Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет66/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122
Байланысты:
фольклор

қайталау.

Қайталау тәсілі 
ертегіде үш түрлі мақсатпен қолданылады. Біріншісі – қаһарман кездесетін 
қиыншылықтарды күрделендіре түсу, сол арқылы образдың батырлық
 
тұлғасын көтеру үшін; екінші – ретардация, яғни оқиғаны баяулату үшін, 
үшіншісі – ертегінің ауызша таралуына байланысты оның ұмытылмастай 
болып жақсы ұғылып, есте қалуы үшін пайдаланылады.
Көптеген ертегілерде кейіпкердің алдынан кездесетін әр түрлі бөгеттер 
бірнеше рет қайталанып келеді, әсіресе, үш рет қайталанып отыру жиірек 
ұшырасады [29] және әрбір жаңа бөгет бұрынғысынан әлдеқайда қиын әрі 
күрделі. 
Қаһарман осының бәрінен де әрқашан аман-есен өтіп отырады. Мысалы, 
«Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінде кейіпкер алтын мүйізді киік ұстап 
алып, оны ханға сыйға тартады. Сараң хан алғыс орнына оған бірінен бірі 
қиын үш түрлі тапсырма береді. Алдымен баланың өзі алып келген киіктің 
астына қоятын алтын тақты, одан кейін белгісіз елден алтын ағашты, ең 
соңында күн астындағы Күнікей қызды әкелуге жұмсайды. 
Міне, мұндай қайталаулар ертегіде, бір жағынан, кейіпкердің орындар 
ісінің қиындығын көрсетсе, екіншіден, осы арқылы халықтың арман еткен 
адамды ардақтау мақсатын көздейді. 
Ертегідегі қайталаудың басқа бір түрі – қимыл-оқиғаны баяулату үшін 
қолданылатын 
ретардация 
дедік.
 
Ретардация жағдайында бүтіндей 
эпизодтар, кейде тіпті ертегінің бүкіл мазмұны түп-түгел қайталанып 
отырады. Мысалы, «Арман тас» атты ертегіде қыз өлген адамның қасында 
оны тірілту үшін 40 күн, 40 түн отырады. Қыз шаршаған кезде, оны мыстан 
кемпір ауыстырады. Қыз демалу үшін далаға шығады. Осы сәтте өліп жатқан 
жігіт тіріледі де, «сені мен тірілттім» деп айтқан мыстан кемпірге үйленеді. 
Қыз өзінше қалады. Мыстан кемпір қыздың көзін жоюды ойлайды. 
Мыстанның бұйрығымен жігіт қызды өлтіріп, күлге көміп тастайды. Күлден 
ақ ағаш өсіп шығады, кемпір ағашты шауып тастауды бұйырады... Ақыр 
аяғында қыз тіріледі. Жігіт базарға жүрерінде, қыз оған арман тасты әкелуді 
өтінеді. Жігіт әкеліп береді, қыз тасқа барлық өмір тарихын айтады, тас оны 
растайды. 
«Сонда әлгі арман тасты алдына қойып көп сөйлейді: 
– Әй, арман тас! Мен кедейдің жылғыз қызы екенім рас па? 
– Ия, рас, рас! – деді. 
Сонда қыз: 
– Мені әкем молдаға әкелгені рас па? – деді. 
– Ия, рас, рас, – деді қозғалып, шәугімдей болды кеуіп» [30].
Міне, өстіп әрі қарай қыз өзінің басынан кешкен жайттарды түгел 
қайталап шығады. Тас мақұлдайды. Мұндағы қайталаудың мақсаты – 
баяндауды баяулату және сол арқылы ертегіні жадында сақтап қалу. Сондай-
ақ мұндай қайталау оқиғаның тыңдаушыға психологиялық әсерін күшейтеді. 
Ертегілік образ жасауда көптеген ауызекі шығармаларда кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет