырыбы: Өлең құрылысы.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет