Қазақ филологиясы


«Де» етiстiгiнiн: бұл тұлғасы сөйлемде ешбiр модальдық реңксiз әлсіз мағынада қолданылады. Ал деді



бет15/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
«Де» етiстiгiнiн: бұл тұлғасы сөйлемде ешбiр модальдық реңксiз әлсіз мағынада қолданылады.

Ал деді eтістігі қалау рай тұлғасындағы етiстiкпен бiрге күрделi етістіктің құрамында жұмсалғанда, де eтістігі өзiнiң лексикалық мағынасын жоғалтады да, өзінің тіркескен етістіктің мағынасына бағынады. Негiзгi етістік жақтық мaғынаны бiлдiруден қалып, тек 1 ­жақта қолданылады. Күрделi етістік -иын/-иiн деді; iс-әрекеттiң басталуға не бiтуге жақын екендiгiн көрсетедi.

- Ақбiлек дуанаға аттай мiнiп келе жатқанына күлерiн де, жыларын да бiлмедi. Әйтсе де көңiлi жайланайын дедi (Ж.Аймауытов). Қамысбай зәрленiп, ату шақырайын дедi (М.Әуезов). Мысалдардан көрiнгендей -йын/йiн дедi, -йын/йiн дептi тіркестері және тағы басқа да тұлғалары сөйлемге сан түрлi модальдық реңк бередi. Бұларда күрделi етістіктер iстi iстеушiнiң жай-күйiн, көңiл толқындарын немесе істі істеуге ынтасын танытады.

Шартты рай формасындағы де етістігінің негізіне –се аффиксінің жалғануы арқылы жасалады. Бірақ, шартты рай жұрнағы де етістігіне жалғанғанда шарттылық мағына бермейді. Мысалы, -Ақбілек өзi жүрейiн десе де, дуана болмай арқалап алды (Ж.Аймауытов). Шалқар десе, шалқар едi (М.Әуезов).

Шартты рай формасындағы де етістігі өзi тіркескен негiзгi eтістікке түрлi экспрессивтi - модальды реңк үстейдi. Бiрiншi сөйлемде ырықсыздықты, екiншi, үшiншi, бесiншi, алтыншы сөйлемдерде ­күшейтпелi мағынаны, төртiншi сөйлемде мүмкiндiктiң шектеулi eкенін бiлдiредi.

Қазiргi қазақ тiлiнде шартты рай тұлғаларына -й + -шi аффикстерi жалғанып, сол арқылы «де» eтістігі модальдық жaғынан анағұрлым реңктi бола түседi .... Шегендеп тастайтындай не басына күн туды десейшi ... (Қ.Жұмадiлов). Апырай десейшi (Ж.Аймауытов).



«Де» етістігіне + -ген, -р, -мек жалғанады да, олар басқа есiмшелi тұлғалармен салыстырғанда жиi қолданылады. - «Ақбілек қайда екен?» деген сөз аузынан қалай шығып кеткенін өзi де байқамай қалып едi (Ж.Аймауытов). Шығасыға иесi басшы деген сол да (Қ.Жұмадiлов).

Де етістігінің есiмше тұлғасы сөйлемде түрлi қызмет атқарады: баяндауыш құрамында келiп, белгiлi бiр жақтың немесе белгiсiз бiреудiң ic-әрекетiн көрсетедi; бастауыш құрамында келiп, алдындағы сөзден сөздiң мағынасын нақтылайды; анықтауыштың құрамында келiп, өзi тipкecкeн сөздiң мағынасын анықтайды. Мысалы, бiрiншi сөйлемде деген тұлғасы анықтауыш қызметiн атқарып, cұpaқтың мағынасын анықтап тұр. Екiншi сөйлемде бастауыш құрамында келiп, өзi тіркескен сөздер тобын зат eciмгe айналдырған. Келесi сөйлемде де eтістігі тұлғасыдаa жұмсалып, баяндауыш қызметiн атқарып, болашақтағы айтылар ойды болжайды. Мысалдағы де eтicтігі -мек формасында келiп, бастауыш қызметiнде жұмсалған, өзiнiң алдындағы сөздердi заттандырып, предикативтiк қатынасқа түсiредi. Соңғы сөйлемдегi тұлғалы де eтicтiгi келiп, толықтауыш болып тұр.

Деген есiмшесi есiмдер сияқты өзгередi, оған септiк, тәуелдiк, жiктiк және көптiк түр жалғаулары жалғанады. - Тоқта, қағынды! Атымды алайын,- дегенге қаратқан жоқ (Ж.Аймауытов). Дәм таттырмай жiбердi дегенді кім естiген (Т.Әлiмқұлов). Деген тұлғасы септiк жалғауларымен келгенде барлық жағдайда заттанбайды. Жоғарыдағы сөйлемдерде барыс септiгi мен табыс септiктегi тұлғасы ғанa заттанып объектiнi көрсетсе, шығыс септiгiндегi (дегеннен-ақ) тұлға үстеуге айналып, көмектес септiгiндегi (дегенмен) тұлға шылауға айналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет