Қазақ филологиясы кафедрасы Оқу (фольклорлық) практика



Дата23.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#26187
Байланысты:
Фольклорлық практика. Гаратаев Бегарыс


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Оқу (фольклорлық) практика

1 курс студенті



6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті ББ

Гаратаев Бегарыс Сейфуллинұлы




Ақтөбе, 2021 ж.

«Бекітемін»__________

Факультет деканы

Садирова К.Қ.

«___» __________ 20 __ж.


Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары







Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Орындалғаны туралы жетекшінің қолтаңбасы

1

Практика туралы таныстық

24- Мамыр




2

Кітапханадан фольклор туралы мағлұматтар іздедім

25-Мамыр




3

Информантпен байланысқа шықтым

25-Мамыр




4

Информанттан алған мәліметтерді ой елегінен өткіздім

27- Мамыр




5

Барлық материалдарды жинақтадым

29-Мамыр





Практика базасы туралы мәлімет

Практика материалдары алынған елді мекеннің толық атауы (облысы, қала немесе аудан атауы, ауылы) Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы



Студенттің байланыс телефоны: +77777031803

Практика жетекшісі Тәшімбаева Сақыпжамал Жаянқызы


    1. Информант (мәліметті беруші респондент) туралы мәлімет






Информанттың

Т.А.Ә.

Алынған материал (ауыз әдебиетінің қандай жанры)

1

Исмайлов Ережеп Гаратаевич

Жер-су атауларына қатысты туған аңыздар (топонимдік), миф, әпсана, хикаят.



    1. Фольклорлық, топонимдік материалды айтушы автор туралы (деректі беруші бір немесе бірнеше адам болса, әрқайсысы туралы жеке-жеке мәлімет толтырылады)


2.1.

1. Информанттың аты-жөні: Исмайлов Ережеп Гаратаевич

2. Туған жылы, айы-күні: 1960 жылы дүниеге келген

3. Мамандығы, жұмыс орны: Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

4. Информанттың мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

5. Мәлімет жазылып алынған уақыт: 26-Мамыр, 2021-жыл







Студенттің оқу практикасы туралы қорытынды есебі үлгісі


Студенттің Т.А.Ә.: Гаратаев Бегарыс Сейфуллинұлы

Мамандық, курсы, тобы: 6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті

Практика орны (облыс, қала, аудан, ауыл, т.б.): Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Практика барысы: Халық ауыз әдебиеті туралы мәліметтерді білу,ізденіске ұмтылу.

Информанттармен кездесу, әңгімелесу, материалдарды жазба деректерден жинақтау, талдау кезінде қандай әдістер мен амалдар қолдандыңыз? Информанттармен бетпе-бет байланысу мүмкін болмағандықтан, ватсап желісі арқылы хат алмасып, материалдарды жинадым.



  1. Практика барысында әдеби, мәдени, тарихи т.б. ақпараттарды теру қалай жүзеге асты? Ақпараттарды жинау мақсатында «Маңғыстау» журналын, «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау» кітабын пайдаландым.

  2. Практика барысында қандай техникалар қолдандыңыздар, материалды талдауда қандай әдістер пайдаланылды? Практика барысында ноутбук, ұялы телефон пайдаландым.

4. Бұрын баспа бетін көрмеген қандай материалдар таптыңыз? Информант берген барлық ақпарат баспа бетін көрмеген.

  1. Ең қызықты творчестволық істер: Информант берген барлық ақпарат қызықты болды.

  2. Ең қызықты информант ақпараты қандай? Қаражамбас аталуының себебін білуім.

  3. Практика барысында неге үйрендіңіз?

Мен практика барысында әрқашан ізденіс үстінде болуды. Біз білмейтін ақпараттың көп екеніне көзім жетті. Сонымен қатар фольклорлық туындыларды жазып алып, оларды талдауды үйрендім.Уақытты тиімді пайдалануды түсінгендей болдым.

  1. Жалпы қорытындысы. Ұсыныстар.

Қорытындылай келе, практика ойдағыдай өтті деп айта аламын. Информант маған қолдау көрсетіп, өзі білетін ақпаратты барынша түсіндіруге тырысты. Ақпарат бөлісу онлайн жүзеге асты. Менің айтар ұсыныстарым мынадай:

  • Ел аузында жүрген, бірақ әлі баспа бетін көрмеген материалдарды, әңгімелерді жинап, баспа бетіне шығарса;

  • Ежелгі әңгімелерді білетін үлкендер арасынан аталар алқасы, әжелер алқасы құрылса.


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Факультеті филология

Кафедрасы қазақ әдебиеті

Оқу практикасының материалы

1 курс студенті

6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті

Гаратаев Бегарыс Сейфуллинұлы


Ақтөбе, 2021 ж.

Информант – Исмайлов Ережепбай Гаратаевич Маңғыстау өңірінің тумасы. Білімі – жоғары. Қазіргі таңда білім саласында жұмыс жасап жатыр. Информанттан жер-су атауларына қатысты дерек сұрағанымда «Ақтау», «Жаңаөзен», «Құланды», «Қаражанбас» жерлері туралы дерек келтірді.



«Жаңаөзен» қаласы. Бұл жер «Жаңаөзен» деп аталғанымен, шындығында бірде-бір өзен жоқ. Бұл жерден байқайтынымыз, өзен деп жер бетімен ағып жатырған өзенді емес, жер асты байлығы – мұнай көзін, көп қоры бар екенін аңғартады. Сол кездегі қазақ халқы жердің астында да ағып жатқан нәрсені білген.

«Ақтау қаласы». Бұл қала 1992 жылы осындай атауға ие болған. Маңғыстау облысының орталығы. Осы атаудың шығуы жайлы түрлі деректер бар.

Қала 1963 ж. Мұнай газ қазба байлығын игеруімен байланысты пайда болған. Ақтау атауы Каспий теңізі жағасындағы ұлу тастардың үйіндісінен ғасырлар бойы жиналып, сағымдала топталып пайда болған шағаладай аппақ тау жыныстарының түсіне сай қойылған.


«Құланды ауылы». Бұл ауылдың шығу тарихы ерекше. Жалпы жылқы атауының шығу тарихы – құлан. Көп жылқыны құланды дейміз. Кеңес өкіметі кезінде бір ауылға біріңғай жылқыларды, бір ауылға біріңғай түйелерді бағу керек болған. Сондықтан совхоз ашқан. Совхоздың атын не деп қоямыз деп ойланғанда, ауыл ақсақалдары тұрып: «Совхоздың атын «Құланды» деп қояйық,»- дейді. Жұрт келісе кетеді. Мысалы «Ботагөз» дейді. Мұнда біріңғай түйелер болған. Құланды да дәл солай.


«Қаражанбас» Бұл жердің ерекшелігі – мұнай кен орны болуы. Бұл жерде түйелер аунаса, түйенің жамбасы қап-қара болып қалады екен. Демек мұнай – жер бетіне жақын жатқан. Сондықтан «Қаражанбас» аталған.

Міне, мен жинаған мәліметтер осылар. Практика арқылы өз жерімнің шығу тарихын, аталу себебін түсіндім.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет