ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
5В020500-Филология: қазақ филологиясы
1-курс студенті
Егемберді Алтынай Құралбайқызы
06.06-18.06.2022 ж.аралығында өткен оқу тәжірибесінің
ЕСЕБІ
Мен,Егемберді Алтынай Құралбайқызы Университеттің №СБ-687 бұйрығы негізінде 06.06.2022-18.06.2022 жыл аралығында 1-курстағы оқу тәжірибемді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасында өттім. Оқу тәжірибе мақсаттары жергілікті халық тілінен диалектологиялық, фольклорлық материал жинау;Тілдік, фольклорлық оқу тәжірибесі негізінде теориялық білім қорын нақты практикалық міндеттерді шешуде білікті қолдану іскерлігін қалыптастыру; Түрлі жастағы және алуан мінезді адамдармен тіл табысу іскерлігін қалыптастыруға жағдай жасау; Қазақ тілі мен әдебиетінің ұлттық құндылықтарын саралай отырып, тіл білімі салалары мен фольклорды танып, оны практикада сауатты қолданудың жолдарын үйреніп, танымдық, философиялық, әлеуметтік көзқарастарымызды жоғары деңгейде қалыптастыру болып табылады.Диалектологияның, фольклордың танымдық даму күйін сипаттау, жүйелеу, қазіргі тіл білімі салаларының, фольклордың зерттеу бағыты мен өзекті мәселелерін айқындау болды.
Оқу практикамыз білім беру ұстанымдарын басшылыққа ала отырып,2 кезеңге бөлініп өткізілді. 06.06 күні оқу тәжірибесінің негізгі мақсаты мен міндеттерімен танысу үшін конференция өткізілді. Жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен таныстым. 08.06 күні кітапханаға барып,филология ғылымына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін зерттедім. Мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен таныстым. Болашақ мамандықтың объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, , басқару жүйесімен танысып,оқу орнымыз туралы әлеуметтік желіден ақпараттар іздедім. Болашақ кәсіптік қызметінің түрлері, функциялары және міндеттерімен танысып,өзімнің қандай салада жұмыс істей алатындығымды нақтыладым.
13.06 күні Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне өзге аймақтардан зияратқа келген адамдардың сөйлеу ерекшелігіне үңіліп,диалектілерді жинадым.
Міне ,жазып алынған сөздер:
Текше-сандық
Мәйек-жұмыртқа
Күкірт-оттық
Пияз-жуа
Жаңағы-манағы
Сапал-кесе-үлкен кесе
Кәкпір-ожау
Шекейін-шейін
Қыш-кірпіш
Кепе-жер үй
Тесе-кетпен
Елкезер-елеуіш
Пешене-маңдай
Сым-шалбар
Сыпыра-теріден істелген дастарқан
Кәшек-сабан
Кірлен-леген
Көбе-ерте туған қозы
Көпеш-кеш туған қозы
Жеткеру-жеткізу
Аданас-туысқан
Айлақ-кеме тоқтайтын жер
Ауыт-түйе қамыты
Әйдік-үлкен
Бел-темір күрек
Бойлай-ылғи
Бұйдай-бидай
Бүйде-бұйда
Дулыға-нар өркешінің биік қыры
Жалт-найзағай
Жанығу-жан таласу
Жар-қабырға
Жарын-келер жыл
Зымқұйым-зым-зия
Кейінжі-кенже
Көпшік-жастық
Көрім-жаман
Кібіт-дүкен
Қарғын-тасып аққан су
Қылуа-қылық
Мауыздай-еңгезердей
Мәш-мәсі
Мойсапат-дөрекі
Нобайы-түгел
Өтпек-піскен нан
Рабайда-анда-санда
Рә-өте,тіпті,сірә
Тұянадай-тап-тұйнақтай
Шалт-жылдам
Шандоз-әсем,кербез
Ілкі-әуелгі
Баз кешу-күдер үзу
Бараны қашу-үрейі қашу
Беті ақ айран тарту-өңі қуқыл тарту
Дауасын түсіру-дауасын табу
Жан созу-жан таласу
Жүзін қамау-бетін бүркеу
Көзінен жас тимеу-көзінен жас домалау
Көңілі біту-көңілі толу
Күн баю-күн бату
Қадам ұру-қадам басу
Аташ-пойыз
Ауқат-тамақ
Бақуат-қуатты
Бігіз-біз
Дарбаза-қақпа
Датқой-өсекші
Дәке-марлі
Дуал-қабырға
Зілмендей-зілдей
Кәттә-зор,үлкен
Жуалдыз-тебен ине
Кеуірт-күкірт
Леген-табақ
Топы-тақия
Мұттайым-өтірікші,қу
Нам-дымқыл
Таға-нағашы
Шайдоз-қара құман
Жеркепе-жертөле
Қоңсы-көрші
Әулі-есік алдындағы қоршалған алаң
Отырғыш-орындық
Қабыз-нәсіл,ұрпақ
Достарыңызбен бөлісу: |